«?н-к??ілді? ажары» ?н бай?ауы.


«Ән-көңілдің ажары» ән байқауы.
Мақсаты:Мектебіміздегі әнші,өнерлі оқушыларды анықтау.Құрметті көрермендер, ұстаздар,балалар. Бүгін өзін-өзі тану апталығына арналып өткізілгелі отырған «Ән-көңілдің ажары» ән байқауына қош келдіңіздер!1-жүргізуші:Көңілдері марқайып бір қалсыншыӨнерпаздар шырқап әнге салсыншы.2-жргізуші:Тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздегі береке мен тыныштық мәңгі жасасын.Иә қазақ халқы өнерді жоғары бағалап, оларға ерекше құрмет көрсеткен. «Сал, сері» деген атаулар беріп ыстық ықыласқа бөлеген.1-жүргізуші:Менің ойымша оған бірінші дарын, икемділік, жұртшылықты өзіне қарату, ерекше сезім иесі және терең білім мен шеберлікті қажет етеді.Ендеше біздің мектебімізде осындай өнерлі балалар бар ма?2-жүргізуші:Олай болса тұрмайық байқауымызды бастайық.Әділ баға беретін Әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар:
1- жүргізуші:
Ауылымның аңсаймын,
Таңғы жұпар ауасын.Шаршағанда жаныма,
Өзің ғана дауасың,- деп ақындарымыз жырлағандай ортаға «Бұлқынды жүрек» әнімен Оралғазин Нұрасылды қарсы алыңыздар.
2- жүргізуші:
Біз доспыз гүлдермен, Текке оны жұлмаймызТой күні бір-бірденАналарға сыйлаймыз.
Сахна гүлін ортаға шақырайық,ортада Тамен Айдина «Аппақ гүлдер»әнімен, тамашалаңыздар.
1-жүргізуші:
Орындап ата-ана өсиетінБаламын жасы үлкенге бас иетінПаш етем ер жеткен соң бар әлемгеЖаңарған нағыз қазақ қасиетін,
-ортаға Семейханова Аяулымды «Армансыз күнің болмайды»әнімен шақырамыз.
2-жүргізуші:
Қазақ халқында әншілік, бишілік, сазгерлік, ақындық қасиеті тоғысқан сегіз қырлы бір сырлы жандарды «өнерлі» деп атаған.Ендеше осы өнер қайдан шығады.
1- жүргізуші:Сен бір нәрсені айтпай тұрсың. Қазақта «Асыл тастан, өнер жастан» деген мақал бар. Қай өнер болса да жастайынан машық болу керек.Әрине бар.2-жүргізуші:
Жас дәуірдің түлегіміз,
Ән салу біздің өнеріміз
Әрқашанда аман бол,Осы біздің тілегіміз- дей келе сахнаға Нұрахметова Жансаяны шақырамыз
«Жаса, Қазақстан!» әнімен,қарсы алыңыздар.
1-жүргізуші:Сахнада ән сап жүреді,Еркежанды бәрі біледі.Қазіргі бізге тартуы,«Мерекең» Әсем әні де.Жақсыбекова Еркежан «Мерекең» әнімен, қарсы алыңыздар.
2-жүргізуші:
Достық, достық жасасыншы мәңгілік,Достықты жүрейік тек ән қылып.
-дей келе,Бекетаева Дильназ,Берікқалиева Еркежан,Аскербекқызы Зейнеп «Алтын бесік» әнімен қарсы алыңыздар
жүргізуші:
Татулық пен достық біздің Отанды,Жарастырсын бейбітшілік сән құрып.
Асанова Мөлдір «Туған ел» әнімен тамашалаңыздар!
2- жүргізуші:Ертең-ақ мен ержетіп,Әншілердей боламын.Үлгі тұтып жақсыны,Менде әнге саламын,- Назарбаева Еркежан,Тохтахунова Тахмина,Оралғазина Айым «Туған жер» әнімен қарсы алыңыздар.1- жүргізуші:Енді «Ән-көңілдің ажары» байқауының жеңімпазын анықтау үшін ортаға әділқазы алқаларын шақырамыз.Әділқазылар ең жақсы ән орындаған балаларды айтып, алғыс қағазбен марапаттайды.
2-жүргізуші:Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар,баршаңызға көп рахмет!!!