Открытый урок на тему Биологическое оружие


Мектептегі әскери-есептік
жұмыстарды жүргізу туралы
«Әскери міндеттілер мен әскери шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2012 жылдың 27 маусымында бекітілген №859 қаулысының 5 бөлімінің 71, 72 –ші тармақтарын орындау мақсатында
Б Ұ Й Ы Р А М Ы Н
1. Мектептегі мұғалімдер мен кіші қызметкерлердің әскери есепке алу жұмысқа қабылдау кезінде әскери билеті, әскерге шақырушысын тіркеу куәліктің болуын қадағалау мектептің кадр бөліміне жүктетілсін.
2. Мұғалімдер мен кіші қызметкерлерді жұмысқа қабылдау өтінішіне қалалық Қорғаныс істері жөніндегі басқармадан әскери есепте тұрғаны туралы анықтама алуын қадағалау кадр бөліміне жүктетілсін.
3. Осы қағиданың 25-ші қосымшасына сәйкес әскери міндеттілер мен әскери шақырушыларды әскери есепке алуды және брондаудың жәй күйін тексеру журналын және қағиданың 14 қосымшасындағы жеке карточкаларды толтыру кадр бөліміне жүктетілсін.
4. 15-16 жастағы азаматтарды және әскери шақырушы учаскесіне тіркелуге жататын оқушылар тізімін Қорғаныс істері жөніндегі басқармаға ұсыну АӘД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Медетбай Нұрмағанбетовке тапсырылсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау өзіме қалдырылсын.
Мектеп директоры: Л.Балатай