Т?уелсіздігімізді? 25 жылды?ына орай «Жастар ?аза?станны? болаша?ы» атты студент жастарды? патриотты? ?н-би бай?ауы



Маңғыстау облысы
Бейнеу ауданы
«Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжі»
Жоғары санатты информатика пәні оқытушысы
Аюпова Назым Байдуллаевна
17- қараша студенттер күніне  арналған Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай «Жастар Қазақстанның болашағы» атты студент жастардың патриоттық ән-би байқауы.
Тәрбие сағатының мақсаты: Студенттерді мереке тарихымен таныстыру. Студент жастардың Қазақстанның болашағына деген патриоттық сезімі мен азаматтық жауапкершілігін, әлеуметтік белсенділігі мен рухын арттыруға бағытталған. Белсенділікке, жан-жақтылыққа, уақытын тиімді пайдалануға, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Студенттік кезде терең білім алып, бәсекеге қабілетті маман болып шығуға үндеу. 
Тәрбие сағатының көрнекілігі: «Студенттік өмірдің алғашқы кезеңдері» атты презентация.
Тәрбие сағатының өткізілетін орны: файе
Топ жетекшісі: Құрметті оқытушылар мен студенттер! Бүгінгі «Студенттер күні» мерекесі құтты болсын!     17- қараша  студенттер күніне арналған «информатика пәнінен бастауыш білім беру мұғалімі» бөлімінің ИнБ-84 топ студенттерінің ұйымдастыруымен «Жастар Қазақстанның болашағы» атты патриоттық  ән-би байқауына қош келдіңіздер!  Студенттік шақ Сіздердің өмірлеріңіздегі қызығы мен шыжығы мол үлкен мектеп. Білімді студент білікті маман болады. Білікті маман беделді тұлға болады. Ел біртуар тұлғасымен тұғырлы болады. «Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжі» түлегі ретінде еліміздің тұғырын биіктетер ұл-қызы болыңыздар. Аңсаған армандарыңызға, алға қойған мақсаттарыңызға жетіңіздер! Білікті маман атанып, еліміздің әрбір саласында «Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжі» шәкірті деген құрметке ие елеулі азаматтары болуларыңызға шын жүректен тілектеспін!
Келесі кезекті бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай «Жастар Қазақстанның болашағы» атты патриоттық  ән-би байқауының жүргізушілеріне берейік.
1-жүргізуші: Армысыздар, қадірменді халайық!Сәлем сөздің сыр айнасын ашайық.Қуанышты шаттықпенен жүздесіп, Баршаңызға мол қуаныш сыйлайық.
Сәлеметсіздерме ме, құрметті оқытушылар мен студенттер! Бүгінгі біздің кешіміз қызықты да көңілді студенттер күніне арналады! 
2-жүргізуші:         - Айтулы студенттер мерекесінің тарихын біреу білсе, біреу білмес. Мереке тарихын біліп жүргеніміз артық болмас.
1-жүргізуші: 1946 жылы 17 –қарашада Дүниежүзілік студенттер конгресі өтті. Прага қаласында ұйымдастырылған шара патриот студенттерге арналған еді. Чехтардан бастау алған айтулы күнді ойын-тойсыз, көңілді кешсіз өткізбейміз. Бірақ тарихы қанды оқиғамен байланысты. 1939 жылы 28-қазанда Чехословакияны фашисттер басып алған болатын. Сол кезде Чехословакия мемлекетіндегі білім күнінің бір мерекесін атап өтпекке прагалық студенттер мен олардың оқытушылары шеруге шығады. Басқыншылар шеруді таратады, сөйтіп атысты бастайды. Медицина факультетінің студенті Ян Оплетал да сол кезде қаза тапқан.
2-жүргізуші: Ян Оплеталдың қазасынан кейін 15-қарашада студенттер қайта көтеріледі. Сол кензде ондаған шерушілер тұтқынға түседі. 17-қарашада гестапошылар мен эсэсшылар таңертең жатахананы қоршап алады. 1200-ден астам студентті тұтқындап, Заксенхаузен концлагеріне қамаған. Студенттер қозғалысының белсенділері мен тоғыз студентті Рузина ауданындағы түрмеде дарға асқан. Гитлердің бұйрығымен чехиялық жоғары оқу орындары соғыс біткенше жабылды. Мереке тарихымен таныс болдық, ендігі кезекке ИнБ-84 тобы студентінің әнші қыздарына береміз.
__________________________________________________________________
1-жүргізуші: Ащыны да, тәттіні де көріп тұрар, Сонда да жанарыңда бақыт тұрар. Бірде аш, бірде тоқ боп жүре тұғын, Біз сияқты "студенттер" бақыттылар! –дей келе «Жастар Қазақстанның болашағы» атты студент жастардың патриоттық ән-би байқауын бастауға рұхсат етіңіздер..
Байқаудың шарттары:
– Әндер  жанды дауыспен орындалады;
– Қатысушыларға сыйлықтар, номинациялар және  дипломдар тапсырылады;
– Әннің ұзақтығы 3-4 минут;
– Байқау жеңімпаздары арнайы  сыйлықтармен марапатталады;
-Уақыт өлшемі ережеде көрсетілген уақытпен шектеледі. Көрсетілген уақыттан аспау;
– Тақырыптан ауытқымау;
Байқаудың кезеңдері, өткізілу тәртібі;
– Өнер көрсету  3 түрлі байқау түрінен тұрады:
1-кезең: патриоттық әндер байқауы
2-кезең: патриоттық би байқауы
3 -кезең студенттердің өздері дайындаған тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай берілген еркін қосымша жұмыстары 
Байқауға қатысушыларды бағалау жүйесі /критерийлері/  5-10 балл
1.Орындалатын әннің тақырыптық мазмұны;
2.Музыка ырғағын сезінуі;
3.Сахналық мәдениеті;
4.Әнді,биді орындау шеберлігі /дауыстың кеңділігі, бояуы,мәнері және т.б/
5.Артистік, актерлік шеберлігі;
6.Сахналық киімі;
7.Сахналық келбеті,тартымдылығы  (стиль, макияж, образ);
8.Жеке шығармалардың ұйқастығы,тереңдігі,мазмұны ескеріледі.
9.«Өнерлі топ» номинациясы ең үздік өнер көрсеткен, көп ұпай жинаған бір ғана топқа беріледі.
10.Жеке өнер көрсетіп, байқау жеңімпазы атанған студенттерге жеке-жеке дипломдар, орындар беріледі.
11.Әр өнер түрлерінде 3 орыннан белгіленеді.(1-4орынға дейін)
Бас жүлде-1
I орын-1
II орын-1
III орын-1
 12.Номинациялар бойынша дипломдар:  «Артистік шеберлігі үшін», «Үздік әнші», «Үздік би қойылымы», «Үздік бишілер», «Өнерлі топ», «» номинациялары бойынша  марапат дипломдары  тапсырылады.
2-жүргізуші: Ал енді әділ-қазылар алқасымен таныс болайық.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасыры – Сазанбаева Ағила
Директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары-Жаңбырова Гүлжамал
Музыка пәні оқытушысы – Қалышова Бейбіт

Олай болса бірінші бастайтын топ _________тобы __________________
2-жүргізуші: Көп-көп рахмет келесі кезек _________ тобы_______________
1-жүргізуші: Сайысымызды жалғастырамыз келесі кезек  _________ тобы ____________
2-жүргізуші: _________ тобы_______________
1-жүргізуші: _________ тобы_______________
Қазиев Нұрлыбектің орындауында «Қазақ осы» әнін қабыл алыңыздар.
Осылайша бірінші кезеңіміз аяқталды. Ендігі кезекті патриоттық би байқауына берейік.
Бірінші болып шығатын топ _________ тобы_______________
2-жүргізуші: _________ тобы_______________
1-жүргізуші: _________ тобы_______________
2-жүргізуші: _________ тобы_______________
Нурова Гаухар мен Айтмуратова Маржанның орындауында «Қазақ осы» әнін қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші:Келесі 3 -кезек студенттердің өздері дайындаған тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай берілген қосымша жұмыстары
1-жүргізуші: _________ тобы_______________
2-жүргізуші: _________ тобы_______________
1-жүргізуші: _________ тобы_______________
2-жүргізуші: _________ тобы_______________
Сайысымыз өз мәресіне жетті.
Енді әділ қазыларымыз сайыскерлеріміздің ұпайының есептері дайын болғанша сіздердің құрметтеріңізге Ізтелиев Шынболат пен Айнашов Амандықтың орындауында «Адай» күйі.
Сән – салтанат жасайық, Күй сандықты ашайық. Бұл мереке бұл тойға, Әннен шашу шашайық, - деп Тоқсанбаева Шұғаның орындауында «Туған жер» әні
қабыл алыңыздар. 1- жүргізуші:
Кім өнерлі бұл кеште, үміт алда, Қобалжу бар жүректе күдік барда. Әділ қазы алқасы атыңды ақта, Әншілерге арманменен бақыт жолда, - дей келе сөз кезегін әділ қазыларға береміз. 
Топ жетекшісі:  Көңіл бөліп  тамашалауға  келгендеріңіз  үшін  көп-көп рахмет!Бүгінгі өткен 17-қараша студенттер күніне арналған  «Жастар Қазақстанның болашағы» атты студент жастардың патриоттық ән-би байқауы өз мәресіне жетті деп ойлаймын. Қоғамның жүрек дүрсілі, өзегі бүгінгі жастар екені белгілі. Ендеше сол жастар, мына сіздер, Қазақстанның болашағын бұлыңғырлатпай, сенімдерін селдіретпей, көк байрақты тік ұстап, еліміздің абыройын асқақтата беріңіздер! Осы кеште ат салысқан студенттерге үлкен алғыс білдіреміз. Алтын уақыттарыңызды бөліп, бүгінгі кешімізге келгендеріңізге көп-көп рахмет.