?ліппе п?ні. Та?ырыбы: П дыбысы мен ?рпі 1-сынып


Тақырыбы: Пп дыбысы және әрпі
Мақсаты:
1.Оқушыларға п дыбысы мен әрпі туралы түсінік беру.Оның сөздегі орны туралы айту.Сөзді буынға дұрыс бөліп,оқи білуге , коллеграфиялық нормаға сәйкес жаза білуге дағдыландыру.
2.Пп дыбысына қатысты жаңа сөздер ойлау, сөйлемдер құрату.танымдық іс-әрекеттер арқылы ой-өрісін,тілін дамыту.
3.Оқушыларды сауаттылыққа, Отан сүйгіштікке,әдемілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: саяхат,ойын сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері:Түсіндіру, сұрақ-жауап,талдау,жинақтау,көрсету,көрнекілік
Сабақтың көрнекілігі:,кестелер, Виен диаграммасы,топтамалар,ойын, психологиялық тренинг,слайд шоу
Сабақтың барысы1.Ұйымдастыру кезеңі:
-Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару-партада отыруларын қадағалау
-Сабаққа қажетті оқу құралдарының түгелдігін тексеру-Сыныптағы оқушылардың сабаққа қатысуларын тексеру-балалар бүгін аптаның қай күні?
-Қай жыл мезгілі?
-Күздің қай айы?
-Бүгін қарашаның нешінші жұлдызы?
-Психологиялық тренинг
Көзімізді жұмып,қолымызды партаға қойып отырыңдар.Мен сөздер айтамын сонны сендер артымнан қайталайсыңдар.
-Армысың,сұлу күн!
-Армысың, ашқ аспан!
-Қайырлы күн баршаға!
2.Үй тапсырмасын тексеру-Балалардың дәптерлерін аралап жүріп тексеріп шығу.
-Балалар бүгінгі сабақ біз үшін ерекше сабақ болмақ.Себебі, біз бүгін еліміздің бас қаласы Астана қаласына саяхатқа барамыз.
-Ертең бізде қандай мейрам балалар?
-Президент күні.
-Дұрыс балалар ертең 1-желтоқсан.Қыс мезгілінің бірінші күні.Желтоқсанның 1-жұлдызы.Президент күні деп жарияланды.Олай болса балалар, біз сол мейрамды ҚР-ның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен бірге атап өтеміз.Ол үшін біз Астанаға баруымыз керек.Астанаға немен барамыз деп ойлайсыңдар?Поездбен
-дұрыс Бірақ біздің поездымыздың вагондары ажырап қалыпты.Біз сол вагондардағы тапсырмаларды орындау арқылы вагондарды бір –біріне жалғап алайық.Сосын Астанаға барамыз.
3.Білімді-жан-жақты тексеру:
1-вагон салыстыру
-Оқушылырдың алдыңғы сабақта алған білімдерін пысықтау
-Ү дыбысы қандай дыбыс?
-Неліктен ү дыбысы дауысты деп ойлайсыңдар?
-Ұ мен Ү дыбысының айырмашылығы неде?
-Виен диаграммасыҰ-Ү
Ұн-үнқұндыз-күндіз
Құн-күнқұрақ-күрек
Құз-күзұлттық-үтік
-1вагонды поездға жалғадық
-енді нешінші вагонды жалғаймыз?
2-вагон тапсырмасы «Еске түсіру»
-«Сен бақытты ұлансың!» өлеңін мәнерлеп, тізбекпен оқыту.
Анаң-күнің, жүрегің
Әкең-өмір тірегің.
Сен бақытты ұлансың
Бәрі саған қуансын!
Әжең –асыл ардағың,
Атаң-дана қорғаның
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын!
.-енді нешінші вагонды жалғаймыз?
-3-вагон тапсырмасы «Сөздерді дұрыс оқы!»

-3-вагонды да жалғап үлгердік.
Енді, нешінші вагонды жалғаймыз?
-4-вагон «Жаңа әріпке назар аудар»
4.Жаңа білімді меңгертуге дайындық кезеңі
-Балалар сендер оқуға қайда келесіңдер?
-Мектептегі сендердің бөлмелерің не деп аталады?
-Сыныпта қайда отырасыңдар?
-Сабақта не оқисыңдар?
-Жазуды неге жазасыңдар?
-Балалар, осы мектеп,сынып,парта,кітап,дәптер сөздерінде сендерге таныс емес әріп бар ма?
Дұрыс балалар,Ол п әрпі
-Суреттердегі П әрпін көрсету
-Балалар П әрпі біздің айналамызда неге, қандай затқа ұқсайды?
-
5.Жаңа білімді меңгерту кезеңі:
Олай болса,бүгін біз сендермен Пп дыбысымен танысамыз.П дыбысын айтқызу.
П дыбысы дауыссыз дыбыс.Себебі оны айтқанда өкпеден шыққан ауа кедергіге ұшырап шығады және ол созылмайды.Егер п дыбысын созып айтар болсақ, ы дыбысы естіліп кетеді.Оны созбай айту керек.Ал, оқыған кезде п дыбысынан кейін ы дыбысы жазылып тұрса оны бірден п-ы-ы деп созып оқи саламыз.
-П дыбысының баспа және жазба түрлерімен таныстыру.
-П дыбысын ауада жазып көрсету
-П дыбысын тақтаға жазып көрсету
-балалар біздің сыныпта кімнің атын айтқанда П дыбысы естіледі?Ұлпан
-Плакаттағы суреттердің жекеше,көпше түрлерін атау, буынға бөлу ,п дыбысы қай буында тұрғанын анықтау.
Дәптер-дәптерлеркітап-кітаптарДоп-доптармектеп-мектептерҚап-қаптарпышақ-пышақтар
Перде-перделерсынып-сыныптар4-вагонды да жалғап үлгердік-Енді нешінші вагон қалды?
-5-вагонды жалғайық. «Оқы,оқы және оқы!»
6.Жаңа білімді меңгергенін тексеру
-Балалар қазір сендерге топтамалар таратып беремін.Сол топтама кітапта жазылған сөздерді дұрыс оқып берулерің керек.
Тап,қап,пішен,пәтер,шопан,шапан,әріп,кітап,Талап,Жақып
5*-вагонды жалғадық.
-Енді нешінші вагон қалды?
-6-вагон «сурет бойынша әңгіме құрау»
Абай ,Ыбырай,Шоқан кітапты көп оқиды. Кітапта газет-журналдарда қызықты әңгімелер, ертегілер ,өлеңдер көп.Кітапты сөреге жинау керек.Кітаптың бетін сызуға,жыртуға болмайды.
7.Қорытындылау
-Ән шырқайық бәріміз! П дыбысын қосып оқыту, буындарды тура,керісінше оқуға үйрету,жаттықтыру.
-па,по,пе,пи,пу,пі
-қараңдаршы балалар!
Ду,ду,ду!Дүк,дүк!
Поезд келеді.
Ду,ду,ду!Дүк,дүк!
Бәрі жол береді.
Ду,ду,ду!Дүк,дүк!
Жүгіріп өтпе,
Ду,ду,ду!Дүк,дүк!
Тұра тұршы шетте.
Ду,ду,ду!Дүк,дүк!
Пойызды өткіз.
Қол бұлғап қалайық-
Жол болсын!-деп біз. –дей келе біз поездің вагондарын жалғап, Астанаға келдік.
-бізді кім қарсы алып тұр?
Астанаға қараңдаршы,қандай әсем! Слайд
-Балалар Елбасымыз былай дейді «Жас бүлдіршіндер! Егер сендер кітапты қадірлеп,жақсы оқысаңдар сендер де мен сияқты Президент боласыңдар.Осы әсем қала Астанада тұрасыңдар.Ата-аналарыңды, апайларыңды құрметтеп,тілін алып,жақсы оқушы атаныңдар! Сау болыңдар!»
8.Үйге тапсырма беру. Марапаттау
-Астанаға тағы кегілерің келе ме?
Олай болса,п дыбысының жазылу үлгісін үйреніп,келіңдер!