Математика п?нінен ашы? саба?


Тақырыбы: 5 саны мен цифры.
Мақсаты:  5 санының құрамы туралы оқушылардың білімін қалыптастыру,сәйкес теңдіктерді жазуға және оқуға үйрету. оқушылардың ақыл-ой қабілетін,өз беттерінше
жұмыс істеуін,ізденушілігін дамыту. Ұйымшылдыққа,ұқыптылыққа,тәрбиелеу
Сабақ типі: аралас
Өту әдісі:  ойын-жарыс,сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: суреттер, цифрлар, ойындар.
Сабақ түрі: топтық жұмыс
Сабақ барысы:
1.     Ұйымдастыру кезеңі: Сәлеметсіңдер ме балалар.Бүгін біздің сабағымызға қонақтар келді.
Психологиялық дайындық
3 –слайд-1,2,3 сыныптың іші тып-тыныш
Жалқаулықты тастаймыз
Сабағымызды бастаймыз
Өткенді пысықтау
4 слайд-Енді балалар өткен сабақта біз қандай сандарды өттік, соны еске түсірейік.1,2,3,4
Әр санға байланысты санамақтарды айтып береміз бе? -Санамақтарды айту
5слайд-Тапсырма : 2 топқа бөлу -«Бізге қандай сан керек?»-ЖАРЫСТЫРУ
 - Тақтада жұмыс- «Көршісін тап» ойынын ойнап жіберейік. 4 санының алдыңғы , кейінгі көршісін кім табады? Яғни біз бүгін 4-тен кейін тұратын сан 5 цифрымен танысамыз. 5 ке дейін сандарды кім орналастырып береді екен. 0 1 2 3 4 5
-Дұрыс, балалар. (тақтада жұмыс)
2.Негізгі бөлім:. Шаблондармен есеп құрау.(алмалармен ) себетпен жұмыс
Менің қолымда 4 алма бар еді, оған тағы 1 алма қосылды. Сонда неше алма болды?
Ал енді осы 5 алманың 1алмасын мен 1оқушыға бердім. Сонда неше алма қалды?
Дәптермен жұмыс: 5 цифрын жазу: еденде жазу,ауада жазу,содан соң дәптерде жазу
6-слайд-Ауызша есеп - Теңдікті кім тақтаға жазып береді. Қояндар мен кірпілермен ,себетпен жүмыс.
7 слайд-Сергіту сәті, ОЙЫН «САНДАР ШАШЫЛДЫ»
Геометриялық фигураларды еске түсіру. Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек. Ал енді мына фигураны кім біледі. 5 бұрыш. Неге 5 бұрыш деп аталды екен?
5 бұрышпен таныстыру.
8 слайд-Ойын «Бос терезелерді жап» Монтесорри технологиясы-топтық жұмыс-ватманмен
9 слайд-Ойын –топқа бөлу «Жарыс»: Ал енді балалар, қазір біз 2 топқа бөлініп жұмыс істейміз. Қай топ қатесіз дұрыс бірінші болып шешсе сол топ жеңеді.(ЖҰЛДЫЗ ТАРАТУ)
9 слайд-3.Қорытынды бөлім:
«Ой қозғау»
А)5-тің алдында қандай сан тұр?Аптада неше күн бар?Ал біз неше күн оқимыз?
10 слайд-Қазақ батырларының бес қаруы.(ЖҰЛДЫЗ ТАРАТУ)-неше қару? Кім атап береді?Не үшін арналған?
11 слайд-Сергіту сәті-1,2,3,-біз жин.күш
12 слайд-ЛОГИКАЛЫҚ ТАПСЫРМА :а)Үстел үстінде 3 қияр, 2 сәбіз және 5 апельсин тұр.Үстел үстінде барлығы қанша
көкөніс бар?
ә)Мұз айдыныңда 4 бала сырғанап жүрді. Олардың біреуі түскі тамақ ішуге кетті.Ол бала оралып келді. Мұз айдында қанша бала сырғанап жүр?
13 слайд-Есінде сақта
-Жарайсыңдар, балалар. Осымен сабақ аяқталды.Сендер бүгін сабаққа жақсы қатыстыңдар.Қай топта жұлдызшалар көп екен? Достық жеңді ме?
Мұғалім оқушыларды марапаттайды.

 
 
 
Сабақтың тақырыбы. 5 саны мен цифры.Сабақтың мақсаты: 1. 5саннын екі санның қосындысы түрінде, 5-тен кем санды 5-ке дейін толықтыру, мәні 5-ке тең қосынды, оған кері айырма құрастыруды қалыптастыру.2. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.3. Ауызша жылдам есептеуге тәрбиелеу.Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын.Көрнекіліктер: плакат, сандар кассасы, оқулық, суреттер, сандар.Сабақтың құрылымы: І. Ұйымдастыру кезеңі.ІІ. Өткен сабақтарды еске түсіру.А) Дидактикалық ойын «Сан тастамақ»Ә) «Кім тапқыр?» ойыныІІІ. Жаңа сабақты меңгеру.А) Мұғалім түсіндірмесіӘ) Жұмбақ есепБ) Дәптермен жұмысВ) Сергіту минутыІҮ. Қорытынды.Ү. Мадақтау.Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.Психологиялық сәт. Әрбір іске жауапты,Бала болам талапты.Уәдесінде тұратын,Адам болам салмақты.- Оқу құралдарын алғызып, партада дұрыс отыруларын қадағалау.ІІ. Өткен сабақтарды еске түсіру үшінА)«Сан тастамақ» ойыны алты баланың алдына көрсетіп 0, 1, 2, 3, 4, 5 деген сандарды тастаймын, «Ал балалар қараңдар сандарды ретімен санаңдар» дегенде, балалар ретімен тұра қалу керек.1. Какенкаджиев Абылай2. Какибаева Айша- Ал, қалған балалар сол 0-ден 5-ке дейінгі сандарды кері кему ретімен санап береді. 5, 4, 3, 2, 1, 0Ә)«Кім тапқыр?» ойыны тақтаға мына сандарды іліп қандай сан жоқ екенін тапқызу. мысалы: 0, 3, 5 (жоқ сандар: 1, 2, 4)ІІІ. Жаңа сабақты меңгеру.А) Балалар менің сендерге айтар жақсы, қуанышты хабарламам бар. Ол төрт күннен кейінгі тойланатын Қазақстан Республикасының тұңғыш президентінің сайланған күні. Біз елбасымызды құрметтейміз, сыйлаймыз.- Ендеше бүгінгі сабағымызды қуанышпен, елбасымызға деген құрметпен бастайық.- Аманғазы Ислам мен Мұратова Аяулым Қазақстан Республикасының Президентіне деген құрметін бір ауыз өлең шумақтарымен жеткізгісі келіп отыр екен.- Келесі, сабағымызға оралсақ;Ә) Жұмбақ есеп.Гүлдерге кеп күнара,Қонушы еді 1 ара.Бүгін 4 туысын,Ертіп ертіп келіпті бұл ара.Барлығы қанша ара? (5)Мұз айдында 3 бала,Асыр сап жүр сырғанай.Сырғанамай 2 бала,Жағалауда тұр қарай.Санап айтсақ ойланбай.(5)Б) Дәптермен жұмыс.- 5 санын дәптерге жазу.В) СергітуОң қолымда 5 саусақ,Сол қолымда 5 саусақ.Алақанды ашайық,Бесті беске қосайық.Оң аяқта 5 башпай,Сол аяқта 5 башпай.Бесті беске қосқанда,Болады екен 10 башпай.ІҮ. Қорытынды.- 5 саны нешеден кейін тұрады?- 5 саны нешемен-нешенің қосындысы?- Кімнің жасы 5-те?Ү. Мадақтау.- Балаларды мадақтап әр балаға «Қуанышты хабарлама» тарату.- Балалар бүгінгі 5 саны мен цифры туралы ашық сабақ аяқталды, белсенділік танытқандарыңа рахмет!Ризамыз бүгінге,Ризамыз қазірге!