5 сынып о?ушыларыны? орта буын?а бейімделуін зерттеу ?дістемелері


5-сынып оқушыларын зерттеу барысында келесі аспектілерге көңіл бөлінді.
1.Баланың танымдық іс-әрекетінде көрінетін психологиялық ерекшеліктері.
- когнетивті үрдістердің даму деңгейі мен феноменінің педагогикалық талаппен байланысы;
- танымдық іс әрекеттің жеке ерекшеліктері;
- ақыл ойының қаблеттілігі, ақыл – ой әрекетінің өсуі.
2.Жеке мотивациялық өрісінің ерекшеліктері
- мазасыздық
3.Оқушылардың әлемге көзқарасы қарым-қатынас жүйесінің ерекшеліктері
- оқушының сыныптастарымен эмоционалды қарым –қатынасы;
- мектептегі маңызды іс-әрекеттерге қатынасын (біріншіден баланың сыныптастарының өзіне қарым-қатынасын қалай қабылдайды, екіншіден, қарым –қатынаста өзінің жеке позициясын, сондай ақ осы қарым-қатынастардың эмоционалдық жағдайын қабылдауы қалай екені ескерілді )
4. Оқушылардың мектепішілік қарым-қатынастағы іс-әрекет ерекшеліктері зерттелді.
II.Ата-ана,педагогтармен жұмыс.
Сынып жетекшілері мен пән мұғалімдеріне арналған семинарда бейімделу кезіндегі алғашқы қиындықтар мен оның мақсаттары туралы айтылады. Егер балалардың кейбіруі төмен нәтиже берсе, мектепте қиындықтар сезінсе , онда ата-анасымен жеке түрде немесе ата-аналар жиналысында айтылады.
III. Профилактикалық жұмыс.
Профилактикалық жұмыс қолдауды қажет ететін оқушыларға бағытталып. Тренинг түрінде жүргізіледі.
IV. Түзету дамытушылық жұмысы.
Орта мектепке бейімделу кезінде қиындық көрген оқушылармен жүргізіледі. Бұл жұмыс жеке немесе топпен жүргізіледі
Қорытынды жұмыс.
Істелінген жұмыстарды саралау,талдау,нәтижесін шығару, қажет болса түзету жұмыстарының жоспарын даярлау.