П?ні: ?аза? ?дебиеті Саба?ты? та?ырыбы: С.М??ановты? «С?лушаш» романы Тобы: 6 топ К?ні: 22.02.16ж а) Білімділік: С. М??ановты? ?мірі туралы ма?л?мат бере отырып, жазушыны? шы?армашылы? зертханасына ??ілу, талдау, «С?лушаш» романыны? мазм?нымен тан


Сұлтанмахмұт Торайғыров «Қамар сұлу» романындағы кейіпкерлер бейнесі мен романның тіліЖарияланды 7-11-2013, 11:00 Категориясы:  HYPERLINK "http://bilimdiler.kz/kazakh_tili/" Қазақ тілі және әдебиеті 
Сабақтың тақырыбы: С. Торайғыров «Қамар сұлу» романындағы кейіпкерлер бейнесі мен романның тілі (презентациясымен)Мақсаты: «Қамар сұлу» романында көтерілген әлеуметтік, адамгершілік мәселелері жөнінде азаматтық пайымын тереңдету, ой түйінін кейіпкерлер арқылы дәлелдету, романның құндылығы неде екенін жете ұғындыру; сын тұрғысынан ойлауға дағдыландыру,сөйлеу мәдениетін дамыту; ұлттық салт - дәстүрді қадірлеп, құрмет тұтуға тәрбиелеу.Оқыту нәтижелері: С. Торайғыровтың өмірі, шығармашылығы, «Қамар сұлу» романы туралы жан - жақты біледі; Прозаны құрылысына, мазмұнына қарай талдауға машықтанады; Өзіндік пікірлері қалыптасады; Өз беттерімен жұмыс жасауға дағдыланады; Топпен жұмыс істеуде оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері артады.Негізгі идеялар: «Адамдық негізі - әйел» М. ӘуезовСабақтың барысы:І. Ұйымдастыру /сәлемдесу, түгендеу, сыныптағы психологиялық ахуалды бақылау/ /2 мин/. «Жүректен жүрекке»Топқа бөлу.1. Қамар2. Ахмет3. Омар4. Жәуке5. Жорға Нұрым6. Оспан биСабақтың ережесімен таныстыру:• Белсенді қатысу• Тыныштық сақтау• Бірін - бірі тыңдау• Ойын ашық айту• ЫнтымақтастықБағалау парағы таратылады (Критерийлермен таныстыру)4. «Миға шабуыл»Білім:С. Торайғыровтың өмірі, шығармашылығы, «Қамар сұлу» романы бойынша «Мен саған, сен маған» ойыны арқылы сұрақ - жауап (бір - біріне)Сергіту сәті: Поэзия минуты. С. Торайғыровтың өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқу.Бір ақын бар есімі оның екі түбір төрт буыннан, төртеуі де бітеу буыннан тұрады. Бұл кім? Ұлы Абайдың«Жиырма жеті жасында,Әбдірахман көз жұмды.Сәулең болса басыңда,Кімді көрдің бұл сынды» деп жоқтау жазғаны белгілі. Көріпкел кемеңгер осы жолдарын енді бір 20 - 30 жылдардан кейін өмір сүріп, өзінен үйреніп, өзін жалғастырып жарқ ете қалатын жарық жұлдыз Сұлтанмахмұтқа да арнап кеткен сияқты.27 жасында көз жұмған С. Торайғыров қиыншылықпен өткен қысқа өмірінде әлденеше лирикалық өлең, бес - алты поэма, ондаған мақала, екі роман жазды.Біз алдыңғы сабақта «Қамар сұлу» романының композициялық құрылысына талдау жасағанбыз. Бүгінгі сабақта «Қамар сұлу» романы бойынша тағы да тереңірек ізденіс, зерттеу жұмысын жүргізе отырып, әйел тағдыры, оның сипаты, жан және тән жарасы жөнінде ой толғаймыз.Түсіну:Топтарға тапсырмалар жазылған карточкалар таратады. Үйден танысып келген материалдары бойынша тапсырмалар орындайды. Постер құрады.І топ: Сөзжұмбақ шешу «Қамар сұлу»ІІ топ: «Талқылау» кестесін толтыруІІІтоп: «Талдау» кестесін толтыруІV топ: «Қамар сұлу» романының тіл ерекшелігін сипаттауVтоп: Мақал - мәтелдердің романда қолданылған тұстарыV І топ: Кесте бойынша дәуірге байланысты сипаттама беруДайындаған постерлері бойынша баяндайды.Сергіту сәтінде С. Торайғыровтың өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқидыҚолдану:DEBONO қалпағы бойынша тапсырма орындау.І топ: (Ақ қалпақ) «Қамар сұлу» романына жарнама жасауІІ топ: (Сары қалпақ) «Қамар сұлу» романының идеясының жағымды жақтары, жетістіктері мен жақсылықтарын айтуІ топ: (Қара қалпақ) «Қамар сұлу» романының кері әсері, жағымсыз жақтары.І топ (Қызыл қалпақ) «Қамар сұлу» романынан алған әсер. Неге сенімдімін, неге көзім жетті?І топ (Жасыл қалпақ) «Қамар сұлу» романынан туындаған жаңа идея, мүмкіншілік.І топ: (Көк қалпақ) «Қамар сұлу» романы бойынша барлық қалпақтардың бағыттарын бақылау.Пікірлерін ортаға салу.Сергіту сәті Әріптер бойынша ән айтуТалдау:- Балалар, «Қамар сұлу» романын оқи отырып, біздің бойымызда бір сезім туды. Ол - психологиялық сезімдер. Атап айтсақ, елестету, сүйсіну, жек көру, жаны ашу, өкініш, таңдану. (әр топқа бөліп беру.)І топ: ЕлестетуІІ топ: СүйсінуІ топ: Жек көруІ топ: Жаны ашуІ топ: ӨкінішІ топ: ТаңдануӨз сезімдерімен бөліседі.Сергіту сәті (2 минут) «Мақал - мәтел» жарысыСинтез:«Кейіпкерге хат» (Қамар, Ахмет, Омар, Қасен, Нұрым, Жәуке )Диалогке түсіп, жұппен, топпен орындау.Бағалау:1. Тест құрастыру (топтар бір - біріне құрастырған тесттерін қояды)Рефлексия Кестені толтыру: Не білдім? Нені білгім келеді?Топтардағы берілген тапсырмалар бойынша топ мүшелері бір - бірлерін бағалайды, жиынтық бағалау.Келесі оқуға: 1. С. Торайғыров туралы сұрақтар дайындау.2. 1917 - 1956 жылдардағы қазақ әдебиеті туралы танысып келу.3. Қазақ әдебиеті оқулығы 233 - 240 беттерМұғалім: - Жүсіп Баласағұнның «Біле бер, қанша білсең тағы тіле,Жетерсің мұратыңа біле - біле» деген сөзін әрқашан естеріңізде сақтап, білмекке құмар болыңыздар. Бүгінгі сабақтан түйген ойларыңыз болашақ өмірлеріңізден көрініс тауып, Күн нұрындай баршаға шуақ сеуіп жарқырап жүріңіздер.