Сынып тан тыс шара Тазалы?ты с?йеміз


Сатыбалды негізгі жалпы білім беретін мектебі
Тақырыбы:


\4-сынып\
Өткізген :Қойшыбаева Л.А
2015-2016 о.ж
Бекітемін ТІЖО Улмесекова А.А
Күні:16.11.2015 ж
Тақырыбы: Тазалықты сүйеміз Білімділік: Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін
қажеттілігін, басты байлық екенін ұғындыру. Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін
жетілдіру. Денсаулық және тазалықтың маңыздылығын түсіндіру;
тілалғыштық қасиеттерін дамыту;еңбекқорлыққа тәрбиелеу
Тәрбиелік: Тазалыққа, спортқа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі «5-Т» ережесін еске түсіру.
Тыныштық сәтi.Нұрға бөлену.(«Хрустальная грусть» әуені) Кіріспе. Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Ауруды емдеуден гөрі оның алдын алу керектігін айтты. Біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз
салауатты өмір салтын сақтау мақсатында «Бақытым да, байлығым да - Денсаулық» деп
аталады. . «Тазалық – денсаулық кепілі.»Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың жаны сау» деп бекер айтпаған. Отанымыздың келешегі, көркеюі балалар сіздердің қолдарыңызда. Сондықтанда сендердің таңдауларын - салауатты өмір салтын сақтау.Балалар сендер қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Қызыл
гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан - жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойласыңдар?Әрине, Денсаулық.Денсаулық адам ағзасының қалыпты, дұрыс жұмыс істеуі.Денсаулық дұрыс тамақтану.Денсаулық тәулігіне 10 сағат ұйықтау, ұйқы ең алдымен миды тынықтырады.Денсаулық таза ауада көбірек жүру.Денсаулық тазалық сақтау.Денсаулық тамақты шамадан тыс тойып ішпеу.Денсаулық тамақтан соң ауызды шайып, қолыңды жу.Мұғалім.- Балалар денім сау болу үшін таза болып жүру мен бірге тағы не істеуіміз керек?Оқушылар. Таңертеңгілік жаттығу жасап, спортпен шұғылдану керек.Адамдар әрқашан қимылды қозғалыста жүрсе біздің ағзамыздағы қан жүрісі де қозғалыста болып жұмысы жақсарады. Ауруларға қарсы тұра алатын боламыз. Денімізді сақтау үшін зиянды әдеттерден аулақ болу керек. Адам денсаулығына жақын доста, қастарда бар.Адам денсаулығына жақын достар не деп ойлайсыңдар?( тазалық, спорт, таза ауа, дұрыс тамақтану, күн тәртібі.)Адам денсаулығына қас.( шылым шегу, ішімдік, салақтық, жалқаулық.) денені шынықтыруДенсаулық болса бәрі болады тазалық, дене шынықтыру, дұрыс тамақтанудың маңызы зор.Біздің денсаулығымыз мықты болу үшін тазалық сақтау жеткіліксіз. Сонымен бірге денемізді шынықтыруымыз керек. Үнемі дене шынықтырумен айналысатын адам ауырмайдыТиімді тамақтану денсаулық үшін маңызы зор. Ет, балық, ұн, сүт тағамдарының әрқайсысының орны бөлек. Сонымен қатар жеміс – жидектерді көбірек жеген жөн. Олардың құрамында адам денсаулығына қажетті дәрумендер өте көп. Сонымен қатар шамадан тыс көп тамақтану да зиян.(әр түрлі тағамдардың суреттерін көрсету)Сұрақтар.1 Жеміс – жидектерді жемес бұрын не істеу керек?(жеміс – жидектерді жақсылап жуып алу керек.)2 Тамақтану алдында не істеуіміз керек?(тамаққа отырар алдында қолды жуу керек)Қорытынды1. Адамның дені сау болу үшін қандай шарттарды орындау қажет?(Денесін, беті – қолын киімін әрдайым таза ұстау керек. Зиянды заттардан аулақ болу керек.)2. Адам не үшін жуынады?3. Тазалықтың достары мен қастарын ата?Деніміз сау болсын десеңдер, міне жоғарыда айтылғанның бәрін денсаулық үшін істелетін жұмыстар. Таза ауада демалу, спотпен шұғылдану, денені күтіп ұстау, еңбек ету, дұрыс тамақтану барлығы салауатты өмір салтына жатады. Осы айтқандарды күнделікті тұрмыста пайдалануымыз керек Дәйек сөз. «Күн тәртібі мен еңбек- денсаулық негізі».
Халық даналығы.
Күн тәртібінің денсаулыққа әсері бар ма?
Еңбектің денсаулыққа әсері қандай?
Денсаулықтарыңызды жақсарту үшін өздерің қандай әрекет етіп жүрсіздер?
«Ең үлкен байлық»
Аңыз әңгіме
Ертеде бір жас жігіт өзінің кедейлігін айтып, әрдайым мұңын шағудан жалықпайдыекен:
Шіркін-ай, егер менің байлығым көп болса, қандай жақсы болар еді. Мен онда асып-тасып өмір сүрер едім-, деп, зарлауын қоймайды.
Бір күні жігіттің лашығының қасынан қарт тас қашаушы өтіп бара жатып, зарлап отырған әлгінің қасына келіп:
Саған не болды сонша жыланып? Сен нағыз бай адам емессің бе ?- деп сұрайды.
Мен баймын ба ?-деп таң қалды жігіт.- Қане, қайда ол байлық.
Сенің көздерің ше? Бір көзіңді біреуге қаншаға берер едің?-деп сұрады қарт.
Оның не ?- деп, шошып кетті жігіт.
Мен көзімді ешқандай байлыққа айырбастамаймын!
Жарайды,-деді тас қашаушы.- Ендеше екі қолыңды шауып тастасын, ол үшін саған көп алтын береді.
Жоқ! Қолымды бермеймін, алтының керек емес,-деді жігіт.
Міне, көрдің бе. Сен өте бай адамсың ғой,-деді қарт тас қашаушы.
- Ендеше, несіне зарлай бересің ? Маған сенсең, адамның ең үлкен байлығы-күш-қуаты мен денсаулығы. Оны ақшаға сатып ала алмайсың,-деді де, ол өз жөніне кете барды.
- Жігіттің ойын дұрыс әрекет деуге бола ма?
-Үлкен адамның кеңесінен соң жігіттің көзқарасы қалай өзгерді деп ойлайсыздар?
-«Бірінші байлық- денсаулық» дегенді қалай түсінесіз?
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Оқушыларды екі топқа бөліп жағдаяттарды талдауға беремін.
1-жағдаят.Самат таңертең сабаққа асығыс тамақтанып шықты. Анасы баласының бұл ісіне
кейіп, «Денсаулығыңды бұзасың ғой. Отырып, дұрыс тамақ ішсең қайтер еді?» деп кейіді.
Самат анасына «Тамақтанбаудың денсаулыққа әсері қанша?» деп жүре тыңдады.
Қалай ойлайсыңдар, Саматтың айтқаны дұрыс па? Сендер қалай тамақтанасыңдар?
2-жағдаят. Асылан енді өз денсаулығын бақылауға алып, күтім жасау керектігін ойланды.
Бірақ ол неден бастарын білмей, дал болды. Ойлана келіп, өзінің күн кестесін құрудан бастауды жөн көрді. Уақытты дұрыс және пайдалы өткізудің де денсаулыққа қатысы бар деп
шешті.
Асыланның ойы дұрыс па? Сендер Асыланның орнында болсаңдар күн кестесін қалай құрар
едіңдер?
( Әр бала күн тәртібін дәптерлеріне жазады)
Топпен ән айту. «Өміріңе немқұрайлы қарама»
Тыңда досым, мен айтайын от тілек Тұсау салып бастатқызбай көш- дара,
Дүниеден кетті бай да, өтті бек .Етсе- дағы дұшпан- күлкі, дос- таба.
Өміріңе немқұрайлы қарама, Өміріңе немқұрайлы қарама,
Дәулетіңмен тұрсаң- дағы көк тіреп. Тағдыр желі қарсы алдыңнан соқса да.
Әр күн сайын тек сен үшін атып таң, Сын сағаттан сақтау үшін өз басын,
Зерлі шапан киінсең де жақұттан. Сатып кетер сеніп жүрген жолдасың
Өміріңе немқұрайлы қарама, Өміріңе немқұрайлы қарама,
Шақша басың айналса да, бақыттан.Айдын көлге айналса да көз- жасың..
Қайырмасы:
Бақ құсыңды қонған кезде бағала,
Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.
Кенелсең де досым қанша шаттыққа,
Өміріңе немқұрайлы қарама.
Бақ құсыңды қонған кезде бағала,
Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.
Қанша азап көрсең- дағы, бауырым,
Өміріңе немқұрайлы қарама.
Данышпан ата өсиетін жаттап алыңдар:
-ерте тұру;
-орта тазалығын сақтау;
-жер ананы аялау;
-денені шынықтыру;
-өзіңді таза ұстау;
-дұрыс тамақтану;
-сергек жұру.
Жай, әсем музыка қойылады. Көзіңізді жұмып, сабақтың жақсы көңіл-күйін есіңізге алып, жүректеріңізге түйіп қойыңыздар.
«Мен өмірді сүйемін, өзімнің адамгершілік асыл қасиеттерімді жүзеге асыруға, дұрыс әрекет
жасауға дайынмын. Әрдайым салауатты өмір салтын ұстанамын.»