Та?ырыбы: Жа?андану жа?дайында о?ушылар?а ?лтты? т?лім-т?рбие беруді? ?зекті м?селелері (7 сынып)


Ашық тәрбие сағаты
Ашық тәрбие сағаты Мектеп: Ордабасы ауданы «Мұхаметқұл Исламқұлов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Күні: 15.03.2017 ж Мұғалімнің аты-жөні: Сағымбекова Э.А
Сынып: 7 «Ә» Қатысқандар саны: 25 Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы: Жаһандану жағдайында оқушыларға ұлттық тәлім-тәрбие берудің өзекті мәселелері
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) Жаһандану үрдісі туралы мағлұмат беру, ұлттық тәрбие берудің өзекті мәселелері не екенін білу және түсінік қалыптастыру.
Барлық оқушылар: Жаһандану үрдісі туралы біледі.
Оқушылардың басым бөлігі: Жаһанданудың құрамдас бөліктері бар екенін түсінеді.
Кейбір оқушылар: Экономикалық дамуын, өмір деңгейінің жоғарлауын,техникалық жаңалықтардың тез енгізілуін, яғни жеке тұлға үшін де, ел үшін де жаңа экономикалық мүмкіндіктер туғызатынын біледі.Жаһандану жағдайында ұлттық тәрбиенің еш қалып кетпеуіне аса мән береді.
Тілдік мақсат Оқушылар:
-Жаһандану –жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық,мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі екенін біледі .
-Оқушылар топтық және жұптық жұмыстар арқылы қарым-қатынасқа түседі, диалог жасауға дағдыланады
Жоспар
Жспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) Ресурстар
Басталуы
(10 минут)

3 мин
7 мин Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеп керекті құрал-жабдықтарын реттеу
Жағымды психологиялық ахуал туғызу. Оқушылармен бірге тұрып “Шаттық шеңберін’ құру. Сабаққа байланысты бір – біріне ақ тілектерін жеткізу.
Топтарға бөлу.
Мәдени Жаһандану
Экономикалық Жаһандану
Ақпараттық-коммуникациялық Жаһандану Топ аттары
А4 қағазы,
түрлі-түсті маркерлер
Ортасы
20 мин
«Кезбе тілші» әдісі
10 мин
«Жаһандану деген не?» бейнетаспасы көрсетіледі.
1-топқа: Мәдени Жаһандану
2-топқа: Экономикалық Жаһандану
3-топқа: Ақпараттық-коммуникакациялық Жаһандану
«Ой қозғау» әдісі арқылы топқа мына сұрақтар қойылады:
1. Жаһандану деген не?
2. Біздің елімізде жаһанданудың белгілері бар ма? Қандай?
3. Жаһандану заманауи мектептердегі оқу үрдісіне әсер етеді ме? Қалай?
4. Жаһанданудың құрамдас бөлігіне не жататынын түсіндіріп кету.
5. Жаһандану жағдайында ұлттық тәрбиеміз өзгере ме?
Тәрбие сағатын қорытындылау кезеңінде «Кезбе тілші» әдісін пайдалану. Бір оқушы микрофон ұстап алып, әр топқа барып,сұрақтар қояды. Оқушылар өздерін тілші ретінде сезініп сұрақтар қойып, жауаптарына сын көзбен қарауға үйренеді. Оқушыларға берілген жұмысына еркіндік беріп, бағыт бағдар беру қызығушылықтарын арттырып, берілген сұрақтардың шешу жолдарын іздейді.
Қойылатын сұрақтар:
Ұлттық тәрбие дегеніміз не?
Соңғы жылдары жаһанданудың бір тетігі – батыстану. Батыстануға қөзқарастарыңыз қандай?
Жаһандану үдерісі кезіндегі тұлғаның коммуникативті-толеранттылық сипаты дегеніміз не?
Ұлттық мәдени құндылықтар дегеніміз не?
Ұлттық тәрбиенің бастапқы баспалдағы?
Ұлттық мектептегі оқу - тәрбиенің негізгі міндеттері не жатады?
Салт-дәстүріміз жайлы не білесіздер?
Наурыз айында қандай мерекені тойлаймыз?
Қазақтардың ұлттық тағамдары мен сусындары туралы не білесіздер?
Оқушылардың қонақтарға деген сый-тартуы бар ма екен?
ТүйінЕлбасы Н.Ә.Назарбаев IV Еуразиялық Медиа Форумда сөйлеген сөзінде: «Жаһандану бізге еркіндік беріп қана қойған жоқ, бір-бірімізді өзара тәуелді де етті. Ғаламдық жаһандану арқылы адамзаттың алдынан жаңа постидеологиялық кезең ашылды. Оның бізге не берері бүгінгі ұрпақтың білім мен білігіне байланысты. Біздің мақсат – әлемдегі демократияның әмбебап қағидаларына сүйенетін, әр азаматына тұрмыстың ең жоғары дәрежесін қамтамасыз ете алатын дамыған мемлекеттердің қатарына қосылу» деп атап өткені бар. Ендеше, ұлттық тәрбиеден тәлім алған ақжүрек, әділетті жас ұрпақты тәрбиелеп, елімізді ұлттық мемлекет сапасында өрбітелік! Проектор
Бейнеролик
Плакат
А4 парағы
Микрофон
проектор
Аяқталуы
5 минут
Кері байланыс: "SMS" әдісі. Әр оқушы қағаз бетіне көшірілген ұлы телефонның экранына сабақтың қалай өткенін, қаншалықты жемісті болғанын және болашақта нені белгісі келетін жазады. Ұялы телефон арқылы смс жазу.
Бағалау. (қалыптастырушы бағалау.)
Үй тапсырмасы: Тақырыпқа байланысты эссе жазу. Ұялы телефон
Қосымша ақпарат: Интернет ресурстары
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері.
АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс
Рефлексия. Сабақ /оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау.
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)