Саба?ты? та?ырыбы: Матей к?рші


Сабақтың тақырыбы:«Матей көрші» Б. Немцова
Сабақтың мақсаты:1.Мәтіндегі ойды анықтай білуге ,адамдар арасындағы қарым-қатынастың әртүрлілігін байқауға мүмкіндік беру. Адам бойындағы жағымды, жағымсыз қасиеттердің пайдасы мен зиянын дұрыс тануға жол салу.
2. Көркем әдеби тілдерін дамыту, топтың ойын, идеясын жеткізе білуге баулу.
3. Адами қасиеттерді бойына жинау, қоршаған ортасына деген көзқарасын қалыптастыру,сыныптастарын, достарын, көршілерін құрметтеуге, бағалай білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: суреттер, мақал- мәтелдер, интерактивті тақта.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, диалог.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақтың тақырыбымен танысу
Психологиялық дайындық
Бір-бірімізге күлімдей қарап,алақанымыздағы жылуымызды бір-бірімізге сыйлайық.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
«Сұрақ-жауап» стратегиясын қолдану.
1 топ: 1.Баланың елден үйренген азғана сөзінің мырза болуға жарар ма еді ?
1.Баланың елден үйренген азғана сөзі мырза болуға жарамас еді.
2.Гонзиктің талаптануына қалай қарайсың?
2.Гонзиктің талаптануына оң көзбен қараймын.
2-топ: 1.Гонзиктің тілін ата-анасы неге түсінбеді?
1.Себебі ол өз тілінде сөйлеген жоқ.
2. Өз тілінде сөйлеуден бастартқан баланы ата-анасы қалай емдеді?
2. Баланың басына су құйып есін жинатты.
Ертегі мазмұнынан шыққан қорытынды. Рецензия.
- «Менің көршім». Өз көршілері туралы сурет,әңгімелерімен таныстыру.
3.Жаңа тақырыппен танысу.
А)Қызығушылығын ояту.
Мақал: Жаман көрші-
Ұрыс пен керіс.
Жақсы көрші-
Алыс пен беріс.
Балалар, бүгін біз Б. Немцованың «Матей көрші» атты әңгімесімен танысамыз.
Ойын: «Көршіңді білесің бе?»
Балалар сендер өз сыныптастарыңды жақсы танисыңдар ма? -Парталас көршің туралы не білетіндеріңді айтып бере аласыңдар ма?
Ойыңңың шарты:
Аты: ...
Сипайттайтын екі –үш сөз: ...
Жақсы көретін екі-үш заты: ...
Достары: ...
Мекен-жайы: ...
Көрші деп кімді айтамыз?
Мұғалім сөзі:
Көрші –қоныс ортақ , етене араласып, күнделікті жүзбе-жүз кездесіп, аман- саулық сұрасып жүретін кісілер. Қазақ халқы «Көршіні құдай қосады» деген екен. Жаңа орынға көшіп келісімен ерулік беріп, қоныс тойын жасау дәстүрінде де ең әуелгі ниет-көрші қоландармен танысу болған.
Адамның күні адаммен демекші күнделікті өмірде әркім-ақ көршіні қажетсінеді. Өйткені басына бір іс түсіп қалғанда, бір нәрсе қажет болғанда, ең алдымен көршілерден көмек сұрап жатамыз.
Көршімен сыйластық елдің сыйластығын, көршімен татулық- қоғамның татулығын білдіреді.
Туыстығы бар немесе үйлері бір-біріне жақындар «жақын көршілер» деп аталған. Қамшының сабындай қысқа ғұмырда елмен тату-тәтті тіршілік кешіп, жақсы көрші бола білу көңілдің әрін, тіршіліктің нәрін, өмірдің сәнін келтіріп, адам жанына шуақты сезім ұялатады.
Айналадағы ел жұртпен жарасымды сыйластық өмір сүруге деген құштарлықты арттырады.
Ата –бабаларымыз «Алыс туыстан жақын көршіміз артық», «Атың жаман болса, сатып құтыларсың, көршің жаман болса, қайтып құтыларсың?- деп», үй алмай тұрып, кіммен көрші болатынына мән берген.
Дәл осы тұста «жақсы көршіге қандай адам жетеді?» деген туындауы мүмкін. Оның жауабы көршілердің бір-біріне ыстық ықыласы мен пейілдері.
жақсы көрші
-Жақсы көршідеп қандай адамды айтамыз? Топтастыру.

Сахналық көрініс: «Көршілер».
1.Слайд. Жақсы көршілер.
4.Мағынаны тану.
Мәтінді абзацтарға бөліп , оларға ат қою. Топтар түсінгендерін ортаға салады.
Сұрақ- жауап стратегиясын қолдану.
1 топ : Иозифек қандай бала?
2-топ Иира қандай адам?
1-топ: Матей болған жайды кімнен сұрап біліп алады?
2-топ Иира көршісінің ісі не себептен ашылды?
Сергіту кезеңі.
Чех халқының биі.
5. Ой толғау кезеңі.
1).Мақал- мәтелдер оқу.Оның мағынасын түсіндіру.
«Қас қабағынан белгілі, сараң табағынан белгілі»
Мақал- мәтелдің мағынасын ашу.
2.Мақал-мәтел құрастыр.
Шашылған сөздерден мақал-мәтел құрасытру.
1-топ.Көшпес бұрын,көршіңді сыйла.
2-топ. Отты үрлей берсең,өшіресің.
Көршіңді күндей берсең,көшіресің.
Иираның қылығы қазақ ертегілерінен қандай кейіпкерді еске түсіреді. Ол ертегі қалай аталады?
Екі ертегінің суретін сипаттау. (Салыстыру)2.слайд.
Тақтада жұмыс:
Венн диаграммасын толтыру.




Бекіту: «Кубизм» стратегиясы.
«Матей көрші» әңгімесінің авторы кім?
Саған Иозифек ұнады ма , неге?
Көрші Матей қандай адам?
Иираның қылығы қандай қазақ ертегі кейіпкерін еске түсіреді?
Бұл ертегінің негізгі ойы . / Сараңдықтан аулақ болу/
Иираның жақсы көрші болуы үшін,ол қандай мінез-құлқынан құтылу керек?
Қорытынды.«Бес жолды өлең» стратегиясы.
1-топ: Иира туралы өлең.
2-топ : Матей туралы өлең.
Бағалау.
Үй тапсырмасы:«Матей көрші» әңгімені мазмұндау.
Қырық құдық ауылы орта мектебі
Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: «Матей көрші» Божена Немцова /аударған С.Омаров/
Өткізген: Қ.Маденова
Сыныбы: 4 «А»
2015ж