Білгенні? пайдасы (?дебиеттік о?удан ?ткізілген ашы? саба?) 3 сынып


Сабақтың тақырыбы: Қыстырма сөздердің тыныс белгісі.
Сабақтың мақсаты:
Қыстырма сөздердің сөйлем ішіндегі атқаратын рөлін, жалпы ойға қосатын әртүрлі мағыналық реңктерін байқату, сөйлем ішінен қыстырма сөздерді таба білуге, қыстырма сөздердің тыныс белгілерін дұрыс қоя білуге үйрету.
Қыстырма сөздерді орынды қолдана білуге дағдыландыру.
Оқушыларды дұрыс, мәдениетті сөйлеуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, қайталау, түсіндіру.
Пәнаралық байланыс: өзін-өзі тану
Сабақтың көрнекілігі: кесте, топшамалар
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Өткен материалды қайталау.
Қыстырма сөз деген не?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Кесте арқылы түсіндіру.
Қыстырма сөздер сөйлемде үтір арқылы бөлінеді: а) сөйлемнің басында келсе, үтір одан кейін, ә) ортасында келсе, екі жағынан, б) соңында келсе, одан бұрын қойылады. Мысалы: Шынында, ол кезде бәріміз жас едік. Осының бәрін, әрине, өзі жалғаз істеген жоқ. Жақып түсінігі бар бала, меніңше.
Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу. Ауызша. Сөйлемдерді оқып, қыстырма сөздердің сөйлемдегі орнын анықтау. Қыстырма сөздердің сөйлемнің басында, ортасында, соңында келуіне қарай тыныс белгісінің қойылуына көңі бөлу және түсіндіру.
2-жаттығу. Мәтінді оқып, көшіріп жазу. Қыстырма сөздерді тауып, тыныс белгісін қой.
Әрине, ол шаттанып айқайлаған жоқ, айқайлап жүгірмеді де. Керісінше, көнетоз күпәйкесінің жеңімен көзін сүртіп, қорсылдап жылап келе жатты.
4-жаттығу. Берілген қыстырма сөдерді қатыстырып, сөйлем құрап жазу. Олардың мағыналарын ажыратып, тиісті жеріне қойылған тыныс белгісінің себебін түсіндір.
Бір сөзбен айқанда, менің ойымша, дұрыс айтқанда, оның ойынша.
5-жаттығу. Қыстырма сөздері бар сөйлемдерді бір бөлек, қаратпа сөзі бар сөйлемдерді бір бөлек жазу.
Қыстырма сөздері бар с. Қаратпа сөздері бар с.
Мүмкін, ол жиынға бізді де шақыртатын шығар. Оқушылар сапқа тұруға Біріншіден, әр оқушы жақсы оқуы, тәртіпті болуы керек. дайындалыңдар.
Амал жоқ, бұл жұмысты кешке дейін бітіруіміз керек. Туған жер, қайда жүрсем де Шамасы, бұл мәселе бүгін шешілетін сияқты. мен сені сағынамын.
Топшамамен жұмыс
Сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма. 3-жаттығу. 59-бет.
Бағалау.