Саба?ты? міндеттері: Білімділік: ?осылу, орынбасу, айырылу реакцияларын бір бірінен ажырату?а, ал?ан білімдерін практикада ?олдану?а ?йрету Дамытушылы?: жатты?улар мен есептер шы?ару ар?ылы о?ушыларды? ойлау ?абілеттерін, химиялы? к?з?арастарын дамыту Т


Химиялық реакциялардың типтері
Жарияланды 11-10-2014, 12:01 Категориясы: Химия 
Сабақтың тақырыбы: Химиялық реакциялардың типтеріСабақтың мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін жаңа сабақта пайдалану, тақырып бойынша білім, білік, дағдыларын қалыптастыру;Сабақтың міндеттері:Білімділік: қосылу, орынбасу, айырылу реакцияларын бір бірінен ажыратуға, алған білімдерін практикада қолдануға үйрету;Дамытушылық: жаттығулар мен есептер шығару арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін, химиялық көзқарастарын дамыту;Тәрбиелік: ұқыптылыққа, жинақылыққа баулу;Сабақтың түрі: аралас сабақСабақтың әдіс тәсілдері: сұрақ – жауап, ойын, түсіндіру, өзіндік жұмыс жүргізу;Сабақтың көрнекілігі: Д. И. Менделеев кестесі, қима қағаздар, түрлі жемістер;Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі (3 мин)ІІ. Өткен сабақты бекіту (10 мин)ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру (10 мин)ІV. Жаңа сабақты бекіту (17 мин)V. Қорытынды (5 мин)I. Үйымдастыру кезеңіСәлемдесуОқушыларды түгелдеуОқушылардың зейінін сабаққа аударуІІ. Өткен сабақты бекітуФормулалар құрастыру бойынша топқа бөлуБірінші топ «масса»Екінші топ «көлем»Үшінші топ «малекула»Төртінші топ «массалық үлес»Таза зат дегеніміз не?Қоспа дегеніміз не?Біртекті қоспа дегеніміз не?Әртекті қоспа дегеніміз не?Жай зат дегеніміз не?Күрделі зат дегеніміз не?Атом дегеніміз не?Молекула дегеніміз не?Құрам тұрақтылық заңы?Зат массасының сақталу заңы?
Ароматты көмірсутектер. Бензол
Жарияланды 24-09-2014, 22:10 Категориясы: Химия 
Сабақтың тақырыбы: Ароматты көмірсутектер. БензолСабақтың мақсаты:• Ароматты көмірсутектер туралы мағлұмат алу, оқушылардың танымдық тапсырмалар арқылы инновациялық ой - өрісін дамыту, ұшқырлыққа дағдыландыру;• өз бетінше жұмыс істеуге, ізденушілік қабілетін дамытуға баулу;• пәнге деген қызығушылығын арттыру, жауапкершілікті сезінуге үйрету, сыйластыққа, әдептілікке, шынайылыққа, адалдыққа тәрбиелеу.Сабақтың типі: жаңа ұғымды меңгертуСабақтың түрі: араласСабақтың әдісі: түсіндіру, СКТ, тренинг, жұмбақтар, сұрақтарКөрнекілігі: интерактивті тақта, презентация - слайдтарСабақтың барысы: І Ұйымдастыру бөліміІІ. Шаттық шеңберін құру- Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық. Енді бір - бірімізге бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне арнап жақсы тілектер айтайық. (Оқушылар «Досыммен бірге» ойыны арқылы бір - біріне бүгінгі күннің көңілді өтуіне арнаған тілектерін айтады.)І бөлім «Ой қозғау кезеңі» Сызықтық диктант. Иә+ жоқ -1. С2H2 - ацетилен2. Этан - ацетиленді көмірсутектер3. Екі изомері бар4, Түссіз, иіссіз газ5. Көп күйе бөлмейді6. Металды кесуге пайдаланады7. Кальций карбидінен алады8. Қос байланысы бар9. Сумен әрекеттеседі10. Ацетилен алкиндер тобына жатады.Сабақ «Білім еске сақтау арқылы емес, өз ойының күш салуымен алынғанда ғана білім»деген Л.Толстойдың нақыл сөзімен басталады.ІІ. Мағынаны тануІІ. бөлім Жаңа сабақ. Сабақтың тақырыбы: Ароматты көмірсутектер. БензолЖалпы формуласы. Cn H2n - 6 Оларды арендер деп атайды. Ароматты сөзінен ар -, молекуласындағы қос байланыста болғандықтан - ен жұрнағы жалғанады. Бұл қатардың алғаш табылған өкілдері хош иісті болғандықтан, гомологтық қатар осылай аталған. Ароматтылықтың белгісі – молекула құрамында бензол ядросының немесе бензол сақинасының болуы.Сатылай кешенді талдау жоспары1. Алынуы. Ацетиленнен 3 С2Н2 - С6Н62. Жалпы формуласы бензол3. Физикалық қасиетіУлы сұйықтықөзіне тән иісі бартүссіз тез оталатынБензол, С6Н6 — ароматты көмірсутек; түссіз, буланғыш сұйық зат, балқу т 5, 5°С, қайнау т 80, 1°С, буы ауамен араласып, қопарылғыш қоспа түзеді.Бензолдың молекулалық формуласы С6Н6.Бұл формуладан бензолдың өте қанықпаған қосылыс екенін көреміз: қаныққан көмірсутектердің формуласына сәйкес келу үшін, бензол молекуласына 8 атом сутегі жетіспейді. Осыған қарамай, егер бензолды бромды суға немесе калий пеманганаты ерітіндісіне қосып, шайқап араластырса; қанықпаған қосылыстарға тән реакцияларды көре алмаймыз. Сірә, бұған түсінікті заттың химиялық құрылысынан іздеу керек болар.
Альдегидтер және кетондар
Жарияланды 12-06-2014, 03:40 Категориясы: Химия 
Сабақтың тақырыбы: «Альдегидтер және кетондар»Сабақтың мақсаты:Білімділік: Альдегидтердің классификациясы физикалық, химиялық қасиеттері, алынуы, қолданылуын сипаттай білуге және оның химиялық қасиеттері туралы ақпарат беру арқылы білімдерін қалыптастыру, жүйелеп тереңдету.Дамытушылық: Альдегидтердің гомологтарының, изомерлерінің формуласын құру, химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру, білім - білік дағдыларын жетілдіру, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту.Тәрбиелік: Жұптасып жұмыс істеуге, ойлануға, ізденуге, ұйымшылдыққа, өзара пікірлесуге баулу. Альдегидтердің тұрмыста алатын орнын маңызын түсіндіру, қоршаған ортаға, табиғатқа жауапкершілікке тәрбиелеу.Сабақтың түрі: жүйелеу және жинақтау сабағыСабақтың типі: сайыс сабақСабақтың формасы: жеке, жұптық, ұжымдық жұмыс түрлері.Пәнаралық байланыс: физиология, медицина, экологияСабақтың әдістері: бағыт бағдар бере отырып нәтижеге жету, ойын әдісі, тест, топпен жұмысСабақтың көрнекілігі: 1. Интерактивті тақта (слайдтар, сызбалар).2. Компьютер.3. Электронды оқулық.4. Дидактикалық материалдар.Пайдаланылған әдебиеттер:1. Н. Н. Нұрахметов, Қ. Б. Бекішев, Н. Заграничная «Химия» 11 сынып, Мектеп 2011 ж.2. Химия журналы3. Н. Н. Нұрахметов, А. Темірболатова «Химия» 11 сынып, Мектеп 2011 ж.4. Интернет материалдарыСабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:- амандасу студенттердің сабаққа дайындығын тексеру- оқушыларды психологиялық дайындау- санитарлық - гигиеналық ережелерді сақтау әрекеті- қауіпсіздік техника ережесін сақтау әрекеті- студент назарын аудару, сабақ жоспарымен таныстыру2. Сабақты таныстыру:Сабақтың тақырыбын айту, оқушыларға сабақтың мақсатын түсіндіру. Студенттер 2 топқа бөлінеді. «Домино ойыны» сұрақ - жауап арқылы бөлінген топ студенттері өзара білім сайысына түседі.ІІ. Үй жұмысын қайталау. «Домино» ойыны (сұрақ – жауап)І топ1. Фенол дегеніміз не? Молекулалық формуласын тақтаға жазыңыз.2. Фенолда қандай қасиет болады?3. Қандай химиялық қасиеттер тән?4. Фенолдың алыну жолдары қандай?5. Спирттерден айырмашылығы?6. Фенолды қайда қолданады?1. Фенолдар - баензол сақинасындағы бір немесе бірнеше сутек атомдардың орынын гидроксотоп басқан ароматты көмірсутектердің туындылары. С6Н5ОН2. Фенол қышқылдық қасиет көрсетеді немесе оны карбол қышқылы деп те атайды. Әлсіз қышқыл.3. Спирттер сияқты металдармен, броммен, сілтімен, азот қышқылымен реакцияға түсе алады.4. Құрамында бензол ядросының болуы.5. Аромат көмірсутектерінің галоген туындыларынан алады.6. Фенолды микробтарды жою үшін, дәрі - дәрмек, бояу, қопарғыш заттар синтездеп алады.ІІ топ1. Көп атомды спирттер дегеніміз не? Мысал келтір.2. Спирттер дегеніміз не?3. Спирттердің гомолог қатарын жаз.4. Көп атомды спирттердің сапалық реакциясы.5. Спирттерге қандай реакциялар тән.6. Спирттердің қолданылуы.
Сутек. Сутектің табиғатта таралуы және алынуы
Жарияланды 19-05-2014, 07:25 Категориясы: Химия 
Сыныбы: 8ХимияСабақтың тақырыбы: Сутек. Сутектің табиғатта таралуы және алынуы.Сабақтың мақсаты:Білімділік: Сутектің химиялық элемент және жай зат ретіндегі түсінігін қалыптастыру мақсатында элементті сипаттауға ерекше мән беріп, білімдерін дамыту, табиғатта таралуы және алыну жолының ерекшеліктерін өткен сабақпен байланыстыра отырып түсіндіру.Дамытушылық: Экзо, эндотермиялық реакцияларды қайталай отырып оқушылардың дұрыс шешім қабылдай білу дағдыларын жетілдіру, белсенділік икем дағдысын қалыптастыру.Тәрбиелік: Экологиялық тәрбие беру.Сабақтың түрі: жаңа сабақСабақтың әдіс - тәсілдері: зертханалық жұмыс, кітаппен жұмысСАБАҚТЫҢ ЖҮРУ БАРЫСЫ:І. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушыларды түгендеп, кітап дәптерлерін аштырып, сабаққа назар аудартамынІІ. «Қызығушылықты ояту»1. « Миға шабуыл»1. Заттар нешеге жіктеледі? Жай және күрделі заттар дегеніміз не?Химиялық элемент дегеніміз не? Оттек элементіне сипаттама беріп көрелік( аты, таңбасы, сал. ат. массасы, молекуласы, сал. мол. массы, валенттілігі, периодтық кестеде орны бар, аллотропиялық түр өзгерісі бар)3. Химиялық реакцияның неше типі бар? Атаңыз4. Термохимиялық реакция дегеніміз қандай реакция, ол нешеге жіктеледі?2. « Семантикалық карта»ІІІ. «Мағнаны тану»1. «Мені тап»Мен судың арғы тегімін,Серігімін оттек атты серінің.Ежелден ең жеңіл газбын,Оттекке қарағанда азбын.1 пайыз ғана жер бетіне тарағам,Ғаламшарда 92 пайызбын.Бармын газбен көмір, мұнайда,Болашақта өзім отын бола алам. (Сутек)2. Бүгінгі сабақтың тақырыбы (тақтамен, дәптермен жұмысЖер бетінде оттекке қарағанда сутек едәуір аз. Ең көп тараған қосылысы - Н2ОКүн жүйесі планеталарының 92%- ін сутек атомы құрады.Сутектің жер қыртысында газ күйіндегі метанның, қатты тас көмірдің, сұйық күйдегі мұнайдың, көптеген минералдар мен тау жыныстарының құрамында оттекпен қатар сутек те кіреді. Жер қыртысындағы сутектің массалық үлесі 1 %. Ол аз болып көрінгенмен, шындығында жердегі әр 100 атомның, шамамен, 10 атомы сутектің үлесіне келеді.Сутекті отын ретінде пайдаланған тиімді. Әзірше сутекті көп мөлшерде өндіруге болатын шикізаттар – метан мен суды айыру қымбатқа түсіп отыр. Келешекте автомобильдерді сутек отыны көмегімен жүргізуді дамыту көзделуде.Жер қыртысындағы сутектің мөлшері:
Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыстар
Химия күні_________________
ХимияСыныбы: 8Сабақ тақырыбы: Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыстар.Сабақтың мақсаты: Негізгі бейорганикалық қосылыстар жайындағы білімді жүйелеу. Классаралық генетикалық байланысты оқушыларға түсіндіру.Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңіБілім мен біліктерін тексеру: Бұрын алған білімді дамыту мақсатында сұрақтар қоямын:1. Қандай оксидтер тобын білесің?2. Қышқылдық және негіздік оксидтерге қандай оксидтер жатады?3. Барлық қышқылдық оксидтердің ортақ химиялық қасиеттері қандай?4. Барлық негіздік оксидтердің ортақ химиялық қасиеттері қандай?5. Тұз дегеніміз не? Мысалы.6. Қышқыл дегеніміз не? Мысалы.7. Негіз дегеніміз не? Мысалы.№1 тапсырма, «ОЙЛАН, ТАП» Мына қосылыстардың ішінен бейорганикалық қосылыстардың жеке кластары өкілдерін теріп жаз:Жаңа сабақ: Заттарды класқа – оксидтер, негіздер, қышқылдар, тұздар деп бөлдік. Әр - қайсысына тән қасиетті қарастыру арқылы олардың арасындағы генетикалық байланысты түсінуге мүмкіндік туады. Оқушыларға металдар мен бейметалдардың генетикалық қатарының өзара байланысы туралы мәліметтерді естеріне түсіремін.Генетикалық қатарлардың өзара байланысыБАЙЛАНЫСТАРДЫ КОДОСКОП АРҚЫЛЫ КЕСКІНДЕП КӨРЕЙІКМЕТАЛЛ → НЕГІЗДІК ОКСИД → НЕГІЗ → -------------------------------------------------------------------- ТҰЗБЕЙМЕТАЛЛ → ҚЫШҚЫЛДЫҚ ОКСИД → ҚЫШҚЫЛ →Бұл сызба - нұсқаға қарап, оқушылар металл мен бейметалдың генетикалық қатары тұз түзілумен аяқталатындығы туралы қорытындыға келеді. Заттарды жіктеуде судың алатын орны туралы сұрақты талқылауға болады. Судың негіздік және қышқылдық оксидтермен әрекеттесіп, нәтижесінде негіз және қышқыл түзетіні белгілі. Оқушыларға сұрақтар қойылады:1. Судың өзі қандай қасиет көрсетеді?2. Суды қандай класқа жатқызуға болады?( Оқушылар заттарды жіктеудің негізгі белгілерін естеріне түсіріп, судың екідайлы оксидке жатқызуға болатындығы туралы қорытындыға келеді.)Биологияда өсімдіктер мен жануарларды туысқа, түрге бөліп жіктегені сияқты, химияда да заттарды жіктеу арқылы олардың да өздеріне тән қасиеттеріне сәйкес бірігіп, бір тұтас топ түзетінін байқадық. Бұл табиғаттың тұтастығын дәлелдейтін заңдылық.Түсіндірілген тақырыпты толық бекіту:Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары бойынша оқулықты пайдаланып, оқушыларға өздік тапсырма беремін: