Та?ырыбы: «Озы? ойлы о?ушылар». Ма?саты: О?ушыларды? білімін ?орытындылау. Білімділік: О?ушыларды? зеректік ?абілетін дамытып ой ?рісін ке?ейту, білімге деген ??штарлы?ын арттыру, озы? ойлы о?ушыны аны?тау. Дамытушылы?: о?ушыларды? д?ниетанымын, білімге


Тақырыбы: «Озық ойлы оқушылар».Мақсаты: Оқушылардың білімін қорытындылау.
Білімділік: Оқушылардың зеректік қабілетін дамытып ой өрісін кеңейту, білімге деген құштарлығын арттыру, озық ойлы оқушыны анықтау.Дамытушылық: оқушылардың дүниетанымын, білімге қызығушылығын және ойлау, ойды жүйелеу қабілеттерін дамыту. Ақыл-ойын, жылдам ойлауын, ептілігін, шығармашылығын дамыту.Тәрбиелік: Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зейінді тұлғаны тәрбиелеу. Адамгершілікке, ұйымшылдыққы, жолдастыққа қарым-қатынасқа тәрбиелеу.Көрнекіліктер: интерактивті тақтаға жазылған слайдтар. Сайыстың жүру барысы:Мұғалімі: Сәлеметсіздерме ұстаздар, оқушылар. Бүгін сіздер 2 «а» сынып оқушыларының «Озық ойлы оқушылар» атты интеллектуалды ойынын ұсынғалы отырмыз. Ал енді ойын шартымен таныс болыңыздар. Ойынымыз сайыс түрінде,толығымен интерактивті тақтада өтеді.Ойынға оқушылардың барлығы тартылады.
Ойынның бағасын беруші әділ-қазылар алқасын сайлап алсақ.Әділ-қазылар алқасы таныстырылады.Олай болса, сайысқа қатысушыларға сәттілік тілейміз!Бәйгіге түсіп жарыспайЖүйріктің жаны жанар ма,Білім мен өнер жарысыпТәрбие, тәлім табар мән.Бұл бәйге ойдың бәйгесіКім жүйрік, сол алда—дегендей ой мен білім сайысын бастаймыз.I-кезең: «Сен білесің бе?»
Ойын шарты: 1-16ға дейінгі ұяшықтарда жасырынған сандарды таңдап,ұяшықта жасырынған сұрақтарға жауап береді.Әрбір дұрыс жауап 5ұпаймен бағаланады.
II-кезең: «Тұлғаларды танып көр». Мұнда интерактивті тақтада атақты әр саладағы адамдардың суреттерін көрсетеміз.Ал оқушылар олардың толық аты-жөнін берілген қағаздарға жазуы керек.Әрбір толық жазылған аты мен тегіне 10 ұпай, егер тегі не аты ғана жазылса 5 ұпай беріледі.
Осы кезеңнен кейін оқушылардың барлығының ұпайлары саналып,50 ұпайдан артық жинаған оқушылар ғана ойынды жалғастыру мүмкіндігіне ие болады.
III-кезең: «Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар».Мұнда оқушылар 30,25,20,15,10 ұпайлық ұяшықтардан өзері таңдаған сұрақтарға жауап береді.Егер толық және анық жауап берсе өздері таңдаған ұяшықтардағы ұпайлар қосылады.Солайша барлық ұпайлар саналып,Ӏ-ӀӀ-ӀӀӀ орындар белгіленеді.Егер ұпай сандары тең келген оқушылар болса қосымша ұяшықтар таңдалып,дұрыс жауапқа ұпайлар беріледі.
Мұғалімі:Ғылымның сырын ұғына,Шығыңдар білім шыңына.Ұқыптылық пен зеректік,Жеткізер сіздердей өренді.Жеңістің мынау шыңына.«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші бүгінгі сайысымызды таразылап, әділбағасын береді деген оймен келесі сөзді әділқазылар алқасына береміз.
Әділқазылар Ӏ-ӀӀ-ӀӀӀ орындарды алған оқушыларды атап,қосымша «Зерек», «Ынталы» және «Алғыр» деген атақтар беріледі.
Марапаттаулар.
Мұғалімі:Болмасын ешбір сын – өкпе,Әсері қалды жүректе.Қазылар берген бағалар,Ұштассын айтар тілекке!
Мектеп директоры және ата-аналарға сөз беріледі.
Жайсаң орта мектебі.
Интеллектуалды ойын:
«Озық ойлы оқушылар»
Мұғалімі: Разакова А.К.
Класы: 2 «а»
2014/2015 оқу жылы.