Заманауи талап?а сай мектеп м?дениеті


Тақырыбы Мектеп мәдениеті
Мақсаты Мектеп мәдениетінің маңыздылығын түсіну
Күтілетін нәтиже Коучингке қатысушылар оқу үдерісін тиімді ұйымдастыру үшін және мұғалім-оқушы-ата-ана құзіреттілігін арттырудағы мектеп мәдениетінің маңызды екендігін түсінеді
Негізгі идея Мектеп мәдениеті - мектеп өмірінің алғышарты
Дереккөздер Бейнебаян «Тілек», «Мәдениет» тақырыбына презентация
Әдебиет:
Интернет желісі
Жаңа форматта білім беру үлгілері. Алматы,2013.Мухамеджанова Н.Б., Мухамадиева М. Н.
Материалдар мен жабдықтар Интербелсенді тақта, ватман, маркер, түрлі-түсті қағаздар, стикер,слайд

Коучинг барысы
Кезеңдері Уақыт Оқытушы мен қатысушының әрекеттері
Сәлемдесу 2мин Коуч қатысушыларды жақсы көңіл-күймен қарсы алады
Сергіту сәті 3-4мин Алдағы жұмыстың нәтижелі болуы мен жағымды атмосфераны қалыптастыру үшін коуч қатысушылармен «Екі шындық, бір өтірік» тренингін жүргізуді ұсынады
Топқа бөлу 3-5мин Қатысушылар коуч ұсынған түстердің (қызыл, сары, көк, жасыл)ішінен өзіне жақын, ұнайтын түсті таңдап алады.Түстер бойынша топқа бөлініп отырып, әр топ өздерінің түсіне байланысты ән орындауы шарт.Мысалы:көк түс – «Көк тудың желбірегені...»
«Мәдениет» тақырыбына презентация 5-6мин Мәдениет туралы түсінік қалыптастыру үшін коуч қатысушыларды «Мәдениет» тақырыбындағы презентация арқылы «мәдениет» туралы теориямен таныстырып, оның мектеп тәжірибесіндегі маңыздылығы туралы әңгімелейді
«Мектеп мәдениеті» постерін құру 8-10мин Коуч қатысушыларға мектеп мәдениеті туралы постер жасап, қорғауды, топтардың бір-бірінің жұмысын формативті бағалауды, мектеп және мәдениет ұғымдарының бір-бірімен байланысына көңіл бөлуді ұсынады
«SWOT талдау» 10-12мин Педагогтар мектебінің күшті жақтары, әлсіз жақтары, мүмкіндіктері мен қауіптері туралы мектеп мәдениеті тұрғысынан қарастырып, талдау жасайды
Сергіту сәті
«Тілек» 2-3мин Коучингке қатысушылардың көңіл-күйін көтеру және жақсы тілек, жылы лебізбен қанаттандыру, сондай-ақ, біраз сергіп, бой жазулары үшін назарларына «Тілек» бейнебаяны ұсынылады
«5:15» жаттығуы 5-7мин Әлдебір проблеманы шешу барысында қатысушылардың сындарлы ойлау жүйесін қалыптастыру үшін коуч «5:15» жаттығуын орындауды ұсынады, яғни қатысушылар өз мектептерінің мәдениетін көтерудің 5минутта 15 идеясын жазып, қорғауы керек.Топ мүшелері берілген ұсыныстарды мұқият тыңдап, осы идеялардың ішінен ең тиімдісін анықтап, белгілеп қою керек. Соңында ең тиімді 3 идеяны таңдап, тақтаға жазып қою керек.
Рефлексия
«Тілек ағашы» 5мин Қатысушылар өткізілген коучингке байланысты өздерінің тілектері мен ұсыныстарын жазып қалдырады.