«Шыны?са? шымыр боларсы?» (эстафеталы? жарыс)


«Шынықсаң шымыр боларсың»(эстафеталық жарыс)
Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Балаларға өз қабілеттерін, ептіліктерін оятуға мүмкіндік беру. Өзінің қимылдық тәжірибесін пайдалану; алғырлығын, шапшаңдығын, күштілігін, төзімділігін дамыту;  Балалар арасындағы мейірімділік, достық қарым-қатынасты арттыру.
Көрнекі құралдар: 2  есек, 2себетке шырша бүршіктері.
Сазды әуенмен балалар залға кіріп шеңбер жасап тұрады.

Тәрбиеші: Еріншектен салақтық
Салақтықтан надандық,
Бірінен –бірі туады
Жоғалар сүйтіп адамдық
Еріншек таза жүре алмас,
Кір қолында жуа алмас.
Қарекет жоқ, ғалым жоқ
Өз бойынан ұялмас- деп
Шәкәрім атамыз айтқандай бүгінгі «Шынықсаң –шымыр боларсың» ,-деп аталатын эстафеталық жарысымызды бастаймыз.
Жан-жақты дамыту жаттығулары.
Бір қатармен жүру,жүгіру,екі қолды белге қойып, аяқтың ұшымен жүру,
Мұнан соң балалар шеңбер жасап тұрып ,негізгі жаттығуларды жасайды.
11430006350


Жан – жақты  дамыту  жаттығулар:I -Бастапқы  қалып: аяқты  бірге, қол  төменде.1 – қолды  жоғары  көтеру. 2 – оңға, 3 – солға  сылдырлату, 4 – бастапқы  қалып. 3-4 рет  қайталау.II – Бастапқы  қалып: аяқтың  арасы  ашық, қол  төменде.1-отыру, 2- сылдырмақты  тізеге  ұру, 3 – шыдырлату, 4- қалыпқа  оралу. 4 – 5 рет  қайталау.III – Бастапқы  қалып: аяқтың  арасы  ашық, қол  жанында  1 – 2 алға  қарай  сермеу, 3 – 4 артқа  қарай  сермеу. 4 – 5 рет  қайталау.IV — Бастапқы  қалып: аяқтың  арасы  ашық, қол  төменде.1- қолды  созу, 2- аяқты  ұшына  тигізу, 3- бастапқы  қалыпқа  оралу. 4 – 5 рет  қайталау.V — Бастапқы  қалып: аяқты  бірге  қойып.Қояндарша  қос  аяқтап  секіру.
  Құрметті , бүлдіршіндер   бүгінгі  «Шынықсаң шымыр боларсың»(эстафеталық жарысқа)  қош  келдіңіздер! Көңілді  жарысқа «Кұлыншақ» тобының  бүлдіршіндері қатысады.
«Шынықсаң –шымыр боларсың» -деп аталатын эстафеталық жарысымыздың шарттарымен таныс болайық
1. «Жүйрік есек» Әр командадан 1 баладан шығады. Балалар есектың ұстыне отырып секіріп барып, артқа қайтады.
2. Шырша бүршігін (шишка) себетке салу. Ойын шарты: Шырша бүршігін , себеткеге тез жинау.

Қимылды ойын : Ұйқыдағы аю. Ойын мақсаты:Балаларды ұйымшылдыққа, алғырлыққа баулу.Ойын шарты:Тәрбиеші аю болып сайланады, Қалған балалар қоян болады. Қояндар орманда ойнап жүріп, ұйықтап жатқан аюды оятып жібереді. Аю ашуланып, қуа жөнеледі.Ойын 2-3 рет қайталанып, аю жаңадан сайланып отырады.
Жарыс соңында тыныс алу жаттығулары орындалады.
Жүгірдің де қарғыдың, Қане, «Ү-п!» -деп айтайық
Жарадыңдар барлығың. Демді ішке тартайық
Шаршамаңдар дегенмен Енді «Ү-һ..» деп айтайық
Тыныстаңдар тереңнен Демді шығар қайтарып
Босаңсытып денеңді, Бәрекелді балалар
Бей жай күйге ен енді Бәрекелді алтындар.
Басты көтер тік ұста
Емін еркін тыныста.
Тәрбиешіші: Осымен  балабақшамызда «Құлыншақ» тобында өткелі отырған ,  «Шынықсаң шымыр боларсың»(эстафеталық жарыс) атты  жарысымыз аяқталды.
                  Жарқын,шаттық заман болсын,
                  Бүлдіршіндер  аман болсын.
                  Сыйластық пен бірлік болып,
                  Әрқашан орта толсын. ( Қортындылау, мадақтау ).
 




60960024130

Тәрбиеші: Ахметова Г.К.