Саба?ты? та?ырыбы : Мысы? пен тыш?ан



Ашық сабақ
Мысық пен тышқан
Пән : Ана тілі.
Сабақтың тақырыбы: Мысық пен тышқандар.
Мақсаты :
1. Дұрыс түсініп оқу,түсінгенін әңгімелеуге үйрету.
2.Ойлай қиялдай білуге ,ойын қорыта тұжырымдап жеткізуге дағдыландыру.
3. Үлкенді сыйлауға,адамгершілікке баулу.
Түрі : Аралас сабақ
Әдісі : Сұрақ-жауап , әңгімелеу, рөлмен оқу.
Көрнекілігі :суреттер, ертегілер.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Балаларды сабаққа дайындау.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Мақсат қою кезеңі:
Тақырыбымен мақсатын хабарлау.
ІV. Жаңа сабақ.
-Балалар осы бөлімде оқыған «Ата ақылы» өлеңін есімізге түсірейік кім жатқа айтып береді?
Олай болса бүгінгі сабағымызда негізгі мазмұны үлкенді сыйлауға құрылған ертегіні оқып көрейік. Ол үшін мына жұмбақтарды дұрыс шешсең ,ертегіге нелер қатысатынын білесің.
Жұмбақтар шешу
Мысықтан қорқады,
Түнде қорқады. (тышқан)
Тонын кие туған
Жалап бетін жуған. (мысық)
Тышқан , мысық туралы тағы не білесің? Кім айтады ?
Оқулықпен жұмыс: түсініп ,дұрыс оқу рөлмен оқу, тауып оқу.
Ертегі не жайлы екен ? Кейіпкерлерін ата.
Жас тышқандардың әрекеті дұрыс па ?
Дәптермен жұмыс: жұмбақты жатқа жаз.
Сабақты бекіту: ертегідегі нақыл сөзді тауып оқу.
Үйге : әңгімелеу
Бағалау .