Ашы? саба? Буды? пайда болуы. Булану ж?не конденсация. ?аны??ан ж?не ?аны?па?ан булар. 8 сынып


№5 орта мектеп
Будың пайда болуы.
Булану және конденсация.
Қаныққан және қанықпаған булар.
Класы: 8 «Б»
Мұғалімі: Қадырбек Г. Қ.
2016-2017 оқу жылы
Күні: 14.10.2016ж
Сабақтың тақырыбы: Будың пайда болуы. Булану және конденсация. Қаныққан және қанықпаған булар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: оқушыларға булану және конденсациялану құбылысы түсіндіру, қаныққан және қанықпаған бу ұғымдарын енгізу;
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау
Сабақтың әдіс-тәсілдері:  Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі: 
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
6. Топқа бөлу
ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А) теориялық білімдерін тексеру.
Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.
Б) есептерін тексеру.
Сұрақтар (торт топқа сұрақты кезектестіріп қояды жауап бере алмаса топ келесі топ жауап береді)
1. Заттың қатты күйден сұйық күйге айналу құбылысы балқу
2. Балқу температурасы дегеніміз не? Заттың балқу кезіндегі температура
3. Кристалдану температура дегеніміз не? Заттың қатаятын температурасы
4. Кристалдану дегеніміз не?Заттың сұйық күйден қатты күйге айналуы
5. Аморфты денелерде кристалдық құрылыс бола ма?болмайды
6. Меншікті балқу жылуының формуласы Q=λm7. Меншікті балқу жылуының өлшем бірлігі Дж/кг
8. Меншікті жану жылуының формуласы? Q=qm
9. Меншікті жылу сыйымдылығының формуласы Q=сm∆t
10. Жылу мөлшері дегеніміз не? Жылу берілу кезінде ішкі энергияның өзгеруі
11. Жылу мөлшері бір денеден екінші денеге өткенде сақтала ма?сақталады
12. Заттың қатты, сұйық қасиеттеріне ие болатын қандай денелер?аморфты
Есептерін тексеру №7-5,6,7,8
№7-5
Берілгені:
Q=440*107Дж
q=4,4*107Дж/кг
Табу керек:m-?
Шешуі: m=Q/m=440*107Дж/4,4*107Дж/кг=109кг
№7-6
Берілгені:
m=200г=0,2кг
q=4,6*107Дж/кг
Табу керек:Q-?
Шешуі: Q=qm=0,2кг*4,6*107Дж/кг=0,92*107Дж
№7-7
Берілгені:
m=5кг
q=4,6*107Дж/кг
Табу керек:Q-?
Шешуі: Q=qm=5кг*4,6*107Дж/кг=23*107Дж
№7-8
Берілгені:
m1 =2кг
m2 =3кг
qбензин =4,6*107Дж/кг
qкеросин =4,6*107Дж/кг
Табу керек:Q-?
Шешуі: Q1 =qm=2кг*4,6*107Дж/кг=9,2*107Дж
Q2 =qm=3кг*4,6*107Дж/кг=13,8*107Дж
Q= Q1 +Q2=9,2*107Дж+13,8*107Дж=23*107Дж
Жаңа материалды меңгерту:
*Химия сабағында тәжірибе жасап жатқан  Досым Ашық ыдыста тұрған этил спиртін таба алмай қапа болды. Этил спирті қайда жоғалды?  
Жауап: Ашық ыдыста болғандықтан ауаға ұшып жоғалған.
* Есеп шығарып отырған Талап кофе  ішпек болып ,газге қойған шәйнекті ұмыт қалдырған. Есебінің жауабын тапқан ол, -енді кофе ішуге болады деп тұра жүгіргенде, таң қалып тұрып қалды. Неге? Қалай?
Жауап:  Қайнап –қайнап таусылған чайник  бос қалған, буға айналып ұшып кеткен.
Міне, балалар,- өмірде кездесетін осындай құбылыстардың мән-мағнасын ғылыми тұрғыдан түсіну үшін жұмыстанамыз, бүгін!
Сабақтағы негізгі ұғымдар.
1.Булану және конденсация.
2.Кебу, кебудің жылдамдығы
З.Қаныққан және қанықпаған бу.
Булану кұбылысы.Сұйыктың буға айналуының екі түрі: булану және қайнау.
Сұйыктың буға айналу құбылысы булану деп аталады.Сұйыктың буға айналуын заттың молекулалық кұрылысы негізінде түсіндіру.
Сұйық бетінде жүретін булану кебу деп аталады. Кебудің жылдамдығы.
Әр түрлі сұйықтың кебу жылдамдығы әр түрлі. Бұл әр түрлі сұйықтардың молекулаларының арасындағы тартылу күштеріне байланысты.
Сұйыктың кебу жылдамдығы сұйық бетінің ауданына байланысты (мысалы, стакандағы суға қарағанда тарелкаға құйылған су жылдам кебеді)
Сұйықтың кебу жылдамдығы сұйық бетіндегі желге тәуелді (ыстык шайды үрлесек тез суыйды).Желдің әсерінен сұйыққа қайта оралатын молекулалардың санының азаюына байланысты.
Сұйықтың кебу жылдамдығы сұйық темперетурасына тәуелді. Сұйық температурасы жоғары болғанда жылдам кебеді.
Қатты денелердің кебуі (иодтың кебуі).
Сұйыктын булану кұбылысымен қатар конденсация құбылысының жүруі. Конденсация - будың сұйыққа айналу құбылысы (қар, жанбыр, тұман түсуі т.б.)
Жабық ыдыс ішінде сұйық пен сұйық буы арасындағы динамикалық тепе-теңдіктің орнауы. Өз сұйығымен динамикалык тепе-тендікте болатын бу қаныққан бу деп аталады.Ашық ыдыста булану салдарынан сұйық массасының азаюы.
Булану салдарынан сұйық ішінде калған молекулалардың орташа жылдамдыктарының азаюы. Сұйык ішінде қалған молекулалардың орташакинетикалық    энергиясының         және    сұйықтың    ішкі энергиясынын азаюы. Сырттан жылу берілмеген жағдайда кебетін сұйықтың салқындауы.
Судан шыққанда дененің салқынды сезінуі.
Стакандағы буланып жатқан судың температурасының төмендемеуі оған қоршаған ортадан үнемі жылу беріліп отырады.
Мысалы
Булану кезінде сұйықтың ішкі энергиясы өзгереді?
Өзенге шомылып шыққан адамның денесі салқындамайды.
Майлы сорпа шайға қарағанда тез суыйды.
Жинап қойған жуылған кірдің жай, ал жіпке жайылған кір тез кебеді.
Шық ауадағы су буынан пайда болады.
Логикалық тапсырма
1,3 топ
Дәптер бетіне май, су, және спирт тамызылды, олардың булануы немесе кебуі жөнінде не айтуға болады?
Жауап:  үш сұйық үш түрлі кебеді, алдымен спирт, екінші су ал үшінші май
Түйін: Кебу сұйықтың түріне  тәуелді
 2,4 топ
-Масасы  50 гр   суды  табақшада және стақанда  қалдырып, бір аптадан соң қарағанда не болады?
Жауап:  Стакандағы су аздап бар ,ал табақшадағы су кеуіп қалған.
Себебі: Табақшадағы ұшып шығатын су молекулаларының саны , стаканнан ұшып шығатын молекулалар санынан  10 еседей көп болады, сондықтан бірінші кебеді.
Түйін:   Кебу немесе булану беттің ауданына тәуелді болады.
Ал, балалар, үшінші тәуелділікті мен өзім айтамын, оны мысалмен өздеріңіз түсіндіріп көріңіздер
 
Есептер шығару
Қосымша оқулықтан
№4
Көлемі 2л суды 200С – тан 1000С –қа жеткізіп қайнату үшін қанша жылу мөлшері қажет? Судың меншікті жылусыйымдылығы 4200Дж/кг*0С
Берілгені:
V=2л=2*10-3м3
t1=200С
t2=1000С
с=4200Дж/кг*0С
ρ=1000кг/м3
Табу керек: Q-?
Шешуі:
Q=сm(t2- t1)=сρV(t2- t1)= 4200Дж/кг*0С*1000кг/м3*2*10-3м3(1000С-200С)=672кДж
№5
1л бензин жанғанда қанша жылу мөлшері бөлініп шығады? Бензиннің меншікті жану жылуы q=4,6*107Дж/кг ал тығыздығы ρ=710кг/м3
Берілгені:
V=1л=10-3м3
q=4,6*107Дж/кг
ρ=710кг/м3
Табу керек:Q-?
Шешуі: Q=qm=qρV=4,6*107Дж/кг*710кг/м3*10-3м3=32660кДж
№6
500г ағаш көмірі жанғанда қанша жылу мөлшері бөлініп шығады? Ағаш көмірі меншікті жану жылуы q=3,4*107Дж/кг
Берілгені:
m=500г=0,5кг
q=3,4*107Дж/кг
Табу керек:Q-?
Шешуі: Q=qm=0,5кг*3,4*107Дж/кг=1,7*107Дж
№7
Массасы 3кг мысты балқу температурасында толық сұйық күйге айналдыру үшін 6,3*105Дж жылу мөлшері шығындалды. Мыстың меншікті балқу жылуын табыңыз.
m=3кг
Q=6,3*105Дж
Табу керек:λ-?
Шешуі: Q=λm
λ=Q/m=6,3*105Дж/ 3кг=2,1*105Дж/кг
Диктант (көп нүктенің орнына тиісті сөз кою)
1. Сұйықтың буға айналу құбылысы ................... деп аталады (булану)
2. Сұйықтың бетінде жүретін булану ................... деп аталады(кебу)
3 ................... жылуды жұтумен қатар жүреді. (Булану)
4. Будың сұйыққа айналу құбылысы ................... деп аталады(конденсация)
5. Кебу жылдамдығы сұйықтың ................... байланысты болады. (тегіне)
6. Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын буды ................... деп аталады(қаныққан бу)
7. Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болмайтын, яғни қанығуға жетпеген буды ................... деп аталады(қанықпаған бу)
8. Температура өзгермеген кезде сұйықтың қаныққан буының ................... тұрақты шама болады(қысымы)
9. Ең төменгі жерді жабатын ауа қабатын ................... дейді(тропосфера)
10. Бізді қоршаған табиғатта судың ......... және .......... процестерінің маңызы зор(булану, конденсациялану)
Тест құру
Әр топ 5 сұрақтан тест құрады, басқа топқа бір – біріне беріп жұмыс жасайды.
Сабақты бекіту
Қандай құбылысты булану деп атайды?
Қай кезде булануды кебу деп атайды?
Сұйықтың кебу жылдамдығы неге байланысты?
Қандай буды қаныққан бу деп атайды? Қанықпаған бу деп ше?
Қаныққан будың қысымы көлемге, температураға, затқа тәуелді ме?
Егер аздаған суы бар жабық ыдысқа су буын жіберсе, онда не болады?
Үйге тапсырма«Булану және конденсация. Қаныққан және қанықпаған булар» тақырыбын оқу.Эссе жазу «Адамзат үшін тұщы су қорының маңызы»