Сыныптан тыс іс-шара ?ыз ?мірді? ?ыз?алда?ы»


«Қыз өмірдің-қызғалдағы»
Мақсаты:Қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай көріктілігін,ептілігін,білімділігін,байқампаздығын жан-жақты ұлттық қасиеттерін танып білуге және балаларды салауатты өмір салтын ұстану барысында сөйлеу,жүріп-тұру мәдениетін балалардың бойына қалыптастыру.
Көрнекілік: суреттер,нақыл сөздер,ана және әке туралы өлеңдер.
Жүргізуші: Қымбатты балалар,сүйікті аналар және ұстазды?
Бүгін біз жыл мезгіліндегі ең тамаша,шуақты,мейрамдардың бірі-8-наурыз аяулы да,ардақты аналар мерекесіне жиналып отырмыз.Мерекелеріңіз құтты болсын сүйікті аналар!
Адам үшін ең аяулы,ең қастерлі ол жан-Ана.Бала дүниеге келген күннен бастап,өзінің жұмсақ алақанына жылы жүзі,ыстық құшағы мен мейірімін,махаббатын бері білген,аналар үшін елімізде бір күнді мейрам етіп белгіленген.Ол 8-наурыз мерекесі.Бұл мерекені жылдың басқа мезгілінде болуы мүмкін емес.Өйткені көктем секілді,біздің аналарымыз адамзатқа өмір сыйлаған.
Наурыз күні, ана күні, әлем күні
Әлемді тебірентер ана күні
Анасыз жан туған жоқ жер бетінде
Ұғып ал бөбектерім сендер мұны
Қазіргі де бұрынғы өткен замандарда
Ананы қадірлемес адам барма
Аналар,ардақтылыр жасай берсін,
Әрқашан бақыттысың анаң бар да
Анаңның әрбір сөзі жақсылыққа толы.Ананың көз нұры тастай мұзды,суды да жібітеді,сүйікті аналар және кішкентай қыздарымызға арналған ертеңгілігімызды қабыл алыңыздар.
Алишер:
Той пердесін ашайық
Ән мен шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын шашайық
Жүргізуші: «Қыз өмірдің қызғалдағы» атты қыз сыны сайысын қыздырмыздың ибалы да инабатты,тәлімді де тәрбиеші,сұлу да сымбатты болып,өсу ниетімен өткізгелі отырған сайысымызға қош келдіңіздер.
Олай боса сайысымыздыәділ бағасын беріп төрелік жасайтын әділ-қазы мүшесімен таныс болыңыздар
Мектеп басшыларын сайлау
Қыз сыны сайысының бөлімдерімен таныс болыңыздар
Сайыс төрт бөлімнен тұрады
1.Таныстыру
2.Өз өнерін көрсету
3.Үй тапсырмасы
4. «Көктем келді,сән келді»
Ендеше сайысымызға қатысқалы отырған бүлдіршін қыздарымызбен таныс болыңыздыр!
Бірінші қыз білімді
Меңгерген бар ілімді Райхан Амина
Екінші қыз елгезек
Алады тез тіліңді Абек Айым
Үшінші қыз үлбіреп
Қос жанары мөлдіреп Дүйсенбі Мерей
Төртінші қыз-өнерлі
Төгеді бар өнерді Есенмұрат Ақниет
Бесінші қыз талантты
Өң бойында бар талап Рамазан Нұрай
Алтыншы қыз айдай
Атына заты сайдай Төлен Дина
(Қыздарды жігіттер сахнаға алып шығады).
Жүргізуші: Өнер қуып арулар өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәсекеге түссе алты ару кезектесіп.
Таныстырып өздерін өтер деймін,
1.Сайысқа қатысатын үміткерлер өзін-өзі таныстырады.
Жандос: Ана десем алғыс алам халқымнан,
Ана десем теңіз боламын шалқыған.
Ана десем ашылады қабағым.
Ана десем әділдікті ұғынам,
Бір ғана емес қадір тұтқан бабалар.
Аналардан небір туған даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі.
Армысыздар қасиетті аналар!
Бағжан: Адам бар ма ана сүтін татпаған,
Алуан-алуан ауыр сынды аттаған.
Адалдықты,ар намысты сақтаған.
Мен анамның сол ісімен мақтанам.
Нурбек: Еркелесең күлімдейтін,
Ұрысқаны білінбейтін,
Маңдайымнан иіскеп менің.
Құлыншағым күнім дейтін.
Альфараби: Теңдесі жоқ данасын,
Арқа тұтар панасын,
Еңбегіңізді ақтаймын,
Аман жүрші анашым,
Алихан: Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз,
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Гүлім: Мен өзіңмен қайда болсам біргемін,
Махаббатым жүрегімде жүр менің,
Күн нұрындай жадырай бір күлгенің,
Қандай жақсы ортамызда жүргенің.
Жүргізуші: Ал,кімнің өнері бар қаншалықты,
Би-билеп,ал біреулер ән салыпты.
Бүгінгі қыз сынында бақ сынауға.
Арулар аянбай-ақ жан салыпты.
2.Өз өнерін көрсету.
1.Райханова Амина Би.
2. Абек Айым ән «Әке-ана»
3.Дүйсенбі Мерей ән «Ертегілер»
4.Есенмұат Ақниет би
5. Рамазан Нұрай би үнді биі
6.Төлен Дина ән «Ана»
Жаслан: Ардақты ана,аяулы ана,қымбаттым,
Тәтті ұйқынды боліп талай тіл қаттың,
Өміріме нәрін берді ақ сүтің.
Кең құшағың саясында гүл бақтың.
Абдулла: Аналарды сүйеміз .
Сөзін ойға түйеміз,
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз,
Мейрамбек: Әжімі оның ұлы өнердің іздері,
Өзін емес мені ойлайды түздегі.
О,ананың құшағының жылуы,
Сол жылудан тарайды адам ғұмыры,
Айкүміс: Ер жеткізіп елге берген баласын,
Ақылдысың,ардақтысың,данасың.
Қарайтын қас-қабағың бір сенің,
Қайратыңнан қайта көрме анашым.
Дамир : Жыл басы наурыз мерекесі,
Ақ нұрға әлем бас иді,
Аналар тойы береке.
Тіршілік жаңа оянды.
Жүргізуші : Ана деген бәрінен де биік!Ананың тілі,ананың махаббаты,ананың тілегі,тіл жетпес бір жатқан теңіз емес пе?Па,шіркін ананың айналып толғанғаны на кімнің есінен кетер дейсін.Сүікті аналарымызға өлең арнаймыз.
Ән: «Мама» Жұмабек Ұлан.
Жүргізші: Ойлы қызы халқымның,
Отаным деп тұрады.
Бос жібермей әр күнін,
Ана жолын қуады.
Қанаттанса балапан.
Әрбір қыз,әрі балапан.
3.Үй тапсырмасы (анасы мен қызының бірігіп жасаған жұмыстары)
Жүргізуші: Көңілді өскен балалар,
Күлім қағып тұрады,
Мерекеге сән беріп,
Шырқатып ән салады.
Ән: «Алтын ана»Асқарұлы Жандос
Жүргізуші: Сымбатына сән киімі жарасатын,
Аспандағы ай менен таласатын.
Өнеріне сай келіп дайын тұрған.
Аруларға қызығып қарасатын.
4.Көктем келді,сән келді. (Сән үлгісін көрсету)
Жүргізуші: Таң қалып, балаларға тамсанайық,
Бүлдіршінге шабыт беріп қол соғайық,
Наурыз айы махаббат тілекшісі.
Би билейтін ұл мен қызды қарсы алайық .
Би :«Көктемгі еңбек» Айкүміс.Гүлім.Бағжан,Ұлан,Алишер.
Жүргізуші: Мен қазақ қыздарына қайран қаламын.
Жанары жаны жаздай жайраңдаған,
Қыз өссе елдің көркі деген сөзді.
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
Жүргізуші: Бүгінгі мейрам аналардың ғана емес,ақ жаулықты әжелнрдің және де сұлу қыздардың мейрамы. Ал, балалар өлеңімімізді тарту етейік.
Дана: Менің әжем гүл әжем.
Алтын әжем күн әжем.
Апам үшін мен үшін.
Нағыз ана тілі әжем.
Мирас: Достық пенен ойнаймыз.
Бірге күліп ойлаймыз.
Қыздарды ды құттықтап,
Мерекесін тойлаймыз.
Ұлан: Әже деген пейілімді әжесі бар түсінер.
Ақ жаулықты әжемді ай жүзіңе теңедім.
Мейірімді таусылмас күн нұрына теңедім,
Ақ бата алған өзімді арғымаққа теңедім.
Аяулым: Әже деген көп шығар
Әжемдей менің жоқ шығар.
Мейірімді бұл кісі.
Қандай ғажап күлкісі.
Анель: Мейірімді апалар,
Балалар кеп бата алар.
Қалтасына кәпит сап
Немерелерге апарар.
Диана: Жер бетінің әлемі.
Күн нұрынан тарайды.
Біздің үйдің жылуы.
Анамыздан тарайды.
Жүргізуші: Кімдер жүйрік,өнерпаз білейікші.
Әділқазыларға төрелік берейікші.
Ең сұлу,көрікті аруларға,
Құттықтап сәттілікті тілейікші.
Келесі сөз кезегін әділ-қазыларға береміз.
Жүргізуші: Құрметті аналар сіздерді мейрамдарыңызбен құттықтай отырып,0 «В» сыныбының атынан сіздерге ән жолдаймыз.Сіздерге айтар алғысымыз шексіз.
Ән : «Асыл ана» Гүлім,Мейрамбек,Айкүміс.
Ата-аналарға сөз кезегі беріледі.
Балалардың аналары мен қыздарға жасаған сыйлықтарын тарту етеді.
Жүргізуші: Осымен біздің «Қыз өмірдің-қызғалдағы» атты ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті.Алтын уақыттарыңызды қиып келгендеріңізге көп,көп рахмет!
Баршаңызға тілерім,
Еліміздің несібесі көп болсын,
Жауын жауып жер бетіне көк толсын!
Даламызға бұл мейрам құтты болсын!
Күніміз тек осындай жақсы болсын!
Сау болыңыздар!