Сауат ашу ж?не жазу негіздері Оо дыбысы ж?не ?рпі та?ырыбына арнал?ан саба? жоспары


Сауат ашу және жазу негіздері
Тақырыбы: Оо дыбысы және әрпі.
Сабақтың мақсаты: О дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасау.
Дамытушылығы: Балаларға О дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудара отырып, сөздік қорларын дамыту. О дыбысының дауысты дыбыс енкенін меңгерту.
Тәрбиелігі: Балаларды таза, ұқыпты жүруге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Орындық суреті, текшелер, Әліппе-дәптер, О әрпінің баспа түрі.
Әдіс- тәсілдері: Сұрақ-жауап, тіл жаттықтыру, үйрету, түсіндіру, көрсету. Суретпен жұмыс, топтау.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі
1. Балалармен амандасу.
2.Балалардың белсенді қатысуы.
3. Оқу құралдарын түгелдеу.
II. Өткен сабақтағы әріпті қайталау, еске түсіру.
Йй дыбысы-дауыссыз дыбыс ( йод, той )
Тақпақ:
Қой жүнінен киіз басар,
Арқан есіп, көрпе жасар.
Кисе- киім, жесе- тамақ,
Мал жоқ шығар қойдан асар.
III. Жаңа сабақ:
Балаларға суреттер көрсету арқылы ой тұжырым жасау.
-Суреттен не көріп тұрмыз?
-Орман, орақ, тоты сөздерінде қай дыбыс көп қайталанады?
-О дыбысы дауысты дыбыс, қызыл текшемен белгілейміз.
-О дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында кездеседі.
О дыбысына қатысты сөздер ойлату.
Ораш, Орал, Омар, орындық, оймақ, отын т.б.
О дыбысына байланысты сөздерді хормен айтқызу және мағынасын ашу.
Орындық-үй жиһазы.
Оймақ-іс тіккенде пайдаланатын құрал.
Отын-үй жылыту үшін пайдаланылады.
Балаларға қол шапалақтату арқылы дыбыстату.
О-рын-дық , ой-мақ, О-тын.
Дәптермен жұмыс:
Торкөздегі дауысты, дауыссыз дыбыстарды тауып бояту және дәптерлеріне Оо дыбысының жазба түрін жазып беру.
-Балалар,бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?
-О дыбысы қандай дыбысқа жатады?
Бір отар мал айдадым
Боталы түйе байладым.
Дертке шипа шұбатын
Ішейін деп ойладым.
Осы өлең жолдарын оқу арқылы сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтап, қорытындылау.