?аза?стан тарихы п?нінен ?аза? ханды?ыны? ?алыптасуы мен ны?аюы атты 10-сынып?а арнал?ан ?МЖ


Қысқа мерзімді сабақ жоспары:
Сынып: 10
Күні:
Тақырыбы: Қазақ хандығының қалыптасуы мен нығаюы
Мақсаты: Оқушылар Қазақ хандығының пайда болуы – экоономикалық, саяси және этникалық сипаттағы себеептердің тұтас кешені ретінде қарастырылуының мән-мағынасын түсінеді. Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызын анықтайды.
Нәтижесі: Оқушылар жұппен жұмыс жасайды, бірін-бірі үйрету арқылы нақты мәліметті бөліп алуға үйренеді, талдау, салыстыру, қорытынды шығару дағдылары жетіледі.
Әдістер мен технологиялар: Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, диалогтік оқыту, АКТ, өздік жұмыс, миға шабуыл, ой қозғау технологиялары, эссе, кластер, сұрақ-жауап
Ресурстар мен құрал-жабдықтар: Оқулық, дидактикалық ақпарат, карта, таратпа ақпарат, карточкалар, бағалау парақтары.
Сабақ барысы:
Сабақтың кезеңдері: Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушының іс-әрекеті: Тапсырма: Бағалау:
І.Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу;
Оқушыларды түгендеу;
Сыныптағы псих/лық ахуалды қалыптастыру. Сәлемдесу;
Өз-өздерін реттейді;
Назарларын сабаққа аударады. Сәлемдесу түрлерін орындайды.
................................................................................... ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: Өткен сабақта алған білімдерін еске түсіру үшін тапсырма береді Оқушылар қолдарын көтеріп, сұрақтарға жауап береді Фронталды сұрақ-жауап:
Қазақ жүздерінің мәні неде? Олардың құрылуы жөнінде қандай пікірлер бар?
Этникалық сана дегеніміз не? Оның қалыптасуына қандай факторлар әсер етті?
Ұлы, Орта және Кіші жүз аумақтарын атаңдар.
Ұлы, Орта және Кіші жүз тайпаларын атаңдар. мұғалімнің бағалауы
бірін-бірі бағалау
ІІІ. Жаңа сабақты меңгеру:
Білім:
Оқушыларға тапсырма береді, бақылайды.
Оқушылар жұппен жұмыс жасайды, өз міндеттерін белгілеп, тапсырманы орындайды. Бірін-бірі түзете отырып, үйретеді. Қажеттілігіне қарай мұғалімнен сұрайды Қазақ хандығы құрылуының алғышарттарын ата (дәптерлеріне тізіп жазыңдар);
М. Х. Дулатидің «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегінде Қазақ хандығының құрылуы туралы айтып беріңдер; Өзін-өзі бағалау
Түсіну:
Оқушылардың өз-өздерін бағалай алуына жағдай жасайды.
Оқушылар тапсырманы жеке дара орындайды. Әр сұрақтың жауабын тауып, бір-біріне айтады. Қойылған сұрақтарға жюауап береді. Қазақ жұртының Өзбек ұлысынан бөліну үрдісін сипаттап беріңдер (себептері, барысы және т.б); мадақтау
СЕРГІТУ СӘТІ
Қолдану: Оқушылардың жауаптарын, атқарған жұмыстарын бақылайды, бағдар береді. Оқушылар жұппен жұмыс жасайды. Оқулық мәтінің пайдаланады, өткен білімдерін естеріне түсіндіреді. Қазақ хандығының құрылу барысын сызба түрінде түсіндіріңдер; Өзін-өзі бағалау
Талдау:
Тапсырманы орындау ретін түсіндіреді, қызметтерін бақылайды Оқушылар өздерінше ойланып, ой қорытады. нақты жауапты тапқаннан кейін алгоритм құрастырады. Әбілқайыр ханның сыртқы саясатына талдау жасаңдар; мадақтау
Жинақтау (синтез):
Оқушыларға тапсырманы түсіндіреді. Оқушылар өз ойларын жинақтап, тақырып бойынша тапсырманы орындайды, өз ойларымен бөліседі. Қазақ хандығының нығаюын түсіндіру үшін жоспар құрастырыңдар; вербальды
мадақтау
Бағалау: Сұрақ қоямын Өз ойларын талқылап, жауап береді. Жәнібек пен Керей хандар алдымен Сырдария маңы мен Қаратауда өз құқықтарын нығайтуға ұмтылған. Бұл жағдай немен түсіндіріледі? Өз көзқарасын дәлелдендер. өзін-өзі бағалау
IV. Рефлексия: Оқушыларға бағалау парақтарын таратады Сабақ қорытындысын шығарады. Кері байланыс
«Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі кері байланыс
V.Үй тапсырмасы: Оқушыларға үй тапсырмасын түсіндіреді Жазып алады Тақырыпты оқып, мазмұндауға дайындалу