Ауданды? ашы? саба?. Lesson Stady т?сілі бойынша ?ткізген саба? жоспакр Та?ырыбы: Шал мен бала


-343535156210Шағын орталығы бар №12 орта мектептің 3Б сыныбында Lesson Study тәсілі бойынша өткізілген сабақтың жоспары
Сабақтың тақырыбы: Б.Соқпақбаев «Шал мен бала»
Жалпы мақсаты:
1. Әңгіме желісімен таныстыру. Өз бетімен мәтін мазмұнын ұғынуға, түсіндіруге, ой топшылауға үйрету.
2. Үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, қарапйым, тәртіпті болуға жалпы адамзаттық құндылықтармен адамгершілікке тәрбиелеу.
3. Оқушылардың танымдық қабілеттерін, ой-өрісін, сөздік қорын дамыту.
Негізгі мақсаты: 1. Оқушыларды топпен жұмыс істеуге дағдыландыру.
2. Өз бетімен ізденуге ортақ ой топшылауға, ізденіс нәтижесін пайдалану дағдыларын дамыту.
3. Өзін-өзі, өзара бағалауға ынталандыру.
Көрнекілігі: пазлдар, суреттер, стикерлер, түрлі түсті қағаздар.
Сабақтың кезеңдері мұғалім мен оқушылардың әрекеттері Жұмыс мазмұны
Психологиялық ахуал «Жүректен-жүрекке» «Шаттық» шеңберін құру. Өлең шумағымен ынтымақтастық атмосферасын құру
Топқа бөлу
240665149860 Түрлі түсті гүлдер арқылы «Зейін», «Ақыл», «Білім» топтарына бөлу
Үй жұмысын тексеру. Әр топқа тапсырмалар беру «Зейін» тобы-өлеңді мәнерлеп оқу, Анаға көмек туралы әңгіме
«Ақыл» тобы-Ана туралы мақал, анаға арнау
«Білім» тобы – Ана қандай жан? Анаға қандай сыйлық жасар едіңдер? Сұрақтарына жауап беру.
«Миға шабуыл» стратегиясы ой қозғау
Ана қандай жан?
Аналарың сендерге қандай ақыл айтады?
Ата-ананы құрметтейтін өздерің сияқты баламен танысқыларың келе ме?
Жаңа сабақ
Тақырыпты хабарлау
1. Оқушылар мәтінді өз беттерімен оқып шығады.
Әңгіме авторы кім? Ол туралы не білесіңдер?
Б.Соқпақбаев 1924 жылы 15 қазанда Алматы облысы Нарынқол қаласында дүниеге келген. Балаларға арнап көп өлең, әңгімелер жазған. Анасынан ерте айрылып, көп қиыншылықтар көрген.
Әңгімені бөліктерге бөлу
1. Трамвайдағы оқиға –«Зейін» тобы
2. Шалдың әңгімесі –«Ақыл» тобы
3. Шал мен немересі –«Білім» тобы.
Әр топ әңгіменің бөліктерін мазмұндайды, сахналайды.
Білімдерін тексеру
Ойды жалғастыру Сөздік жұмысы бейімделу, лықсып, қолды болды сөздерін қатыстырып сөйлемдер құру. Әр топ мәтін оқиғасы бойынша бір-біріне сұрақтар қояды, оған келесі топ жауап береді.
Үлкендердің алдынан ...........
Өтірік ...........................
Ұрлық жасаған.....................
Бос бесікті.........................
Үлкенге құрмет...................
Кішіге...................................
Оқулықты............................
Үлкенге де, кішіге де ...........т.с.с
Сергіту сәті Қызықты сұрақтар арқылы қимылдар жасау
Жаңа сабақты бекіту 1. «Зейін» тобы-мәтіннің қай бөлігіне сурет салар едің? Қандай сурет салар едің?
2. «Ақыл» тобы-Сурет бойынша әңгіме құру
3. «Білім» тобы – Әңгіме желісі бойынша мақал-мәтел айту

«Адасқан сөйлемдер» ойыны сөйлемдерді рет-ретімен оқиға желісі бойынша нөмірлеу Трамвайдағы оқиға
Бейтаныс баланың көмегі
Трамвайдан түскенде
Атаның әңгімесі
Атаның немересі
Ата мен немеренің әңгімесі
Атттаның балаға ризалығы
Сабақты қорыту Әңгімені қай топ жақсы мазмұндады?
Қай топтың жұмысы жақсы болды?
Рефлексия
«Үміт» ағашына бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып іледі

Үй жұмысы Әңгімені түсініп оқу, мазмұндау, шағын әңгіме жазу.
-14224089535