Мені? к??іл к?йім (1 сынып)


Сабақ жоспары
Пәні: Түзете-дамыту сабақ
Мұғалімі: Сүлеймен Әдемі
Сабақтың тақырыбы: Менің көңіл-күйім
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Көңіл-күй туралы жалпы түсінік беру.
Дамытушылық:
Зейінін, есте сақтау қабілетін дамыту, ұсақ моторикасын дамыту,елес,қиялын, шапшаң ойлауын, түстерді ажырата білуін, жалпы жан-жақты қабылдауын дамыту.
Тәрбиелік:
Қоршаған ортаны қорғауға, айналамен қарым-қатынас жасауға, адамгершілікке, инабаттылыққа, сыпайылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу, баулу. Үлкенге құрмет, кішіге ізет түсінігін бойына сіңдіру.
Сабақтың түрі: Жаңа
Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелесу, түсіндірмелі, сұрақ-жауап, ойын.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, құрастырмалы суреттер, карточкалар, түрлі схемалар.
Құрал-жабдықтар: түрлі-түсті қарандаштар, мектеп құрал-жабдықтары.
Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі
Баланы бар ынта , зейінін сабаққа қарату, ынталандыру.
Бүгін қай күн?
Аптаның қай күні?
Ауа-райы қандай ?
Бүгінгі сабаққа көңіл-күйін қандай?
Әріпке байланысты ойын жүргізіледі.
Суретпен жұмыс.
Сегіту сәті: Мен саған сенемін.(Бір жайлы әуен қойылады , көзін жұмып,өзін мадақтау)
Сабақты қорытындылау.
-Айта қойшы бүгін сабақта не өттік?
- Жеке тұлға дегеніміз кім екен?
-Қазір көңіл-күйін қалай?