Математика саба?ында инновациялы? ?дістерді ?олдануды? тиімділігі. /Баяндама/


Математика сабағында инновациялық әдістерді қолданудың тиімділігі.
Кокшова Камшат Нагиевна
Атырау қаласы. №11 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі
Тәуелсіз еліміздің тірегі келешектегі білімді ұрпақ екенін ескерсек қазіргі заман талабына сай білім беру мен ғылымды дамыту басты міндет. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 8 бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және адамзаттық құндылықтар ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқыту және тәрбие берудегі жаңа технологиясын енгізу » деп айтылғандай білім беруді дамытуда келешек ұрпақтың мақсатты ісіне жету жолындағы талаптануы мен талпынысы болашақ мамандығының маңызды қасиеттерін меңгеруге бағыт алуы тиіс. Сондықтан да өмірге жан-жақты бағытта дайындалған, еңбексүйгіш, ынталы, шығармашылықпен жұмыс жасап, ұшқыр ойлай алатын, рухани – интеллектуалдық тұрғысынан бай азамат тәрбиелеу әр мұғалімнің міндеті. Білім мен тәрбие беруде «жеке тұлға» тәрбиелейтін мұғалімнің де өзіндік шығармашылығының орны ерекше деп білемін. Қазіргі заман талабына орай білім беру саласына да түрлі өзгерістер еніп шығармашылықпен білімін дамытуда жаңа инновациялық әдістер қолданылып отыр.
Инновациялық білім беру жеке тұлғаның озық ойлы көзқарасы мен өз ой-пікірімен бөлісе алатын және шығармашылықпен жұмыс жасайтын тұлға болып қалыптасуының негізі.
Инновациялық әдістермен оқыту технологиясының тиімділігі оқытушының оны жүзеге асыру сапасына да байланысты болады. Инновациялық оқыту технологиясы оқыту формасымен әдістерін таңдауда мұғалімдердің өзіне және оқушы үшін тиімді нұсқаны қолдануына мүмкіндік алады. Шығармашылықпен жұмыс жасау баланың жеке шығармашылық бағытын таңдау қажеттігін, нәтиже тудыруға бағытталған жауапкершілігін қамтитын әрекет. Сондықтан оқыту үдерісінде мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасында тығыз ынтымақтастық байланыс болуы керек. Мұғалім сабаққа әдіс- тәсілдерді оқушының бойындағы мүмкіндіктерін ашуға, оны үйлесімді дамытуға шығармашылық жағдай жасайтындай етіп таңдауы керек. Осындай әдістердің нәтижесінде оқушылардың өзіне деген сенімділігі артып, шығармашылық қабілеті артады. Инновациялық әдістердің енгізуінің міндеттері мынада :
Сабақтарды жаңа форматта ұйымдастыру;
Оқушылардың өз пікірлерін еркін айтуына жағдай жасау;
Іс-әрекетті зертеу арқылы оқушы құзыреттілігін қалыптастыру;
Оқушының өз алдына мақсат қоя білуіне көмектесу;
Оқушының білім деңгейін және жас ерекшелігін ескеру;
Оқушының өз бетімен жұмыс жасау әдістерін меңгерту;
Танымдылық , шығармашылық икемділігін дамытуға жұмыстану,
Жаңа модульдік әдіс-тәсілдер теориялық білімді өмірмен байланыстыра отырып аз уақытта меңгеруге мүмкіндік береді. Бірлескен топтық іс- әрекетке негізделген бұл әдіс тиімді пайдаланылған жағдайда төмендегідей нәтижеге ие болады.
Оқушының өздігінен оқып түйінді мәселелер туралы өзіндік пікірі қалыптасады;
Өзіне деген сенімділігі қалыптасады;
Оқуға деген ынтасы оянып, қызығушылығы қалыптасады;
Іскерлік дағдысы қалыптасады;
Мақсатқа жетуге өз бетімен ұмтылады;
Ойлау белсенділігі артып шығармашылықпен жұмыс жасауға талпынады;
Өздігінен шешім қабылдай алады;
Осындай оқыту модулінің негізгі өлшемдері де бар:
Емін-еркін пікір таласқа түсу мүмкіндігінің болуы;
Топтық тапсырмалардың қолданылуы;
Ұжымдық іс-әрекетті дамыту;
Бірін-бірі оқыту;
Өзгені тыңдау арқылы үйрену:
Оқушының өз пікірін білдіруге мүмкіншілік беру
Жаңа форматты сабақ заман талабы. Олай болса білім саласында заман талабына сай еңбек етіп жүрген ұстаздар шәкірттеріне сапалы білім берудің әр түрлі әдіс- тәсілдерін қолданып алған білімдерін келешекте қолдана алатын жаңа өмірге бейімделген ұрпақ тәрбиелеуде. Бүгінгі таңдағы ұстаздың мақсаты – әр болашақ маман иелеріне сапалы білім беру және оның жан-жақты дамуына мүмкіншілік жасай отырып оқуға деген белсенділігін арттыру. Соның ішінде математика пәнінен сабақ беретін мұғалімдерге қойылатын талап деңгейі өте жоғары. Менің оқушыларға білім беру барысында дәстүрлі сабақ пен инновациялық жаңа әдіс- тәсілдермен өткізілген сабақ арасында айырмашылық та , әрі байланыста бар.
Менің байқағаным жаңа әдіс- тәсіл түрлерімен жұмыс жасауда оқушылар қатты қызығушылық танытады. Мұғалімнің әр сабағы жан-жақты зерделеніп, оқушы қабілеті мен деңгейі ескеріліп құрылуы тиіс. «Тамаша өткен бір сабақ – баланың мәңгі есінде қалады» - деп Қ. Айтқалиев айтқандай сабақтың тақырыбына сай әдістерді оқушы үшін тиімді болатындай етіп сабақ құрылымы жасалуы тиіс. Сабақта оқушы белсенділігі мен қызығушылық танытуын арттыру мұғалімнің шеберлігінде. Сондықтан да мен қолданатын әдістерімді әр сабақта өзгертіп отырамын. Әр сабақ соңында өзіме рефлекция жасай отырып келесі сабағымды жоспарлаймын. Сабағымды жоспарлауда оқушы қажеттілігін анықтап алып қана әдістерді пайдаланамын. Осы негізде өзімнің бір сабағымдағы әдістеріме тоқталмақпын. Бұл сабаққа smart мақсат қойылған.
Сабақтың тақырыбы: Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешу әдістеріне есептер шығару.
SMART мақсаты: S. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешудің әдістері туралы білімдерін кеңейтеді.
M. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешудің 3 әдісін үйренеді.
A Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешудің әдістерін пайдалана алады.
R. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешудің қасиеттері мен әдістерін есеп шығаруға қолдана алады.
T. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешудің әдістерін қолдануды 3 сабақ негізінде үйренеді.
33020687006500Сабақ негізінен үш бөлімнен тұрады. Бірінші мотивациялық кезең бөлімінде оқушылар арасында психологиялық ахуал тудыру үшін «Дейін, кейін» әдісі бойынша «көңіл күй» смайлигін қолдандым. Бұл әдіс бойынша оқушылардың сабақ басында және соңындағы көңіл күйлері арқылы сабақтың әсерін білуге болады және ол көңілдері арқылы көрініп тұрады. Осы бөлімде пысықтап қайталап алу үшін топпен бірлескен жұмыс ретінде «Фишбоун», «Венн диаграммасы», «Екі жақты күнделік» әдістерімен постерде орындауларын ұсындым. Бұл әдістермен жұмыс жасау барысында топтағы барлық оқушылар қамтылып бірінің білмегенін бірінен үйренді. Сонымен бірге барлық оқушылар түгелдей постерді қорғауға қатысты. Оқушыларды ынталандыру ретінде өзара топтарды смайликпен бағалаттым. .
1-сурет топпен жұмыс үстінде
Сондай-ақ «Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешу» тақырыбы бойынша оның әдістері мен қасиеттері және оны шешу жолдары, екі тақырып арасындағы ортақ қасиеттер, ондағы негізгі ұғымдарын анықтап өз беттерімен мәтінмен жұмыс жасай білді. Сөйтіп топ мүшелері арасында жақын арада даму аймағын құрады. Өз ойларын еркін айтуға үйренеді. Екінші операциялық бөлімінде «Блум түймедағы » әдісін пайдаланып оқушылардың білімдерін шыңдадым. Түймедақ жапырақшаларының әрқайсысына жеңілінен қиынына қарай тапсырмалар бердім. Соның ішінде «Келісемін, келіспеймін», «Математикалық диктант», «сәйкесін анықта», «Ыстық орындық», «Графигін тап» және есептер берілді. Бұл тапсырмалар негізінде жоғарғы(ашық) және төменгі(жабық) сұрақтар болды. Сонымен бірге сұрақтың үш түрі түрткі, сынақтан өткізу, басқаға бағыттау сияқты сұрақтар болды. Бұл бөлімдегі әдістер арқылы оқушылар өз білімдерін көрсетіп және алған білімдерін қолдана алады. Қолданған білімдерін талдау мақсатында «Өрмекшінің торы» әдісімен тақырып бойынша қиындық тудырған мәселелерін айтып және ол бойынша бір-біріне шешу жолдарын ұсынды.
Үшінші рефлекциялық бөлімінде білімдерін жинақтау мақсатында Эдвард Де Бононың «Алты қалпақ » [1] стратегиясын қолдандым. Осы әдісте тақырып бойынша ақ қалпақ- негізгі үйренген ақпараттары , қара қалпақ- әліде қиындық келтіретін мәселелері , қызыл қалпақ- осы тақырыпты меңгерудегі сезімі, сары қалпақ- сабақты меңгерудегі жетістіктері, жасыл қалпақ- осы тапсырмалардың креативтілігі, көк қалпақ- жалпы ұғым, түйінді бір ой-пікірін айтады. Сабақтағы әр тапсырма соңында өз-өздерін критериалды бағалау бойынша бағалап отырды. Сонымен бірге ынталандыру мақсатында кейбір тапсырмалардан кейін смайликпен, қолшапалақтау, бағдаршам арқылы да өзара бағалау жүргізілді. Сабақ соңында келесі сабақты жоспарлау үшін оқушылармен «даналық ағашы » әдісімен кері байланыс жасалды. Жалпы сабақтың табысты болуының критерийі жасақталды. Олар:
Сабақта оқушы мақсатына жетеді егер оқушылар екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешу әдістерін қолданып есептер шығара алса.
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесінің графиктері арқылы олардың шешімдерін таба алса.
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешіп оның графигін сала алса
Сабақта оқушы талпынады егер екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесінің әдістеріне берілген есептерді шығарып, қателік кетсе.
Екі айнымаласы бар сызықтық теңдеулер жүйесінің графиктерін салып шешімдерін табу кезінде қателік кетсе.
Екі айнымаласы бар сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешіп , графигін салуда қиналса.
549275304800031635703048000
2- сурет. Алты қалпақ әдісі 3- сурет. Бағдаршаммен бағалау
Сабағымды табыс критерийі бойынша сараптай келе жаңа әдіс- тәсілмен өткізілген сабағым мақсатына жетті деп ойлаймын. Себебі Оқушылар алған тақырып бойынша алған білімдерін есептер шығаруға қолдана алды. Осы тақырыптың әдістерімен графиктерін бір-бірінен ажырата отырып тұжырымдай алады. Сонымен бірге инновациялық әдіс-тәсілдерді қолданып сабақ өткізгелі бері оқушылардың сабаққа деген ынтасы артып, кейбір шеттеп қалған қатыспайтын оқушылардың қызығушылығы артқанын байқадым. Сондай-ақ білім сапасына да орасан зор ықпал етті.
Қолданылған әдебиеттер
Мұғалімге арналған нұсқаулық /68 бет/ II деңгей
Деңгейлік оқу бағдарламасының үлестірме материалы.
Т. А. Алдамұратова Математика 6 сынып оқулығы
Жартынова Ж. А Ким В. Н «Интерактивті оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау және басқару» Алматы 2014 ж
Математика және Физика журналы №5 2014 ж