Та?ырыбы: Шыны?са? шымыр боларсы?!


Тақырыбы: Шынықсаң шымыр боласың!
Мақсаты: Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру.Міндеті: Әр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу, тәсілдерін меңгеру;Оқушылардың икемділігі мен ептіліктерін, мергендік пен шапшаңдылық қабілеттерін дамыту.Түрі: Эстафеталық ойынКөрнекілігі: түрлі - түсті шарлар, доптар, кедергілер, жалаушалар, ысқырық, уақыт өлшеуіш.Құрметті мұғалімдер, оқушылар бүгінгі «Шынықсаң шымыр боласың!» сайысына қош келдіңіздер!Көңілді жарысқа 2, 3, 4 сынып оқушылары қатысады.Жарысқа қатысушыларды ортаға шақырамыз.Бүгінгі сайыста 4 топ қатысады.Ұстанған салауатты өмір салтын,Жасқанып, ешқашан да мойымайтын,Болашақ спортшылар келді ортағаҚол соғып қарсы алайық, қане, халқым!- Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.- Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.І. Кезең. «Секіртпемен секіру.» Шарты: Секіртпемен секіріп, тапсырманы орындау.ІІ кезең: «Аққала»Шарты:1. Үлкен резеңке доптың үстіне отырып секіріп жарысу.2. Допты жерге ұрып жүгіру.3. Футбол добын теуіп бару.4. Допқа шелек кигізу.ІІІ кезең: «Туннель»Шарты: Әр топқа матадан жасалған туннель беріледі. Әр ойыншы туннель арасынан өтіп, белгіленген жерге дейін жүгіріп, орнына келеді.ІV кезең: «Дартс» Шарты: дротиктерді лақтырып, тиген жердегі сан есептелініп, сол бойынша қай топтың ұпайы көп, сол топ сол шарттың жеңімпазы болады.V кезең. Мергендер. Шарты: Әр ойыншы үрленген шарды атады. Қанша шар жарғаны саналады.Құрметті сайыскерлер, шарттар түсінікті болса сайысымызды бастаймыз! Сіздерге сәт сапар!1 - Топтың ұраны: Спортпен достас, жалқаулықпен қоштас.2 - Топтың ұраны: Бәріміз – біріміз үшін, біріміз – бәріміз үшін.3 - Топтың ұраны:Салауатты өмір салтын сақтаймыз,Жаттығудан ешқашан да қашпаймыз.4 - топтың ұраны: Парасатты, айбынды,Боламыз біз сегіз қырлы, бір сырлы.Әр кезең сайын әділқазылар өз бағасын береді.Көрсетті міне өз өнерін балалар,Сайыстың да соңы келіп таянар.Жеңімпазды анықтайық қанекей,Әділқазы сайысты әділ бағалар,- деп, сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау үшін сөз әділқазыларға беріледі.Спорт – көркі өмірдің,Спорт - досың, серігің.Жаттықсаң шымыр боларсың,Шынығып, өсіп, толарсың, - демекші салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етейік!