Маком-?мірден сыр шерткен музыка (5 сынып)


Сабақтың тақырыбы: Маком-өмірден сыр шерткен музыка
Сабақтың мақсаты:  Балаларға қазақтың музыкасымен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылады қазақтың музыкасына деген қызығушылығын дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды қазақтың музыкасын білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекті құралдары: үнтаспа
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілдері: жаңа сабақты түсіндіру, ән үйрену т.б.
Пәнаралық байланыс: музыка тарихы
I.Ұйымдастыру:
2.Сәлемдесу
3. Оқушыларды түгелдеу
Үй тапсырмасы
Оқушылардан Корей халықтарының музыкалық театрын сұрау. Оқушыларды бағалау.
Жаңа сабақ:
Қазақ музыкасы – өмір шындығын дыбыстық көркем бейнелермен көрсететін музыкалық өнердің ұлттық саласы. Қазақ халқының музыка мұрасы аса бай. Ол музыка HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A4%D0%BE%D0%BB%D1%8C%D0%BA%D0%BB%D0%BE%D1%80" \o "Фольклор" фольклоры және музыка тарихы салаларына жіктеледі. Алғашқы салаға суырып салмалық негізде туған эпикалық жанрлар – HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D1%8B%D1%80" \o "Жыр" жыр, толғау, терме, желдірме және лирикалық әндер мен HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%90%D0%B9%D1%82%D1%8B%D1%81_%D3%A9%D0%BD%D0%B5%D1%80%D1%96&action=edit&redlink=1" \o "Айтыс өнері (мұндай бет жоқ)" айтыс өнері, екіншісіне көне HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%A2%D2%AF%D1%80%D0%BA%D1%96&action=edit&redlink=1" \o "Түркі (мұндай бет жоқ)" түркі дәуірінен бергі кезеңдегі HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D1%83%D0%B7%D1%8B%D0%BA%D0%B0" \o "Музыка" музыка үлгілері мен HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D0%B0%D1%80%D0%B8%D1%85" \o "Тарих" тарихи-мәдени мәліметтер енеді. Қазақ фольклорының елеулі бір арнасы – HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%AD%D0%BF%D0%BE%D1%81" \o "Эпос" эпос. Оған тән музыкалық мақам-саздардың қазақ HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D3%99%D0%B4%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D0%B5%D1%82" \o "Мәдениет" мәдениетінен алатын орны ерекше. Әдеби мәтінге қарағанда музыкалық мақамның марқалау болатыны белгілі. HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B" \o "Қазақ" Қазақ эпосы негізінен екі түрлі HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9F%D0%BE%D1%8D%D0%B7%D0%B8%D1%8F" \o "Поэзия" поэзиялық өлшемге негізделсе (7 – 8 буынды жыр және 11 буынды қара өлең), оның мақамы да осы жүйеге құрылады. Қазақ музыкасындағы сырлы сазды, терең толғанысқа толы кең тынысты, әуезді әндер – 19 ғасырдан желі тартса, речитативті әуенге құрылған HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%AD%D0%BF%D0%B8%D0%BA%D0%B0&action=edit&redlink=1" \o "Эпика (мұндай бет жоқ)" эпикалық дәстүр – алғашқы, HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9B%D0%B8%D1%80%D0%B8%D0%BA%D0%B0" \o "Лирика" лирикалық әндер – соңғы құбылыс. Бірақ, HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%94%D3%99%D1%81%D1%82%D2%AF%D1%80" \o "Дәстүр" дәстүр тұрғысынан келгенде қазақ даласының түрлі аймақтарында олардың бәрі бірдей сақтала бермеген. HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D1%8B%D1%80_%D0%B1%D0%BE%D0%B9%D1%8B" \o "Сыр бойы" Сыр бойы, Атырау алқабында – эпос, Жетісуда – терме, Орталық Қазақстанда кең тынысты лирикалық әндер басым дамыған. Қазақ музыканың үлкен бір арнасы – қобыз, сыбызғы және домбыра күйлері. Бұл үшеуінің де арнайы музыкалық қоры мол сақталған, сол себепті халық аспаптары ретінде танылады. Ал жетіген, адырна, үскірік, шаңқобыз, асатаяқ секілді музыкалық аспаптар фольклорлық сатыда ғана көрінеді. Олардың ұлттық сипатынан гөрі типологогиялық табиғаты үстем. Мысалы, бір ғана шаңқобыз аспабын кеңес дәуіріндегі халықтардың барлығынан дерлік кездестіруге болады. Музыкалық аспаптар бүгінде олардың дыбыс шығару ерекшеліктеріне сай хордофон, идиофон және аэрофон болып жіктеліп жүр.
Дауыс жаттықтыру:
Ән: «Анашым» әнін жаттап үйрену.
Сабақты қорытындылау:
Бүгінгі сабағымызды қорытындылай келетін болсақ, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай?
Маком-өмірден сыр шерткен музыка
Үйге тапсырма: Анашым әнін жаттап келу.Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды.
Сау болыңыздар!