Урок по предмету музыки ?н к??ілді? ажары 1 класс


Сынып: 1
Пән: музыка
Күні: 22. 09. 2015
Сабақтың тақырыбы: Ән көңілдің ажары.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: оқушыларға «Әнші бала» әнін үйрету, әнді дүрыс, әдемі орындауға үйрету;
Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, өз елін, жерін, Отанын сүюге, оны қастерлеп, құрметтеуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін кеңейту, патриоттық сезімдерін ояту, еңбекке баулу.
Сабақтың тегі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ-жауап, көрнекілік.
Сабақтың көрнекіліктері: суреттер, үнтаспа.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, сабаққа даярлықтарын тексеру, назарларын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық:
Екі көз не үшін керек?
Жақсыларды көру үшін керек.
Екі құлақ не үшін керек?
Ақыл-кеңес тыңдау үшін керек.
Екі қол не үшін керек?
Елге көмек жасау үшін керек.
Екі аяқ не үшін керек?
Туған жерге жету үшін керек.
ІІ. Жаңа сабақ:
Әнші бала
(Ойын әні)
Өлеңін жазған: Ә. Асылбек
Әнін жазған: Ж. Тезекбаев
Шырқап әнге саламын,
Тапсаң, сонда барамын.
Ал таппасаң, қаламын,
Сені қосып аламын.
Балалар, сабақта ән айтқанда не істеуіміз керек?
Мына суреттің дұрысын таңдап алыңдар да, әңгімелеңдер.
Әнді дүрыс, әдемі айту үшін:
Түзу отыру немесе тұру;
Басы мен денені тік ұстау;
Иығын төмен түсіру;
Отырғанда екі қолын тізеге қою, тұрғанда төмен түсіру керек.
Әнші балапан
Өлеңін жазған: Қ. Қазыбеков
Әнін жазған: М. Омаров
Әнші, биші, әнші балапан,
Әнші, жыршы, күйші балапан.
«Әнші балапан» әнінің қайырмасын хормен қосылып, көңілді орындаймыз.
ІІІ. Сабақты бекіту:
«Әнші бала» ойыны: Балалар кезек-кезек ән орындайды. Бір бала теріс қарап тұрып, әнді тыңдайды. Ол ән айтқан баланың дауысын танып тауып алуы қажет.
ІҮ. Қорытынды:
Бүгін қандай тақырыппен таныстық?
Қандай тапсырма сендерге ұнады?
- Қандай әнді үйрендік?
- Әнді кім шығарады?
- Әнді кім орындайды?
Ү. Мадақтау.
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларға көрнекіліктер таратып, оларды мадақтау.