Балаларды ертегілер ?леміне саяхат?а апарып, театр т?рлерін ажырату?а, театр?а бар?анда ?алай отыру, ?зін – ?зі к?пшілік ортада ?стай білуге ?йрету. Ертегіні тындай білуге, ертегіні баяндау?а


Білім беру саласы: Қатынаc Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Көркем әдебиет Тақырыбы: «Ертегілер әлеміне саяхат» Мақсаты:
1. Білімділік: Балаларды ертегілер әлеміне саяхатқа апарып, театр түрлерін ажыратуға, театрға барғанда қалай отыру, өзін – өзі көпшілік ортада ұстай білуге үйрету. Ертегіні тындай білуге, ертегіні баяндауға дағдыландыру. 2.Дамытушылық:Балаларды сюжетті – желілі рөлдік ойындарды ойнату арқылы арқылы тілдерін дамыту, байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру. 3. Тәрбиелік:Өмір қауыпсіздік ережелерін сақтау. Әдептілікке, сыпайыболуға, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Көрнекіліктер: театр түрлері: қуыршақ, саусақ, қолғап, үстел – үсті театрлары, сиқырлы кілемше, театрға билет, афиша, ертегі кейіпкерлерінің бетперделері. Сөздік жұмыс: театр, афиша, билет
Билингвалды компонент: саяхат – путешествие – traveling ; жеті – семь – seven; лақ – козленок -goatling
Әрекет кезендері Тәрбиешінің іс - әрекеті Баланың іс - әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Шаттық шеңбірі:
Алақанды ашайық
Күн жылуын салайық ,
Ана мейірімін салайық, Жүрек жылуын салайық, Қонақтарға шашайық.
Балалар шеңберге тұрып қонақтарға өздерінің жылы тілектерін білдіреді.
Іздену - ұйымдастырушылық Балалар, біз бүгін сиқырлы кілеммен ұшып, театр әлеміне саяхатқа барамыз.
Мынау балалар театр түрлері. Театрдың түрлері көп. –Сендер мұнда қандай ертегіні көріп тұрсындар?
- Өте дұрыс балалар, бұл қуыршақ театры.
- Ал, үстел үстіндегі қандай ертегілер?
– Дұрыс, бұл үстел – үсті театры екен. – Ал, мынау балалар афиша.Афишада болашақта қойылатын қойылымдар Сиқырлы кілемге отырып, ертегілер әлеміне ұшады.
«Үйшік» ертегісі
– «Бауырсақ», «Жыл басына таласқан хайуанаттар»ертегілері. – «Бауырсақ», «Қызыл телпек», «Жыл басына таласқан хайуанаттар»,
жайлы жазылады – Ал, мына афишада қандай ертегілерді көріп тұрсыңдар?
– Өте жақсы, енді осы театр әлемінен бір ертегіні тамашалайық. Қазір бір бала барып билет алып келсін. Бірінші балаларды санап ал, неше бала бар екен?Біз күте тұрайық.
Касса алдындағы әңгіме:
Билет сатушы: Саусақ тетры бойынша «Жеті лақ» ертегісі.
– Жақсы олай болса театрда шуламаймыз, ертегіні тыныш отырып тындаймыз.
– Ертегі ұнады ма? - Ертегі не туралы екен? – Есікті бөтен біреуге ашуға бола ма екен?
– Балалар ертегіні тыңдап шаршадық қой деймін, олай болса серігіп алайық. «Көңілді лақтар» - көңілді әуен қойылады,
Шөре-шөре, лағым,
Тентек болма, шырағым!
Секектеме, деміңді ал,
Селтеңдемей құлағың.
Желілі - рөлдік ойын: «Жеті лақ».
Балалар арнайы бет –перделерін киіп, рөлдерге бөлініп, шағын ертегі қояды.
«Түйме қыз», «Шалқан», «Алтын жұмыртқа», «Жеті лақ».
Бала: Сәлеметсіз бе, бүгін қандай ертегі болады?
Бала: Билет бар ма екен?
Бала: Он билет апай.
Бала: Көп рахмет. – Міне он билет.
-Иә
-Лақтар туралы
-Жоқ болмайды.
Көңілді лақтар болып секендеп билеу.
Рефлексивті корригиялық - Балалар, мына лаққа қарандаршы, бұл қандай лақ?
– Олай болса тентек лақты , ақылды лаққа айналдырайық, келісесіндер ме? – Онда мына сұрақтарға жауап берейік. – Тентек лақ болуға бола ма?
-Қандай болу керек? - Ертегіде неше лақ болды? -Лақтар мамасының тілін алды ма?-Ал, біз мамамыздың тілін аламыз ба? Ендеше мына әдемі лақ секілді тәртіпті, сыпайы, тіл алғыш бала – Тентек , мамасының тілін алмайтын, ақымақ лақ.
– Иә.
- Жоқ.
-Ақылды.
-Жеті лақ болды.
- Жоқ, тілін алмады.
-Иә
боламыз ба? Енді, сиқырлы кілемге отырып, тобымызға қайтайық. Кілемге абайлап отырамыз.
-Сендерге театр әлемі ұнады ма?
-Олай болса, келесі кездескенше «саубол» театр әлемі!- деп айтайық.
-Біз ақылды бала боламыз.
– Иә.
-«Саубол театр әлемі»
Күтілетін нәтиже:
Білу керек:театр түрлерін білу керек.
Болу керек: ертегіні тындай білу әдеті қалыптасқан
Істей білу керек:сюжетті желілі – рөлдік ойындарды ойнай біледі
-76898531197200
28575023368000