Саба?ты? та?ырыбы: К?й ??діреті.


5-сынып ІІ тоқсан 3 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Күй құдіреті.Сабақтың мақсаты: Күйдің тарихымен түрлерімен таныстыру.Өз халқының күйшілерін тану. Өнер адамдарына деген құрмет сезімдерін туғызу.Тәрбиелік мәні: Өнерді құрметтеуге, өзін - өзі ұстауға, адамгершілікке, өнерді бағалай білуге тәрбиелеу.Дамытушылық мәні: Оқушылардың ән - күйлерді тыңдай арқылы әуендік сезімталдығын арттыру, есте сақтау, қиялдау, ойлау қабілеттерін дамыту.Сабақтың түрі: Аралас сабақ.Пәнаралық байланыс: Тарих, әдебиет, бейнелеу.Сабақтың көрнекілігі: Күйшілердің суреті, топтастыру, сергіту сәті, сызба жұмыстары, аспаптардың суреті, баян аспабы.Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі:2. Психологиялық дайындық:Үлкендерге сіз,Кішілерге біз.Әдеппенен бас иіп,Сәлем бердік біз!3. Үй тапсырмасын сұрау.«Сары даланы сазбен тербеткен» қазақтың атақты күйшісі Қорқыт атамыз туралы айтамыз.4. «Адасқан ноталар» ойынын ойнату.5. Балалар біздер «Адасқан ноталар» сұрақ - жауап ойыны арқылы өткен сабақты пысықтау. Нота астында жазылған сұрақтарға жауап беріп, ноталарды нота сызығына орналастырамыз.6. Жаңа сабақ.Сабақтың тақырыбы: «Күй құдіреті»- Музыка дегенде көз алдымызға не елестейді? Сұраққа жауап беру.- Ән, күй, би, домбыра бұның барлығын өнер деп атаймыз.Соның ішінде бүгінгі сабақта танысатынымыз «Күй» өнерімен танысамыз.«Күй» дегеніміз не?Күй - домбыра және басқа аспаптарда халық аспаптарында орындалатын музыкалық шығарма. Күйлер домбыра, қобыз және сыбызғы аспаптарында орындалады.Күйлер тақырыбымен мазмұнына қарай: аңыз күйлер, тартыс күйлер, тарихи күйлер, арнау, лирикалық, психологиялық күйлер болып жіктеледі.Аңыз күйлер - халықтың өткен тұрмыс - тіршілігі жайлы баяндайды. «Жетім бала», «Ақсақ құлан» т. б күйлерді жатқызамыз.Тарихи оқиғаларға жоңғар шапқыншылығымен оған қарсы халқымыздың күресі «Ел айырылған», «Жеңіс» атты күйлер.Арнау күйі - белгілі бір адамдарға арнап шығарған күй. Оларға «Абыл»,»Байжұма» күйлерді жатқызамыз.
7. Музыка тыңдату: Абылдың күйі:Абыл
«Нар идірген» хал.күйі
8.Жаңа ән үйрену: «Домбыра туралы баллада» К.Дүйсекеев
9.Музыка сауаты: Күй
10.Жаңа сабақты қорытындылау. Бекіту.
11. Бағалау. Үйге тапсырма:Күй құдіреті. Әннің сөзін жаттау.


Сабақтың тақырыбы:
Күй құдіреті.
5-сынып ІІ-тоқсан 3-сабақ
Мұғалімі: Ә.Есболов
№39 «Қызылөзек» орта мектебі