?я? дауыссыз дыбыстар (8-сынып)


Бекітемін
Оқу ісінің меңгерушісі
Қазақ тілі.6 «а» сынып.20.10.2014ж.
Тақырыбы:Ұяң дауыссыз дыбыстар.
Мақсаты: дауыссыз дыбыстардың қатысуына қарай бөлінуін айыра білу,ұяң дауыссыз    дыбыстар туралы түсінуіне нұсқау беру.
Дамытушылық:Ойлау,есте сақтау қабілеттерін және ынтасын арттырып, тілін ұстарту арқылы білім сапасын арттыру.
Тәрбиелік:Өздігінен жұмыс істеуге баулу,ойын тұжырымдауға, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдісі:сұрақ-жауап,көрсету,түсіндіру,логикалық жүйені сақтай отырып, өткенді жаңа тақырыппен байланыстыру,жаңа тақырыпты өзіндік жұмыспен пысықтау.
Көрнекілігі:сызба жұмыстар,белгілеу жұмбағы, кесте, деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру.
2.Үй тапсырмасын тексеру,өткен және жаңа тақырыпты байланыстыру.Өткен тақырыптар бойынша қайталауға және жаңа тақырыпты оқушыларға таныстыру.Сұрақ-жауап. 
-Қандай үлкен бөлімді оқи бастадық. Ол қалай аталады?
-Оның аты – дыбыстар.
-Дыбыстар туралы не білесіңдер?
-Олар дауысты және дауыссыз болып екіге бөлінеді.
3-жаттығуды тексеру.
3. Жаңа сабақ.
Біздің бүгінгі сабақтағы мақсатымыз-ұяң дауыссыз дыбыстарды-б,г,ғ,д,ж,з дұрыс айта білу және есте сақтау.
Қатаң                   Ұяң                        Үнді
 
      қ,к,с,т,п,ш           б,д,з,г,ғ,ж              м,л,н,ң,й,р
2- жаттығу. Ұяң дауыссыз дыбыстардың астын сызу.
 3-жаттығу.
1.Жаңа сабақты пысықтау
-Грамматикалық жаттығулар
-Көздерін жұмдыртып, ұяң дауыссыз дыбыстарды ойша жаздырту.Орындап болғандарға,осы дыбыстармен сөз құрастыру.
-Оқушылар құраған сөздер: Білім, дән, ғалым,гүл, заң, жаз.
-Оқушылардың алған білімдерін тексеру мақсатымен деңгейлік тапсырмалар ұсынылды.
Деңгейлік тапсырмалар:1. Дауыссыз дыбыстардың астын сыз.
Кел , балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!
2. Келесі сөздердегі қатаң дауыссыздарды тауып, астын сыз.
Тіл, сабақ, мектеп,Қазақстан.
3.Мына ұяң дауыссыз дыбыстардан басталатын әріптерге екі сөзден жаз.
Б,Д,Ғ,Г,З,Ж
4. Мына дыбыстарды еркін пайдаланып ,сөз құрастыр. Д,ш,а,ғ,п,ж,л.
Ғажап Дала Шағала Аға
Бағалау.
Үйге: ұяң дауыссыз дыбыстары бар сөздерге сөйлем құрау.