Д?ниетану п?нінен саба? Мені? Отаным2-сынып


Дүниетану 2-сыныпСабақтың тақырыбы: Біздің Отанымыз.Сабақтың мақсаты: Білімділік.Отан – Қазақстан, туған елі туралы түсініктерін кеңейту. Отан – өзінің тұратын, өмір сүретін жері ретінде түсіндіру.Дамытушылық.Оқушылардың ой-өрісін, сана сезімін дамыту. Туған ел, Отан туралы оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін арттыру.Тәрбиелік. Оқушының еліне деген сүйіспеншілігін, мақтаныш сезімі арқылы патриоттық тәрбие беру.Сабақтың түрі: Дамытушылық сабақ.Сабақта қолданылатын әдістер: ой қозғау, қызығушылықты ояту, мағынаны таныту, ой толғаныс, Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның картасы , суреттер, бүктемеСабақтың барысы.І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.ІІ. Психологиялық дайындық.
Әуенмен бой сергіту.
ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылар жетондар арқылы бағаланады .
Тірек сызба арқылы үй тапсырмасын сұрау. «Адам құқығы жайлы Декларациядан үзінді»

Жәбір
көрсетуге



Кемсітуге Ренжітуге
Құқығы жоқ



Біреудің атына Жеке басының
кір келтіруге тіршілігіне
араласуға


Ақысыз оқуғаМамандық
алуға


Құқығы
бар



Ойындағысын
еркін айтуға Ақысыз ем
алуға


ІҮ. Жаңа сабақ 1. Ой қозғау.
1603375301625Оқушылармен ребус шешу.Ребустан шыққан сөз жаңа сабақтың тақырыбы
О , ,,, - Ендеше, балалар бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: « Біздің Отанымыз».
2.Сұрақ-жауап:
-Біздің Отанымыз қандай ел?
-Қазақстанның президенті кім?
-Қазақстанның астанасы қай қала?
-Қазақстанның рәміздерін ата?
-Елтаңба қай жерлерде бейнеленген және қайдан көруге болады?
-Металл ақшада, мемлекеттік ғимараттарда, Президенттің жұмыс бөлмесінде, мөр, туу туралы куәліктерде бейнеленеді.
-Мемлекеттік ту қандай жерлерде тұрақты орналастырылады?
-Ту –Президент сарайында, парламентте, мемлекеттік мекемелерде тұрады. Ту- ұлттық мерекелер кезінде көтеріледі.
-Әнұран қай жерлерде айтылады?
-Әнұран-жиналыстарда, салтанатты мәжілістерде айтылады.
3. Оқулықтан тақырыпты оқушыларға тізбектеп оқыту.
-Қазақстанды неліктен «Туған жер», «Отан-ана», «Атамекен» дейді? -------Қазақстанның көп бөлігін далалы жер алып жатқандықтан оны қалай атаймыз?3. Қызығушылықты ояту. Қазақстанның картасымен оқушыларды таныстыру.
Шекералас жатқан елдермен таныстыру: Солтүстігінде –Ресей мемлекеті, онтүстігінде-Өзбекстан , Түркіменстан, Қырғызстан , шығысында –Қытаймен. Қазақстанның қалалары: Солтүстік Қазақстан облысы(Петропавл), Ақмола облысы (Астана,Көкшетау) Алматы облысы( Алматы, Талдықорған), Павлодар облысы (Павлодар), Қарағандыоблысы (Қарағанды) Ақтөбе облысы (Ақтөбе), Шығыс Қазақстан облысы (Өскемен), Батыс Қазақстан облысы (Орал), Маңғыстау облысы (Ақтау), Атырау облысы(Атырау), Қостанай облысы( Қостанай), Оңтүстік Қазақстан облысы (Шымкент), Қызылорда облысы, Жамбыл облысы .
Ү.Сабақты бекіту
1.Ойын. Әріп теру. Отан деген сөздің әр әріпінен өз Отанын қорғайтын азамат қандай болу керек? Соған байланысты сөздер ойлайық.О – оқымысты, Отан сүйгішТ – тәртіпті, талапты.А – ақылды, адал.Н – намысшыл, нағыз ер.2. Венн диаграммасы.

Қазақстан Отан Ауылым

3. Бақтыбек Қозыкеевтің «Отан» жайлы өлең жолдарын сәйкестендіруОтан тұр ұрып
Әр кеудеде халық жүрегі
Анаң жүгіріп
Келе жатсаң болып күледі
4. Дәптерлеріне «Отан» , «Туған жер» тақырыбына байланысты шағын мәтін жаздырту.
ҮІ.Қорытынды: 
1.   Қазақстанның қандай қалаларын білесің?
2.     Біздің Отанымыз қай мемлекет?
3.     Қазақстанның көмір шығаратын кен орны қай қалада?
4.     Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?
5.     Қазақстан Рспубликасының Президенті кім?
6.     Отан сөзіне синоним сөздер.
7.     Астананың әдемі жерлерін ата.
8. Отан туралы мақал –мәтелдер сұрау.
ҮІІ.Бағалау: Қай оқушы көп жетон жинауына байланысты бағалау.
Мұғалім: Балалар, сендер тәуелсіз Қазақ елінің ең жас ұланысыңдар. Сондықтан өз жерің мен өз еліңді әкелерің мен аталарың сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиіс екендеріңді есте сақтаңдар!
Үйге тапсырма: «Біздің Отанымыз» мәтінін оқу. Отан туралы мақал-мәтелдер жинау. Отан туралы өлең құрау. Сыныпта жазған мәтінді шығармағып жазып келу.
Жолдыбай негізгі мектебі
Дүниетану пәнінен ашық сабақ

Өткізген: Қыдырбекова Н.Қ.
2-сынып