Ашы? саба? Сауат ашу ж?не жазу мектепалды даярлы? тобы


Тақырыбы: Л дыбысы және әріпіМақсаты: Л дыбысымен таныстыру;Білімділік: Құрамында Л дыбысы бар сөздерді талдау.Л дыбысын дұрыс дыбыстап,оның таңбасын,әріпін таныстыру.Л дыбысы бар сөз,сөйлем құрату.Дамытушылық: Ойын арқылы тілдерін,ой-өрістерін,сөздік қорларын,есте сақтау қабілеттерін дамыту.Тәрбиелік:Өз ойларын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Суреттер,текшелерӘдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,көрнекілікОқу іс-әрекетінің түрі: ойын сабақОқу іс-әрекетінің барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі.-Балалар,қәнекей бүгінгі оқу іс-әрекетімізді бастамас бұрын бір-бірімізге жылы лебізіміздібілдіріп, көтеріңкі күй сыйлайықшы. Аспанымыз ашық болсын, Еліміз аман болсын, Деніміз сау болсын, Ақшамыз көп болсын. -Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетімізге келген қонақтарымен сәлемдесейік.-Балалар, бүгін бізде сауат ашу оқу іс-әрекеті.Біз өткен оқу іс-әрекетінде қандай дыбыстармен танысып едік есімізге түсірейікші.ІІ.Өткен сабақты пысықтау. Ол үшін біз сендермен қәзір «Дауысты, дауыссыз дыбыстар» ойынын ойнайық.Мен сендерге дыбыстарды айтамын,ал сендер қолдарыңдағы көк,қызыл түсті дөңгелек- текшелермен дыбыстарды ажыратып айтып көрсетесіңдер. (Тәрбиеші өткен дыбыстарды айтады). ІІІ.Негізгі бөлім.-Балалар,бүгін бізге қонаққа Алдар көсе келіпті,ол бізге бір жаңа әріпті өзімен бірге ала келіпті. Бірақ ол бізге қандай әріп әкелгенін «айтпаймын» дейді,ол әріпті табу үшін біз мынадай тапсыр- маларды орындауымыз керек.-Тапсырмаларды орындаймыз ба? (Балалардың жауаптары). 1-тапсырма.-Мынау не? (Лақ) -Лақ қай малдың төлі және ол қалай дыбыстайды? Лақ ешкінің төлі,ол мә-мә-мә деп дауыстайды -Лақ сөзінде неше дыбыс бар? (3 дыбыс)-Лақ сөзін буынға бөліп көрейік? (Буынға бөледі)-Неше буын бар? (1 буын)-Сөздің басында қандай дыбысты естіп отырсыңдар? (хормен айтқызу)-Л қандай дыбыс? (дауыссыз)-Дауыссыз дыбысты қандай түспен белгілейміз? (көк) 2-тапсырма. «Кім жылдам?» дидактикалық ойынын ойнау.Балаларға ойын ойнату арқылы тақтаға ілінген суреттегі заттардың атауларын атату.Оларды буынға бөлгізу.Дыбыстың сөз басында,ортасында,аяғында келетінін баланың өзіне байқатып атату.Сөйлем құрату. Тақтадағы суреттер: Піл Ли-мон Лақ Түл-кі А-пель-син.3-тапсырма: Дәптермен жұмыс.Жазбаша жұмыс орындату.Дәптердегі Л әріпінің кіші және бас әріптерін үлгі бойынша жазады. ІV.Сергіту сәті. Қарлығаш болып ұшамыз, Лақ болып қашамыз. Аю болып қорбаңдап, Орнымызды табамыз. 4-тапсырма. Дидактикалық ойын: «Кім тапқыр?».1-ші себетке Л дыбысы бар суреттерді саламыз.2-ші себетке Л дыбысы кездеспейтін суреттерді саламыз. V.Қорытындылау.-Балалар,бүгін бізге кім қонаққа келді?-Алдар көсенің тапсырмаларын орындадық па?-Сонымен, ол бізге қандай жаңа әріпті алып келіпті?-Л дыбысы дауысты ма,дауыссыз ба?-Жарайсыңдар,балалар,сендерге Алдар көсе де ризашылықтарын білдіріп жатыр.-Ал,енді балалар,осымен бүгінгі оқу іс-әрекетімізді аяқтап Алдар көсе және бүгінгі оқу іс-әрекетімізге қатысып отырған қонақтарымызбен қоштасайық. Біз ақылды баламыз, Айтқан тілді аламыз. Бүгін келген қонаққа, Сау болыңыздар деп айтамыз.