Отан-отбасынан басталады ашы? т?рбие са?аты





Науырзым ауданы
Қарамеңді селосы
Тақырыбы: Өнеге отбасынан.
Мақсаты: сүйіспеншілік, сыйластық құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
Отбасы туралы түсініктерін кеңейту. Отбасындағы сүйіспеншілігі, сыйластығы туралы түсінік қалыптастыру;
Отбасындағы өзара сыйластық, қарым-қатынас дағдыларын дамыту,
отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.Шаттық шеңбері Амансың ба, балалар !Амансыздар ма, қонақтар!Амансың ба, алтын күн! Амансың ба, достарым!Сендерді көрсем қуанам!-Балалар, бүгін мен сендерді осындай кең, жарық, әдемі бөлмеде кездестіргеніме сондай қуаныштымын.-Кәне, балалар өзіміздің жақсы көңіл-күйімізді, әдемі күлкімізді бір-бірімізге алақандарымыздың жылуы арқылы таратайықшы.
Жұмбақ жасыру:
Маған да, саған да,
Жақын туыс бес адам.
Үш әріптен тұратын
Оңға оқы, солға оқы
Өзгермейді еш одан.
Бәрі-де өз жұртың
Айтады, қане кім атын? (ана, апа, аға, іні, ата)
ОТБАСЫ
ата апа


аға ана
іні
Осылардың бәрін бір сөзбен отбасы дейміз.
-Суретте нені көрдіңдер? (сурет б-ша әңгіме)-Отбасы деген сөзді қалай түсінесіңдер?-Өз отбасыларыңды неге жақсы көресіңдер?(балалардың жауабы)-Кәне,отбасында сендерді кімдер және қалай еркелететінін еске түсіріп, айтып көріңдерші. (балалардың жауабы) -Өте тамаша, ендеше ақын Қ.Ысқақовтың «Кім ойлап тапқан?» өлеңін оқып берейін. Кім ойлап тапқан?Сөздерді ең аяулы, жақсы көріп жаттадым.Енді білдім оларды, кімнің ойлап тапқанын.«Күнім», «жаным» дегенді, «Құлыншағым» дегенді,«Ботақаным» дегенді, «Қошақаным» дегенді,«Толған айым» дегенді ойлап тапқан аналар.Ойын
Балалар шеңбер бойымен тұрып, педагог кезек-кезек балаларға сұрақ қойып қолындағы допты лақтырады.
Ойыннан соң балалардың жауабын қортындылау. Отбасында барлығы бір-біріне көмектеседі, қамқор болады. Отбасында барлығы жақсы көңіл күйде жүру үшін ешкім бір-бірін ренжітпеу керек.
Дәйек сөз: «Отан - отбасынан басталады.»
Отбасымызға тілеген жақсылық Отанымызға да арналады. Сондықтан «Отан – отбасынан басталады» деген сөзді естеріңде сақтаңдар. 
«Өзіммен-өзім»
Баяу музыка ойналады. Педагог балаларға көздерін жұмып, отбасы ағашын көз алдарына елестетулерін сұрайды. Арғы бабаң- ол түпкі тамыры, ата-әжең-ол діңі, бұтақтары – әкең мен анаң, ал сендер...
Балалар жемісті қиып ағашқа жапсырады.
Қортындылау. Адамға өмірде ең қымбаттысы-отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдық болғанда бірлік болады.Ата-аналарың, туыстарың сендердің нағыз адам болып өскедеріңді қалайды. Сондықтан да, олардың сенімін, еңбегін ақтауға тырысыңдар. 
Жүректен жүрекке:
Достарының отбасына жақсы тілек тілеп бір-біріне жүрекшені ұсынады.
Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз, Ата-ананы құрметтеп, Бас иеміз біз.