Ма?жан Ж?мабаев 5-класс саба? жоспары


Пәні:әдебиет Класы:5 а Мерзімі:2.01.2017
Сабақтың тақырыбы  І. Жансүгіров «Күй» поэмасыМақсаты Поэманың  сюжеттік  негізіне  алынған  күй  аңызының  мазмұнын, қобызшы  тартқан «Бозінген»  күйі, оның күй тарту шеберлігін  тереңірек  ұғындыру.
Оқыту нәтижелері Сын тұрғысынан ойлауға үйренеді. Шығармашылық қабілеттері өседі.
Әдіс-тәсілдері Сұрақ-жауап, талдау, дәлелдеу
Пайдаланылған ресурстар Сұрақ-жауап,шығармашылық ізденіс,жұптық,топтық жұмыс
Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс -әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
4.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен
мақсаты туралы хабарлау Оқушылар оқу құралдарын алып сабаққа дайындалады.
Үй тапсырмасы « HYPERLINK "http://u-s.kz/publ/ashy_saba_tar/ashyk_sabaktar/s_ken_sejfullin_a_sa_kiik/13-1-0-1090" Ақсақ  киік» өлеңінің тақырыбы  мен  идеясы
«Ақсақ  киік»  өлеңінде ақын киіктің  сұлу, әрі мүскін  халін  қалай  бейнелейді? 
 «Ақсақ  киік» өлеңі қанша  буынды, қандай  ұйқасқа  құрылған? Оқушылар тақырыпты қайталап,сұраққа жауап береді
Жаңа сабаққа кіріспе Ой қозғау
.Жансүгіров 1894 ж қазіргі Талдықорған облысы, Ақсу ауданында дүниеге келген. Жастайынан анасынан айырылған, әкесінен хат таниды. Қазақ ағарту институтында, Жетісу облыстық “Қосшы” комитетінде, губерниялық оқу бөлімінде, “Тілші” газетінің редакциясында қызмет етті, ауыз әдебиеті үлгілерін жинады. Алматыда 3 айлық мұғалімдер курсын бітіріп шықты. 1925-1928 ж Москва журналистика институтында оқыды. 1927ж алғашқы өлеңі “Беташар” шықты. 1928 ж тұңғыш кітабы “Сағанақ” шықты.
Өлеңдері: “Әнші” “Арман” “Өзіме” “Сәлемдеме” “Тұңғыш тоғысу” “Жастар” “Бұлбұлға” “Мұңым” “Жастар ұраны” “Кедей тойы” “Әншіге” “Қойшы ойы” “Бүгінгі дала” “Ағынды менің Ақсуым” “Бұлт” “Желді күн” “Тас” “Жазғы салым” “Жазғытұрым” “Күз” “Қыс” “Мезгіл суреттері” “Жетісу суреттері”
Күй бағдарлы мазмұны бар, көркемдігі жоғары аспаптық жанр. Онда табиғат құбылыстары, тарихи оқиғалар, халық мерекелері, жан-жануарлар, аңыз-ертегілер, жеке адамдар, адам сезімдері т.б оқиғалар мен құбылыстар суреттеледі. Оқушылар өз ойларын ортаға салады
Жаңа тақырыпты меңгерту Мағынаны тану
Өлеңді  мәнерлеп  оқу (Сөздік  жұмысы
Бақайшақ - аяқтың  башпай  тұсы.
Қорда- заттың үйіндісі.
Ақшам – іңір, апақ-сапақ кез.
Селеулер – селдіреу.
Өліара – ескі ай  мен жаңа  айдың  аралығындағы  мезгіл, уақыт.
Тақым – тізенің  астыңғы, ішкі  жағы.
Бұйда - түйенің не  өгіздің  мұрындығына тағылған  ұзыедығы 2-3 құлаштай бас жіп, бау.
Үргенші- Ежелгі  қала, ортағасырлық  Хорезм мемлекетінің астанасы.
Саңғыраған – айқайлаған дыбыс.
Дабырауын – айқай –шу, даурықпа  сөз.
Өлеңге әдеби талдау 1.Тақырыбы: Күй өнерінің құдіреті туралы 2. Авторы: І.Жансүгіров 3.Жанры- поэзия-өлең 4.Шумақ, тармақ саны-4 шумақ, 130 тармақ 5. Буын, бунақ саны-11 буын, 2-3 бунақ 6. Ұйқас түрлері- қара өлең ұйқасы 
Шығарманың тақырыбы:Күй өнерінің құдіреті Оқиғаның басталуы: Боз інгеннің бошалауы Оқиғаның шиеленісуі: Ұрының енесі мен ботаны ұрлауы Шарықтау шегі: : Ботасын қалдырып, енесін керуенге сатуы Оқиғаның аяқталуы: Сатылған бозінген мен құлдың Үргеншіге кетуі Шығарманың идеясы:Қобызшылық дәстүр жайлы сыр толғап, күйшілік өнерді дәріптеу.
Венн диаграммасы С.Сейфуллиннің “Ақсақ киік”өлеңі Ортақ қасиеті І.Жансүгіровтің “Күй” поэмасы 1.Бетпақдалакөрінісі,киіктің сұлулығын,мергенқолынан жаралануысипатталады. 2.Жазықсыз киіктің мұңы. 3.Өлең Екіақындажануарларбасндағы зарменмұңды шебер,көркем бейнелейді. Сыршылақындар. 1.Қобызшы Молықбай шалдың ерекшеорындайтынкүйі,Бозінгензары,күй құдіретісипатталады. 2.Ұры қолына түскен інгензары. 3.Поэма ұйымдасып жұмыс жасау
Білімдерін бекіту Тест тапсырмалары 1. І.Жансүгіровтың туған жылы? А) 1845ж В) 1894ж С) 1867ж “2. Күй” поэмасындағы қобызшының есімі? А) Естемес В) Қорқыт С) Молықбай “Күй” поэмасы қай жылы жазылды? А) 1925ж В) 1927ж С) 1932ж 1.І. Жансүгіровтың туған жылы? А) 1894 ж В) 1865 ж С) 1810ж 3. І.Жансүгіровтың поэмасын тап А) «Ескендір» В) «Күй» С) «Масғұ» Өз болжамдарын келтіру
Рефлексия Қорытындылау. Бағалау Ауызша бағалау
«Өте жақсы», «Жарайсың» Үйге тапсырма Үйге тапсырма: “Күй ”поэмасы туралы шағын эссе жазу Поэмадан үзінді жаттау