Физикадан білім сапасын арттыруды? тиімді жолдары


Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы №44 мектеп-лицейі» КММ
Мажинова Ч.Т. – оқу ісінің меңгерушісі және физика пәнінің мұғалімі
Өскелең ұрпақтың біліктілігін артырудың тиімді жолдарыПрезидент Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасында болашақ қоғам мүшелері – жастар туралы айта келіп: «Біздің балаларымыз білігі жоғары жұмысшылар мен фермерлер, инженерлер, банкирлер және өнер қайраткерлері, мұғалімдер мен дәрігерлер, зауыттар мен фабрикалардың иелері, спортшылар болады. Олар мұнай , газ бен электр қуатын, тамақ өнімдерін өндіретін әрі олармен әлемдік экономиканы қамтамасыз ететін болады », - дегені бүгінгі мектепке үлкен жауапкершілік жүктеп отыр.
Елбасымыз осы сөздері бүгінгі ғаламдастыру жағдайына болашақ ұрпағымыз қандай дайындықпен бару керектігі жөнінде ойлауды жеткізді.
«Әрбір елдің келешегі – мектебіне байланысты»,- деп ұлы ақын Мағжан Жұмабаев та текке айтпаса керек.
Ал біз, мұғалімдер, мектептің жаны екенімізді әр уақыт ұмытпай, осындай аса маңызды сенім жүктеліп отырғанын сезініп, өз жауаптылығын арттыруы қажет.
Қазіргі ғылым мен техниканың кең қанат жайған кезеңінде ғылыми- таным әдіснамасы өте зор маңызға ие.Оқытудың мәңгілік сауалы : «Нені оқыту ,қалай оқыту » күн өткен сайын күрделеніп келеді.Білім ауқымы адам айтқысыз кеңейді, технология дамып, ақпаратты таңдай білу мәселесі алдыңғы қатарға шықты.
Ендеше «Мұғалімге жаңа технологияны ғылыми негізде меңгерту және және терең білімді, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу» мәселені өз жұмысына арқау еткен физика мұғалімінің мақсаты мына төмендегідей болу тиіс:
Оқытудың күлтегін нәтижелерді алдын ала жоспарлау;
Оқытудың озық технологиясын пайдалану ;
Дамыта оқыту тұжырымдамасын басшылыққа ала отырып, оқушылардың шығармашылық қызметін ұтымды ұйымдастыру;
Жаңа ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану;
Мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасында ынтымақтастық, достық қарым- қатынас орнату;
Оқушыларда алған білімнің болашағы (яғни нені және не үшін оқуы керек екендігі) туралы түсінік қалыптастыру;
Қажетті біліктіліктерді игерту,оқу материалын зерделеудің сенімді әдіс - тәсілдерін үйрету;
Физика эксперименталдық ғылым болғандықтан, оның практикалық аспектісіне көбірек көңіл бөлу;
Өз бетімен білім алуға, оқулықпен және басқа да оқу әдебиеттерімен жұмыс істей білуге, алған білімін күнделікті өмірдегі түрлі жағдайларға қолдана білуге баулу және т.с.с.
Ешкім де педагог болып тумайды, педагог болып қалыптасады. Ол үшін оның бойында 1) психологиялық – педагогикалық білім; 2) шеберлікпен шектесетін ептілік; 3) деонтологиялық мүмкіндіктері, ерекше ұстаздық мінез – құлық, ойлау қабілеті болмағы ләзім. Деонтология – жүріс – тұрыстағы, қылықтағы, әрекеттердегі парыздылық туралы ілім.
Физиканы оқытуда мен оны бес объектіге бөлемін.
Физикалық шамалар, олардың бірліктері.
Физикалық құбылыстар.
Физикалық формулалар.
Физика заңдары.
Физикалық аспаптар.
Физикалық құбылыстар
Физикалық шамалар
Құралдар
Инерция
Диффузия
M, V, p, P, F, S, U, t
Таразы
Мензурка
Термометр
Динамометр
Физика


Мұғалім – тек сабақ беруші ғана емес, ізденімпаз, жаңашыл, үнемі өз білімін жетілдіріп, сапалы білім берудің жолдарын іздестіріп отыратын тұлға. Мұғалімдік атаққа ие болған адам ұстаздық абыройға ие бола бермейді. Яғни мұғалім көп , ал ұстаз болу үшін өте көп еңбектену қажет
Мұғалім- үйретуші болумен қатар, үнемі үйренуші де болуы керек.
Педогогикалық жаңа технологияны ұтымды пайдалана отырып, жақсы жетістіктерге жету үшін алдымен білім берудің жаңа технологияларын білу және зерделеу міндет:
Білім берудің ізгілендіру технологиясы негізінде (Ш.А. Амоношвили).
Бұл технология мынаны көздейді:
Оқушыны азамат етіп тәрбиелеу;
Олардың танымдық күшін қалыптастыру, дамыту;
Баланың жаны мен жүрегіне жылулық ұялату, адамгершілік тәрбие беру.
Тірек белгілері (сызбасы, сигналы) арқылы оқыту технологиясы. (Шаталов). Мұның ерекшеліктері.
Білім, білік, дағды қалыптастыру.
Барлық баланы оқыту.
Оқытуды жеделтету.
Үнемі қайталау.
Модульдік оқыту технологиясы.
Мақсаты: Оқытуды тұтас жобалау, оқу модулі үш бөліктен тұрады.
Кіріспе.
Негізі бөлім.
Қорытынды бөлім.
Кіріспеде мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылысымен, оның мқсат- міндеттерімен таныстырады.
Содан соң оқу материалын қысқаша сызба, кесте, карта т.б арқылы түсіндіреді.
Қорытынды бөлім – бақылау (түрінде т.б болуы мүмкін ).
Бұдан басқа
Ойын арқылы оқыту технологиясы.
Проблемалық оқыту технологиясы.
Дамыта оқыту технологиясы.
Деңгейлік сараптап оқыту технологиясы.
Оқытудың компьютерлік технологиясы.
Бағдарламалап оқыту технологиясы.
Өздігінен даму технологиясы
Белсенді оқыту технологиясы.
Кәсіби бағдар беру технологиясы.
Барлық жаңа технологияның алдына қоятын мақсаты – оқушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып , шығармашылықтарын қалыптастыру.
Келешекте оқу сапасын арттырып, нәтижелі болу үшін оқу- тәрбие ісінде жаңа педогогилқ технологияларды ұтымды пайдалануымыз керек. Менің жұмыс столымда «Физика және математика», «Физика және астрономия», «Қазақстан мектебі» журналдары үнемі тұрады. Ондағы озық ойлы педагогтар пікірлерінен, іс- тәжірбиелерін үнемі үлгі алуға, үйренуге болады.
Мұғалімнің шеберлігі де сол – озық тәжірбені жетік игеру.
Оларды өзінің күнделікті қызметінде пайдалану білу, осы орайдағы мұғалімнің шығармашылыұ еңбегі, ең алдымен, сабақпен байланысты.
Демек, сапалы, нәтижелі сабақ ұзтаздың тынымсыз еңбегінің айғағы .
Сабақтарымды сабақ мақсатына қарай түрлі әдістемелер таңдаймын.
Олар: физикалық диктант өткізу, түрлі кроссвордтар шешу, тестік тапсырмалар, тапқырлыққа берілетін есептер, физзикалақ немесе астрномиялық жұмбақтар, (мақал- мәтелдер. Өтірік өлең, жаңылпаштар, қызықты сұраулар, физикалық ертегілер, «Адасқан әріптер сайысы», «Кім көп формула біледі?») т.с.с.
Бұл оқушылардың тану белсенділіктерін, ықылас- ынтасын арттырады, оларды ойлауға , еңбектенуге мәжбүрлейді.
Физика сабақтарында есеп шешуге көбірек назар аударамын.
Физиканы оқып үйрену мен болып жатқан физикалық процестерді жете түсіну барысында физикалық есептерді жете түсіну барысында физикалық есептерді шешудің маңызы зор . Өтілген тақырыпты жетік меңгерген үшін, оның физикалық мағынасын ашу, есеп шығару сияқты жолдар оқушының алған білімін тереңдете түседі. Есеп шеше отырып физиканың бір бөліммен байланыстырамыз, тіпті басқа пәндермен: химия, астраномия, математикамен байланыстырамыз.
Мысалы: молекулалық физика есептерін шешкенде химияны жақсы білуіміз керек. Радиолокацияға тиісті есептер, әрине, астрономияға байланысты болып келетіні мәлім т.с.с.
Есеп шығарудың өзі көп ізденісті талап еткендіктен ең тиімдісі есептерді шешу алгоритмін жасау болып табылады.
Физика есептерін шешу алгоритмі
Есептің мазмұны
1.Қысқаша математикалық белгілермен жазу.
2. Есептің мақсатын анықтау
3.Есептің берілуіне байланысты сурет салу, өлшемдерді пайдалану.
4.физика курсының тақырыбын олардың негізгі түсініктері мен формулаларын анықтау
5.берілгендерді бірліктер жуйесіне келтіру.
6. 2-5 белгілер бойынша физикалық есептер мазмұнына математикалық есептеулер мақсатында талдау жасап қорытындылау.
7.Берілген есептерді бір өлшем бірлік жүйесіне келтіріп, есептеу.
8.Алынған сан мәндері мен басқа шамаларды стандарт түрге келтіру.


Алгоритм есепті түсінікті жолмен шығаруға көмегін тигізеді.
Есептің мазмұны
Физика эксперименттік пән болғандықтан, оның практикалық аспектісіне көбірек көңіл бөлу керек. Әрине, кейбір лабораториялық жұмыстарды, жасыратыны жоқ, өткізу мүмкіндігі бола бермейді. Лабораториялық жұмыстарды компьютер көмегімен жүзеге асырудың нәтижесі мол болады.
«Қазіргі заманда жастар ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте - мөте қажет» деп Елбасымыз айтқандай, әрбір ХХІ ғасыр мұғаліміне жүктелер міндет айтарлықтай.
Әрбір мұғалімнің оқыту мен қатар тәрбиеге де аса маңызбен қарағаны жөн. Өйткені тәрбие мен білім егіз.
Қазақстан Республикасының болашақ ұрпақтарының сана – сезімін ұлттық сабақтастыра тәрбиелеу, қазіргі күннің ең өзікті мәселесі.
Мұғалім әрбір балаға құрметпен қарап, оның жан дүниесін ұғынып, тәрбие мен оқытуды қатар алып жүрсе, сөзсіз мұғалім жеңіске жетеді.
Мен оқушыларымды армандауға, анық мақсат құруға, өзін – өзін тәрбиелеуге үйретемін. «Сенің қолыңнан бұл келеді, сен мұны орындай аласың» дегенді көп айтамын. Оқушыға сенім білдіріп, өзіне – өзі сенуге үйретемін.
Оған күш – куат, бағдар беремін. Адамның миында 7 шырақ болады дейді. Оның үшеуін жанса – ақылдылық , бесеуі маздаса – ұлылық, жетеуі бірдей сәуле шашса пайғамбарлық екен.
Ал, сіз бен біз, мұғалімдер оқушылар миының шырағын жаға білейік.
Оқушыларымызды оқуға, ойлауға, пайымдауға, зерек болуға үйретейік.
Дүние жүзілік өркениетке жету үшін ұрпағымыз білімді болуы керек, бүкіл ғаламдық мәдени құндылықтарға ие болуы үшін жан – жақты болып өсуі шарт. Ғасырлар өтсе де мәнін жоймайтын Абай өлеңі бәріміздің ұранымыз болып қалсын!
Ақырын жүріп, анық бас.
Еңбегің кетпес далаға,
Ұстаздық еткен жалықпас.
Үретуден балаға.