Хром ж?не оны? ?осылыстары.


Сабақ жоспары
Пәні: Химия Сыныбы: 10«А»
Мерзімі: 28.02.15ж. Сабақ реті:
Тақырыбы:Хром оның қосылыстары.
Мақсаты:
Білімділік: Хромның периодтық жүйедегі орны, атом құрылысы, табиғатта таралуы және қасиеттерімен таныстыру. Маңызды қосылыстары және олардың қолданылуы туралы түсінік беру.
Дамытушылық:
d-элементтер туралы алған білімдерін дамытып, кеңейту;
өткен материалды қорытындылауға және жүйелеуге үйрету;
мыс және мырыш, хром туралы білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету;
Есеп шығара білу білігін қалыптастыру;
Тәрбиелік:
оқушының танымдық қызығушылығын, қалыптастыру;
өз бетінше жұмыс жасай білуге тәрбиелеу;
экологиялық, экономикалық тәрбие беру.
Көрнекілігі: Электронды оқулық. Металдардың электрохимиялық кернеу қатары,Хром, хром құймалары. Карточкалар т.б.
Пәнаралық байланыс: Физика, биология, тарих, математика.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі.
Әдіс-тәсілі: Түсіндірмелі-иллюстративті, сұрақ-жауап, жаттығулар орындау, есептер шығару т.б.
Сабақ барысы.
І. Ұйымдастыру.
Оқушыларды түгелдеп , назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Үй тапсырмасы бойынша қойылатын сұрақтар:
Мырыштың физикалық қасиетін сипаттаңдар.
Мырыштың химиялық қасиетін сипаттайтын реакция теңдеулерін жазып, түсіндіріңдер.
Мырыштың маңызды қосылыстары туралы айтыңдар.
Үйге берілген есепті тексеру.
Рефератты талқылау.
№6,7 есептерді шығару.
№6 есеп.
Бер: m( құйма)= 30г Шешуі:
V(Н2) = 4,4л(қ.ж) Х 4,4л
Zn + H2SO4 = ZnSO4 + H2
Т/к: w(Zn) 65г 22,4л
Х= 12,8г
W(Zn) = 12.8 : 30 = 0,43=43%. Ж: 43%
ІІІ.Үй тапсырмасын қорытындылау. (кесте толтыру)
№ Электрондық формуласы, т.д, валенттігі Химиялық қасиеттері Маңызды қосылыстары
1 Мыс 2 Мырыш ІҮ. Жаңа сабақ.
Хром-ҮІ Б топтың элементі. Оның электрондық формуласы:
Сr +24 1s2 2s2 2p6 3s2 3p6 3d5 4s1
Графиктік формуласы:
Тотығу дәрежесі: +1-ден +6 –ға дейін.
Табиғатта таралуы. Жер қыртысындағы жалпы мөлшері -0,03%. Хром әртүрлі минералдардың құрамына кіреді.
Алынуы: Хромды теміртасты көмірмен қатты қыздырып алады.
FeO*Cr2O3 + 4C = 2Cr + Fe + 4 CO
Хромның темірмен құймасы – феррохром
Таза хромды алу
Cr2O3 + 2Al = Al2O3 + 2Cr
Химиялық қасиеттері:
Хромның беті мөлдір оксид қабыршақпен қапталған.Сондықтан химиялық тұрақты.
4Cr + 3O2 = 2Cr2O3 жанады
2Cr + 3Cl2 = 2CrCl3 шабытты әрекеттеседі
2Cr + 3H2O = Cr2O3 + 3H2 су буымен әрекеттеседі
2Cr + N2 = 2CrN азотпен әрекеттеседі
2Cr + 3H2SO4 = Cr2(SO4)3 + 3H2
Хром қосылыстары:
Cr+2 Cr+3 Cr+6
CrO-негіздік оксид Cr2O3-екідайлы оксид CrO3-қышқылдық оксид
Cr(OH)2-негіз Cr(OH)3- екідайлы H2CrO4-хром қышқылы
H2Cr2O7-дихром қышқылы
Хром қосылыстарын анықтау:
Барлық хром тұздарының ерітінділерінің түсі бар: Cr+2-көгілдір түсті, Cr+3-жасыл күлгін, CrO42—сары , Cr2O72—қызыл сары.
Қолданылуы:
легирлеуші элемент;
болаттарға қосады;
қаптамалар жасау үшін;
бояулар дайындауда;
тері илеуде.
Ү. Бекіту.Хром – ең қатты металл, ауада қорғаныш қабықшамен қапталған. Жемірілуге тұрақты. Қыздырғанда химиялық реакцияға түседі.
ҮІ. Үйге тапсырма. § 7.4. №4,5 жаттығулар.