Та?ырыбы: Тор?ай. Осы саба?та балаларды? тіл байлы?ын арттыру ?шін к?птеген ж?мыстар жасалады.Сіздерге т?жирибе алмасу ?шін б?л саба?ты жіберіп отырмын.


СҚО Тайынша ауданы
«Амандық орта мектебі»КММ
Бастауыш сынып мұғалңмң
Сейпиева Арайлым Хасеновна
Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Торғай. Жүсіпбек Аймауытов
Мақсаты: Жүсіпбек Аймауытов жайлы хабар бере отырып, түсініп оқуға, ойланып сөйлеуге, ойын толық жеткізе білуге үйрету;
сөздік қорын, тіл байлығын дамыту;
мейрімділікке, кішіпейілділікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : аралас.
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, теріп оқу, әңгімелеу.
Көрнекілігі: оқулық, суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Өлеңді жатқа айту. Ақын өзенді қалай суреттеген?
- Ақынның «сарқыраған, жарқыраған, арқыраған» деген сөздері неге қатысты?(өзенге). -----Өзеннің адам өміріндегі маңызы қандай?
-Адамдар неге суды құрметтейді?
-Ол туралы өлеңнің қай шумағында айтылған?
-Өзеннің қандай пайдасы бар?(өлеңге сүйеніп айтып көр.)
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:
Ы.Алтынсариннің 3 сыныпта қандай шығармаларын оқыдың?
- Өзеннің қандай пайдасы бар?
- Сусыз тіршілік бар ма?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі:
1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. Жаңа сабаққа даярлық.
2.Суреттер топтамасын пайдаланып әңгіме құр.
Ү. Жаңа сабақ: Жүсіпбек Аймауытов- қазақтың аса көрнекті жазушысы.
(1889-1931) «Шернияз, Ақбілек, Жаман тымақ, психология және шығармалар жиынтығы кітаптарын жазған.
Оқулықпен жұмыс.Мәтінді түсініп оқу.Әңгіме қалай аталған? («Торғай»).
Торғайдың жан ұшырып шырылдап жүргенін көрсететін жерді тауып оқы.
Өз сөзіңмен мәтінге сүйеніп суретте.
-Жерге түскен торғайдың халі қандай?
Сұр жыланның күш көрсеткен жерін,торғайдың аспанға қалай ұшып шыққанын сипаттаған жерін тауып оқы.
ҮІ.Түсінгендерін тексеру:
Мәтінді бөліктерге бөл.
(Торғайдың шырылы.Сұр жыланның арбауы. Ақбілектің көмегі. ...)
Мәтіндегі өзіңе ұнаған сөз тіркестерін дәптеріңе жазып, жаттап ал.
ҮІІ. Қорыту: Бүгін қандай тақырып өттік?
-Онда не жайлы екен?
Суретпен жұмыс. Суреттен не көріп тұрсың?
Суретке сүйеніп, жыланнан қорыққан торғайды сипатта.
ҮІІІ. Үйге тапсырма:1.мәтінді оқу, әңгімелеу, суретін салу.
2.Бағалау