«1920-1940 жылдарда?ы ?аза?станны? м?дениеті» (9 сынып)


Тақырыбы: «1920-1940 жылдардағы Қазақстанның мәдениеті».
Сыныбы: 9 «А»
Қызылорда қаласыСабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды 1900-1940 жылдардағы Қазақстанның мәдениеті туралы тақырыпты толық ашып, алған білімдерін тереңдетіп, өздігінен іздене білуге үйрету,топтық жұмыс арқылы білім сапасын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды мәдениеттілікке, тәртіптілікке тәрбиелеу, тұлғалық дамудың басты негіздерін оқушы санасына құю, қайталау тақырыбындағы деректер арқылы тәрбиелі ұрпақ қалыптастыруға күш салу.
Дамытушылық: Қайталау тақырыбын оқушылардың өздеріне беру арқылы өз бетімен шығармашылықпен жұмыс жасауын қалыптастыра отырып қорытынды жасауға дағдыландыру.
Сабақтың әдісі: т оптық, ұжымдық сабақ.
Сабақтың тәсілі: л огикалық ой қорыту, дәлелдеу,пікір айту.
Көрнекілігі: Интерактивтік тақта, карта, слайд,тірек сызбалар, таблица, диаграмма.
Сабақтың түрі: Танымдық сайысПәнаралық байланыс:Қазақстан тарихы,қазақ әдебиеті, математика, география пәндеріСабақ барысы:
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. (1-2минут)
Сайыстың топтары:(Сынып оқушылары 6 оқушыдан 4топқа бөлінеді)
І – топ “Алаш”
ІІ-топ “Тұран”
ІІІ – топ “Үш жүз”
ІV – топ “Айқап”
1-кезең: «Зымыран сұрақтар» сайысы.
2-кезең: «Тапқыр болсаң, тауып көр» сайысы.
3-кезең: «Даталар мен цифрлар» математакалық сайысы4-кезең: «Кім жүйрік» капитандар сайысыҚорытындылауМарапаттауҮйге тапсырма беру.
1-кезең: «Зымыран сұрақтар» сайысы.
Шарты: Әр-бір дұрыс жауап 1 ұпай болып есептелінеді. Егер топ сұраққа жауап бере алмаса, басқа топ жауап беруге мүмкіндік алады.
«Алаш» тобы1.Кеңес үкіметі билік құрған алғашқы неше жылдықта Қазақстанда мәдени деңгей артты? (Онжылдықта)
2. Қай соғыс кезінде ересектер арасында сауатсыздықты жою ісі кең жолға қойылды? (Азамат соғысы)
3. Сауатсыздықты жоюға қандай ұйымдар ат салысты?
(Фабрика, зауыт, кәсіпорындар ұйымы, кәсіподақ, Комсомол)
4. Республика ғалымдары оқулықтар, оқу құралдары, әліппелерді нешінші жылы және қанша таралыммен басылып шығарылды? (1934жылы, 468мың)
5. 1931,1937жылдары қазақтар арасында сауаттылар неше пайызға жетті? (37% ,42%)
«Тұран» тобы1.Ресейді қуып жету үшін халықтардың арасында қандай салаларды ашу қолға алынды?
(Ана тілінде мектеп, баспасөз, театр, клуб)
2. 1921жылы 26 маусымда қандай қаулы қабылданды?
(Сауатсыздықты жою ісіне жұмылдыру)
3. Сауатсыздықты жою бағытында қандай құрылыс қарқынды жұмыс жүргізді? (Түркісіб)
4. Сауатсыздықты жою ісінде қандай қиындықтар көп кездесті? (Педагогтардың жетіспеуі)
5. ХХ ғасырдың басында қандай мекемелер көбейді?
(Білім беру мекемелері, Орыс-қазақ училищелер)
«Үш жүз» тобы1. Қай партияның зиялылары революция барысында жазаға ұшырады? (Алаш)
2. 1924 жылы қандай қоғам ұйымдастырылды?
(«Сауатсыздық жойылсын»)
3. Сауатсыздарға, шала сауаттыларға қандай газет шықты? («Төте жазу»)
4. Нешінші жылдары сауатсыздық жою жұмыстары қарқынды жүрді? (І-ші бес жылдықта)
5. 1926 жылы мамырда қандай жарғы қабылданды?
(«Қазақ АКСР бірыңғай еңбек мектептің жарғысы»)
«Айқап» тобы1.Сауатсыздықты жою үрдісі неге баяу ілгеріледі?
(материалдық-техника базасының болмауы)
2. Аздаған сауаты барлар қандай білім алуға тартылды? (Бастауыш)
3. Оқу кітаптары қандай тілдерде таратылды?
(Қазақ, орыс, өзбек, дүнген)
4. І-ші бес жылдықта қанша адам сауатын ашты?
(1млн. Астам)5. Қыздар үшін қай қалаларда мектептер ашылды?
(Шымкент, Алматы, Түркістан, Орда)
ІІ. «Тапқыр болсаң, тауып көр»
Шарты: Кез-келген ұяшықты таңдап, сұраққа жауап берілсе,
ұяшықтағы сан топтың еншісіне түседі.
Жылдар:
10-Нешінші жылы жалпыға бірдей білім беру енгізілді?( 1931ж)
20-Нешінші жылы 15-50жасқа дейінгілер үшін жалпы міндетті білім беру енгізілді? (1931ж)
30- Нешінші жылы балалар үйлеріне 68мың бала орналасты?(1932ж)
40- Нешінші жылы мектеп діннен бөлініп, зайырлы білім беруге көшірілді? (1918ж)
Тұлғалар:
10 – Қазақ педагогикалық институты 1928жылы ашылып, оған кімнің есімі берілді? (Абай Құнанбаев)
20- 1934 жылы Қазақ мемлекеттік университетіне кімнің есімі берілді?
(Киров Сергей Миронович)
30- Алгебра оқулығын жазған автор: (Қаныш Сәтбаев)
40- 1927жылы жарық көрген «Тар жол, тайғақ кешу» атты өлеңнің авторы: (Сәкен Сейфуллин)
Қалалар:
10- 1926жылы тұңғыш ұлттық қазақ театры қай қалада ашылды?
(Қызылорда)
20- 1929-1931жылдары қай қалада Ауылшаруашылығы және медицина жоғарғы оқу орны ашылды? (Алматы)
30- Профессор Санжар Асфендияров Қазақстанның қандай көне қалаларын зерттеді? (Тараз, Қойлық)
40- Революцияға дейінгі кезеңде көптеген қазақ жастары қай қалаларда орта арнаулы оқу орындарға оқыды?( Ташкент, Орынбор, Омбы)
Еңбектер:
10- Шәкәрімнің қандай еңбегінде адам өмірінің мәні мен мұраты оның жолымен тығыз байланыста сипатталады? («Үш анық»)
20-М.Дулатовтың 1909жылы жарық көрген өлеңдер жинағы:
(«Оян қазақ»)
30- 1920-1930жылдарда Иса Байзақовтың жарық көрген еңбегі:
(«Құралай сұлу»)
40- 1934жылы қазақ музыкалық театрында100-ден астам көрсетілген спектакль: («Айман-Шолпан»)
3-кезең: «Даталар мен цифрлар» математакалық сайысыШарты: Берілген есепті шығарып, «Көркемөнердің дамуы» атты тақырыпта шыққан санға байланысты бір тарихи оқиғаны айтып беру
“Алаш”-тобы 1. 3950:2-57=; 2574-655=
2. 7260:3-483=
3. 7700:4=
“Тұран”-тобы 1. 5623-3704 =
2. (11800-11598)+1731=
3. 17343:9=
“Үш жүз”-тобы 1. (15681-15360)+1599=
2. 337 х 3+927=
3. (1935:577)х7-774 =
“Айқап”-тобы 1.(1935:577)х7-787=
2.(2000-286)+(106х2)=
3.925х3-925=; 250х6+435 =
Жауабы:
“Алаш”-тобы 1.1918-1819ж Хлық ақындарының слеттері ұйымдастырылды2.1937ж Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры қайта құрылды
3. 1925ж Парижде Дүниежүзілік көрмесі өтті“Тұран”-тобы 1.1919ж Верный театры жұмыс жасады2.1933ж Алматыда ұйғыр музыкалық драма тетры ашылды3. 1927ж Франкфрутта Дүнеижүзілік музыка көрмесінде жүлделі орынға ие болды“Үш жүз”-тобы 1.1920ж Петропавлда, Ақмолада,Семейде кәсіпқой театрлар жұмыс істеді2.1938ж Ленинград театр училищесінің қазақ бөлімінің 20-дан астам бітірушісі Шымкентке жолдама алды3.1935ж Қазақ мемлекеттік филармониясы құрылды
“Айқап”-тобы1.1926ж Қызылордада республикада алғашқы ұлттық театры ашылды2.1922ж Қарқаралыда халық әншілерінің байқауы өтті3.1850-1935ж Суретші Хлудовтың көркем студиясы ұлттық бейнелеу өнерінің орталығына айналды4-кезең: «Кім жүйрік» капитандар сайысыШарты: Топ басшылары интерактив тақтаның алдына шығып, тақтада көрсетілген суретті баяндап беру керек. Егер 5 сикунд ішінде жауап бермеген жағдайда келесі топ жауап беруге құқылы.
1 бейне фильм: «Елім-ай» әні қойылады.
Сұрақ: «Елім-ай» әні қазақ халқына қандай қайғылы тарихи оқиға кезінде дүниеге келді?
Жауап: жоңғар шапқыншылығының ауыр кезеңіндегі (1723-1725 ) қазақ халқының басына төнген қауіп-қатер, азап-қиыншылықты, боскан елдің мұң-зарын толғайтын тарихи сазды өлең. Ол соңғы кездерге дейін "халық өлеңі" деп танылып келді. Кейінгі зерттеулерде оның нақты авторы - Қожаберген жырау Толыбайұлы делінеді.
2 Бене фильм: «Алаш алыптары»
Сұрақ: 1932жылыФ.Голощекинге ашықхат жазған кімдер және хат қалай аталды?
Жауап: Ғ.Мұсірепов, М.Ғатаулин,М.Даулетқалев,Е.Алтынбеков,Қ.Қуанышев Хат «Бесеудің хаты» деп аталды3 Бейне фильм: «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» филімінен үзіндіСұрақ: «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» пьессасының авторы
Жауап:Ғабит Мүсірепов4 Бейне фильм: :«Қыз Жібек» фильмінен үзіндіСұрақ:«Қыз Жібек» фильмінде Қыз Жібек пен Төлегеннің рөлін сомдайтын актерларды ата.
Жауап: Меруерт Өтекешева, Құман ТастанбековҚорытындылау: Сайыскерлерінің әділ бағаларын білу үшін әділ-
қазылар алқасына сөз береміз.
Марапаттау.
Үйге тапсырма беру: ХХ ғасырдағы театр, кино,бейнелеу өнерін ХХІ ғасырмен айырмашылығын сәйкестендіру.