?айырымдылы? — адам жаныны? н?ры та?ырыбында ?зін-?зі тану п?нінен сыныптан тыс іс -шара


«Қайырымдылық адам жанының нұры» атты қайырымдылық концертінің сценариі
Жүргізуші: Қайырлы күн, қадірлі қауым! Армысыздар, жаны жайсаң, жүрегі жомарт ел ағалары! Болашақта еліміздің өркендеуіне білімді жастар ғана биік асулардан аса алатынын ескерсек, балаларға жасаған қамқорлық елімізге еселеп қайтатыны анық. Ел тірегі, ертеңіміздің кепілі болған жас ұрпақ! Қазіргі уақытта қамқорлық пен қолдауға мұқтаж болған, қайырымдылық, алақандарынан жылулық сезімін күтетін балаларға қолдау көрсетуге келген қадамдарыңызға нұр жаусын. Жансаң көзі қарақтыҚиналғанды аңғарарӨзіңнен сөз тараптыЖақсылыққа жалғанарДәнекер боп жүргеніңАзаматтық ерлігіңЖөн жосықты білгеніңЕңсесі биік елдігімБайлық қуат алапатҚағып түсер қарғысыңДемеушілік шарапатАлар елдің алғысын демекші бүгінгі Үшарал қазақ гимназиясында өткелі отырған «Қайырымдылық адам жанының нұры» атты қайырымдылық концертіне қош келдіңіздер!
Қайырымдылық - көмекті қажет етушілерге білдірілетін сүйішпеншілік пен нақты көмек.
Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі.
Қайырымдылық— адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді.
Ендеше кешіміздің алғашқы сөзін гимназия директоры Құсайынова Қорлан Тұрсынбекқызына беріледі.
Жүргізуші: Күйі бөтен демеймін, үйі бөтен,Жақсы адамдар бар екен, сүйіп өтем,Жамандарды іздемен, өзі ақ табар,Жақсыларды табуың қиын екен...1. Өзінің туындысын,шығармасын оқитын Республикалық Фариза оқуларында көркем сөз номинациясы бойынша бас жүлде алған 10 б сынып оқушысы Манапова Мөлдірді «Өмір оты» атты шығармасымен шақырамыз. Жүргізуші: Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл сәл кем бұра,Қазақ – нағыз қазақ емес,Нағыз қазақ – Домбыра!Білгің келсе біздің жайды, содан сұра тек қана:Одан асқан шежіре жоқ, одан асқан жоқ дана.2. Терме: «Бастау»
орындайтын 8 а сынып оқушысы Дүйсенбек Диана
Жүргізуші: Өмір деген тәтті екен әрқашан да,Қуаныш пен мұңменен қарсы алсаң да.Мен өмірді сүйемін пәк жүрекпен,Күресуге үйренем шаршасам да.Бала жүрек риза жаратқанға,Жарқыраймын әр күні таң атқанда.Қиындыққа мойымай қарсы тұрып,Мен өмірді сүйемін әрқашан да.
3. Би: «Көңілді балақайлар» 1 ә сыныбы
Жүргізуші: Атаң болса, анаңмен -Алтыннан соққан қорғаның,Ағаң болса ақылды -Ешкімнен кем болмадың.Інің болса жанашыр -Семсер қылыш білегің.Ақылды қыз, ақылды ұл Өкпе – бауыр, жүрегің.4. Ән: «Қос бәйтерек»
Орындайтын: Нұрланқызы Іңкәр және Берік Диас
5. Республикалық Фариза оқуларында көркем сөз номинациясы бойынша жүлделі 3 орынға ие болған Асемханова Аяулымды қарсы алайық.
6.Ән: 0 в сынып оқушысы Айдынқызы Аружанның орындауында «Қасиетті домбыра» әні.
Жүргізуші: Шыдамдыны мына өмір ұнатады,Бірде қуантып, бірде жылатады,Сүріндіріп кейде сені құлатады.Жылатып тұрып жұбатады.Дұшпандарға кейде сені сынатады,Қатал тағдыр бірақ та шыдатады,Мына өмір бірақ та қымбат әлі.
7.Би: «Кішкентай жұлдыздар» 5 а сынып оқушылары
8.Ән: Нұрланұлы Нұрсұлтан
9.Жүргізуші: Саятұлы Бекзаттың орындауында «Әкелер» әні
Өмір берсе жаратқаным жетімге,Берді оған күшпен тірлік етуге.Күресуге келмесе де шамасыЖаралмаған мәңгі жылап өтуге.
10.Көркемсөз: Тұрсынбаев Еркебұланды : «Мейірімдінің жанары»атты өз туындысымен ортаға шақырайық.
11.Жүргізуші: Абдурашитқызы Айзара «Құттықтаймын мама»
12.Жүргізуші: 4 сыныбын «Лента » биімен қарсы алыңыздар!
Өтеді ғой... Өтеді барлығы да,Күн арқалап кетеді таңды мына,Менің жаным ашиды барлығына,Таң нұрына, адамның тағдырына.13.Ән: «Арман ай» Орындайтын: Маулен Балжан
14.Жүргізуші: 7 А сыныбының орындауында «Өзбек» биі.
Өмір дәмі, екі дәм: Ащы – Тәтті,Таңдайыңа тиеді: Жұмсақ – Қатты.Жолында жолығатын екі тағдыр,Күтеді Адам үшін сын сағатты.Өмір деген тұрмайды: Қап - қарадан.Өмір деген тұрады: Ақ – Қарадан,Ақ – Қара, екі арасын ашып өтіп,Арымен өз бақытын тапқан Адам!
15.Ән: Орындайтын Қинаят Әмина
Майысып бұраңдаған денелеріАлаулап жайнаған көздеріБуын жоқ, бұратылған шыбық дерсің,Алдарыңызда гимназияның гүлдері16.Испан биі
Жүргізуші: Ана сүтінен барлық адам  нәр алған,Ол азығың өзіңменен бірге жаралған.Туа салып тұңғыш татқан дәмің ол,Күш-қуат боп өн бойыңа тараған.
17.Ән: «Ана» Орындайтын: Тұрсынбаев Еркебұлан
Жүргізуші: Пейілділік көл - көсір,Жомарттық ерге сын.Кеңдігін көрсеткен.Қайырымдылық қорында,Ізгілік жолында.Мың алғыс, қонақтар.
Ата аналар атынын сөз сөйлеу үшін 9 а сынып ата анасы Құсайынова Толқын Райхановнаны шақырамыз.
Жүргізуші: Ертеңге талпыныс, болашаққа бағдар, игі іске ұмтылыс – адамзатқа тән құбылыс. «Жұмыла көтерген – жүк жеңіл» , «Мың адам жүрген жерде жол қалады» дегендей көмекке мұқтаж жандарға сүйеніш болып, қолымыздан келген көмегімізді аямайық. Бала сенімінің - нық болуына қадам жасайық!Шерменде болған жүрекке, жылулық сәулесін шашқан, балаларға қол ұшын береміз деген ыстық ықыластарыңыздан бақ, ойларыңыздан саналы сезім, мұқтаж жандарға қамқорлығын аямаған сіздердей азаматтарға алланың нұры жаусын демекпіз.
18.Ән: Тек алға. (Диана және Бекзат)
Осымен «Қайырымдылық адам жанының нұры» атты концертіміз аяқталды. Сау саламатта болыңыздар.
Жүргізуші: Құрметті кеш қонақтары ендігі музыкалық бөліміздің беташарын биші қыздарымыздың биімен ашалық.
Майысып бұраңдаған денелеріАлаулап жайнаған көздеріБуын жоқ, бұратылған шыбық дерсің,Алдарыңызда гимназияның гүлдеріБи. Орындайтын Мұратова Мадина.Жүргізуші: Күйі бөтен демеймін, үйі бөтен,Жақсы адамдар бар екен, сүйіп өтем,Жамандарды іздемен, өзі ақ табар,Жақсыларды табуың қиын екен...Ән. «Көнеміз ғой» Орындайтындар: Жолбергенов ДаниярАмантай СаятӘн. «Дүние керуен»Жүргізуші: Мектеп психологы К. Қожановаға сөз.Өтеді ғой... Өтеді барлығы да,Күн арқалап кетеді таңды мына,Менің жаным ашиды барлығына,Таң нұрына, адамның тағдырына.Ән «Айналдым сенен Атамекен». Орындайтындар: ЖәкеновтерНұркен мен НұрханӘн. «Әгугай»Жүргізуші: Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл сәл кем бұра,Қазақ – нағыз қазақ емес,Нағыз қазақ – Домбыра!Білгің келсе біздің жайды, содан сұра тек қана:Одан асқан шежіре жоқ, одан асқан жоқ дана.Күй. «Айжан қыз»Орындайтын: Аманқұлова МаралТүрік биі «Сұлтан». Орындайтындар бишілер тобыЖүргізуші: Атаң болса, анаңмен -Алтыннан соққан қорғаның,Ағаң болса ақылды -Ешкімнен кем болмадың.Інің болса жанашыр -Семсер қылыш білегің.Ақылды қыз, ақылды ұл Өкпе – бауыр, жүрегің.Халық әні «Қоғалай» Орындайтын: Дүйсеғали АйданаКөркемсөз. «Қандай жанмын?» Оқитын Алтынбек БақдәулетЖүргізуші: Бақыт жайлы пікір айтып қызулы топ таластыБірі оны үйден іздеп, бірі қырдан әрі асты.Бірі айтады: бақыт деген - барлық байлық емес пе?Керегінше киіп, ішсең «бақыттысың» демес пе?Бірі айтады: «Жоқ, бақыт деген – қолың жетпес мансап қой»Жұрттан гөрі жүрсең ерек, соның өзі жақсы ат қой.Бірі айтады: «Бақыт деген - жүйрік мініп той тойлау»Ісің болмай күйбеңменен, қарын тойса, қарт ойнау.Бірі айтады: «Бақыт деген - адал жар мен перзент қой!»Ынтымаққа ырыс келген, ол да саған келмек қойПікірлердің таласына осылай мен жолықтымБақыт адам баласына келмес оңай соны ұқтым.Безбеймін мен баладан да, байлықтан да, жардан даМансап жетпес бар адамға үлестіріп алғандаҮміт үзбей іздейді олар, таңдап сол бір уақытты,Оны алыстан іздемелік, жүректен тап бақытты!- деп ақын ағамыз айтқандай бір бірімізге бақыт сыйлар жүрек жылуымыз, мейірімділігіміз сарқылмасын! Аялы алақанымызды, қол ұшымызды созып, қайырымдылық жасап, көмек қолын күткен әрбір жанның жүрегіне жылылық ұялатып, өмірге деген көзқарасын өзгерту осы отырған барлық азаматтың борышы.Ендеше болашағымыз бақытты болсын десек, бір бірімізге қолдан келер қамқорлығымызды аямалық ағайын!Қадірменді қонақтар! Осымен бүгінгі мерекелік кешімізді аяқтай келе, сіздерге алтын уақыттарыңызды бөліп, тамашалағандарыңызға шын жүректен алғысымызды айтамыз. «Қайырымдылық - адамгершілік белгісі» атты қорытынды кешімізді жабық деп жариялаймын.Хор «Атамекен»Соңы