Сауат ашу ж?не жазу негіздері С?з ж?не с?йлем та?ырыбына арнал?ан саба? жоспары


Сөз және сөйлем
Сабақтың мақсаты: Балалардың сөз, сөйлем жайында түсініктерін бекіту, ойлау қабілетін дамыта отырып, өз пікірін айта білуге тәрбиелеу.Сөйлемді сөзге,сөзді буынға, буынды дыбысқа талдай білуді үйрету.
Көрнекілігі: сызба, нұсқа, ойындар.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
Шаттық шеңбері:
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой.
Ал қанекей бәріміз
Сәлемдесейік үлкенге.
Балалар үш топқа бөлініп отырады.
«Ой қозғау» стратегиясы.
Жолбарыс, аю түлкі.
-Қандай дала аңдарын білесіңдер?
-Арыстан, қоян (Мүсіндеу).
«Кубизм» стратегиясы.
Кубикті әр топқа лақтыру ( түскен дала аңдарының суретін беріп сөз, сөйлем құрату).
1. Жеке.
2. Жұппен.
3.Топпен жұмыс жасау.
-Балалар, бірінші топ қандай сөйлем құрапты, тыңдайықшы.
1. Бірінші топтың құраған сөйлемін кім айтады?
2. Сызба арқылы сөйлемді кім жазады? Сөйлемде қанша сөз бар? (санап айтады)
3.Сөз неден тұрады? (дыбыстан)
-Екінші топ қандай сөйлем құрады?
1. Екінші топтың құраған сөйлемін кім айтады?
2. Сызба арқылы құраған сөйлемді кім жазады? Қанша сөз бар? (санап айтады)
Дыбыстар нешеге бөлінеді? (Екіге бөлінеді).
Қандай-қандай? (Дауысты, дауыссыз)
Сергіту сәті:
Көлбең-көлбең көлеңкем,
Көлбеңдеген көлеңкем.
Тасып піскен бидайды
Айтшы қалай жинайды?
«Түртіп алу» стратегиясы.
-Бала лар, сендер атаған аңдар дала аңдарына жата ма екен, бәріміз тексеріп көрейік.
Қорытынды:
-Дала аңдарының баласын қалай атайтынын айтып көрейікші.
-Балалар, біз дыбысты не істейміз?
-Естиміз. Дұрыс айтасыңдар.
-Ал әріпті не істейміз?
-Көреміз, жазамыз, оқимыз.
-Дұрыс айтасыңдар.
Сабақ соңында жақсы қатысқан балаларды мадақтап, жұлдызша беремін. Әр топтың балаларына өздері қорғап шыққан, дала аңдары жапсырылған жұлдызшаларды мадақтап беремін.