Іскерлік ойын жоспары О?ыту сапасын арттыру-білім мазм?нын жа?артуды? ?зекті м?селесі


«Үмбетәлі Кәрібаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директордың оқу ісі- жөніндегі орынбасары Баймуратова Зарема Маженовна
Іскерлік ойын тақырыбы "Оқыту сапасын арттыру-білім мазмұнын жаңартудың өзекті мәселесі"
Күні Өткізілетін орны
Тақырыбы "Оқыту сапасын арттыру-білім мазмұнын жаңартудың өзекті мәселесі"
Мақсаты Білім сапасын  арттыру    аясында  қалыптасқан оқытудағы жаңа тәсілдерді  өз   тәжірибесінде қолдану арқылы  оқу үдерісінің даму деңгейін  қалыптастыру.
• Білім беру бағдарламасында жазылған оқу бағдарламасынан күтілетін нәтижелерді анықтау;
• Күтілетін нәтижеге қатысты топтағы нақты бағалау критерийлерін анықтау;
Нәтижесі Оқыту процесін ұйымдастыру барысында   кездесетін түрлі қиындықтарды жеңе білу мақсатында ұстаздар арасындағы ынтымақтастық.  
Оқытудың жеті модулін сабақ барысына кірістіре білуге бағыт береді.
Топпен ынтымақтаса жұмыс жасаудың заман қажеттілігі екенін ұғынады
Түйінді идея Мұғалімдер жаңа білім беру бағдарламасы бойынша оқудағы нақты нәтижелерін анықтайды.
Педагогтар бағалау критерийлерін анықтайтын болады, ол әріптестеріне өз табыстарын көрсетуге мүмкіндік береді.
Кейбір педагогикалық ұстанымдар мен бағдарламаның стратегиялары сабақ жоспарында көрсетіледі.
Мұғалімдер оқытуды жандандыру және ынталандыру бойынша жаттығу әзірлеуге жұмылдырылатын болады, ол тапсырмалар нақты оқу нәтижелеріне бағытталады.
Өз іс- тәжерибесінен Слайд материалы ( таныстырылым)
Сергіту сәті
І кезең – дайындық
Зейінді шоғырландыруға арналған жаттығу;
«Жүректен жүрекке» ойын
Іскерлік ойын 3 кезеңнен тұрады.
(рольдерді бөліп беру, қатысушыларды топтарға бөлу, проблемаларын алдын ала таныстыру, қажетті материалдарын жинау).
Топқа және рольдерге бөлу самолеттер арқылы «Бір айналым сөз стратегиясы»
“Инновация” ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген.
1 –ші топ: Топ атауы Не? Мысалы, Э.Раджерс инновацияны былайша түсіндіреді: “Инновация- нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея”.
2-ші топ: Топ атауы Қалай? Майлс “Инновация – арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз», – дейді.
3-ші топ: Топ атауы Не үшін? Зерттеуші ғалым Ф.Янушкевич «жаңа техналогиялық сабақ мұғалімнің өз әдісін жаңартуға арналған емес, оқушының пайдасына, қажеттілігіне арналу қажет, сонда ғана сапа болады» дейді 4-ші топ: Топ атауы Қашан? Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол “Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі” деген анықтаманы ұсынады. Әр топ мүшелері алдымен самолетегі сөздерді топта талқылап, ортақ шешімге келеді.
ІІ кезең – ойын кезеңі (қатысушылар жасаған хабарламаларды тыңдау, пікір талас жасау, қабылданатын шешімді талқылау және оны бақылау, талқыланған шешімді қабылдау).
Бүгінгі күн білім беру мазмұнына, оқушы мен педагог тұлғасына және қызметіне деген көзқарастардың түбегейлі өзгеріске бет бұрып отырған кезеңнен...
1-топқа, проблемалық тақырып «Білім беру мазмұнын жаңартудағы оқыту мен оқудағы өзгерістер»
Қазақстанымыздың дамыған елдердің стандарттарына деген ұмтылысы мен білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін арттыру бағытында
2-топқа проблемалық тақырып «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту- оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастырудың негізгі жолы»
Заман талабына сай мектеп оқушыларының оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесімен анықтау, өздігінен ізденуге бағыт беретін әдіс-тәсілдердің жаңа формалары туралы проблема көтерілсе, жақсы болар еді...
3 топқа проблемалық тақырып «Оқушылардың білімін бағалау мен жетілдірудің инновациялық әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы білім сапасын арттыру жолдары» (белсенді, бірлескен, оқушы қажеттілігін қанағаттандыру, оқу диалогтері, пәнаралық байланыс, саралап оқыту, интерактивті, электрондық оқыту, модельдеу т.б. оқыту туралы айтылуы тиіс)
Бастауыш сыныпқа жаңа білім стандарты мен критериалды бағалау жүйесінің енгізілуіне байланысты немесе білім беру мазмұнын жаңартылуына байланысты мектеп әкімшілігінің жұмысы қандай болу керек, бүгінгі күнгі дайындығы қандай?
4 топқа... «Бастауыш сыныптарға арналған жаңа оқу бағдарламасындағы негізгі мәселелер және олады шешудің жолдары»
ІІІ кезең – қорытындылау ( проблеманы шешуді тиімді жолдарын іздестіру)
Проблемалық сұрақтарды шешуде SWOT- талдауын жасау
1. Мықты жағы.
2. Әлсіз жағы.
3. Мүмкіндіктері.
4. Қауіп-қатер.
Рефлексия (кері байланыс)
«Рефлексиялық нысана» техникасы
Тақтаға нысананың суреті салынады, ол екі секторға бөлінеді. Сектордың әрқайсысына параметрлер-қалыптасқан әрекеттің рефлексия мәселелері жазылады. Мысалы, мазмұнын бағалау, сабақты өткізу нысандары мен әдістерін бағалау, педагогтің қызметін бағалау, өз әрекетін бағалау. Қатысушы нәтижені бағалауға сәйкес секторларға белгі қояды: нысана орталығына жақын болса, баға ондыққа жақын, нысана шеттерінде баға нөлге тең. Кейін оған қысқаша талдау жүргізеді.
Белсенді қатысты Қызықты болды
Түсінікті болдыЖаңаны білдім
"Оқыту сапасын арттыру-білім мазмұнын жаңартудың өзекті мәселесі"
(Іскерлік ойын)
«Үмбетәлі Кәрібаев атындағы
орта мектеп МДШО» КММ
директордың оқу ісі- жөніндегі
орынбасары Баймуратова З. М.