Урок по казахскому языку на тему Махамбет ?теміс?лы. А?ынны? ?мір с?рген д?уірі.


Күні:1.11.2013жыл Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8 «А».

Сабақтың тақырыбы Махамбет Өтемісұлы. Ақынның өмір сүрген дәуірі.
Сабақтың мақсаты: білімділік – Махамбеттің өмір сүрген дәуірі туралы мәлімет беріп, Исатай-Махамбет бастаған көтерілістің мақсатын, соғыс сипатын, көтеріліс басшыларының ерлік, батырлық тұлғаларын түсіндіру.
Тәрбиелік мәні – оқушыларды елін, жерін, Отанын сүйетін патриот етіп тәрбиелеу, ерлік пен елдікті, батырлықты дәріптеу, олардың бойында қызығушылық, ізденушілік қабілеттерін арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: ақын портреті, слайдтар, электронды оқулық.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: баяндау, диалог, талдау, түсіндіру, қорытынды.
Пәнаралық байланыс: тарих, география, қазақ тілі.
1. Кріспе.
а) Ұйымдастыру кезеңі.
ә) Үй тапсырмасын сұрау
1-cлайд
1.Сәйф Сараидің туып өскен жері.
2. «Түрікше -Гүлстан» кітабының мазмұны қандай?
3. Шын өмірде осындай жағдайлар бола ма?
2-слайд (Махамбеттің суреті)
3. Жаңа сабақ өту.
Оқушылардың назарын батырдың киімдері мен қару-жарақтарына аударту арқылы Махамбеттің портретін көрсетіп, бұл киімдерді тек батырлар киетініне түсінік беру.
Оқушылардың төменгі сыныптарда «Махамбеттің тапқырлығы» атты мәтінмен, ал 3-сыныпта Қ.Жұмалиевтің «Махамбет пен Жақия» әңгімесімен танысқандарын естеріне түсіріп, Махамбеттің бойындағы өжеттік, тапқырлық, батырлық, ержүректік қасиеттерімен таныс екендіктерін айтып, енді Махамбетті ақындық, күйшілік, сазгерлік, домбырашылық қырынан таныту.
- Бүгін балалар, біз Махамбетті басқа қырынан танимыз, ақынның өлеңдерімен танысамыз. Демек, Махамбет әрі батыр, әрі ақын екен. Оған оның көптеген өлеңдері дәлел бола алады.
Махамбеттің 80-ге жуық өлеңі бар, мұрасының көбі бізге жетпеген. Оның өлеңдерін шәкірті Қуан жырау жатқа білген екен. Одан Мұрат Мөңкеұлы үйренген. Одан Ығылман Шөреков жаттаған. Бір қатар өлеңдерін жинаған ақын – Шәңгерей Бөкеев.
Ең алғаш Махамбет өлеңдері 1908 жылы Қазан қаласында «Мұрат ақынның Ғымарқызы уғылына айтқаны» дейтін жинақта жарық көрген.
Сонымен қатар күйші-сазгер, домбырашы. Олай дейтініміз – Махамбеттің «Жорық», «Жайық асуы», «Қайран,Нарын», «Исатайдың Ақтабаны-ай», «Кішкентай», «Ақтабан», «Жұмыр қылыш», «Өттің дүние», «Өкініш», «Қиыл қуғыны» т.б. күйлері бар.
3-слайд (суреті, тақырып )
Электронды оқулық
(Махамбеттің шыққан тегі, өскен ортасы, өмірінен мәліметтер беріледі)
4-слайд
Көтерілістің шығу себебі: шаруалардың шұрайлы қонысынан, жер-суынан, еркінен айрылуы, хан-сұлтандар мен патша үкіметінің езгісіне, қыспағына түсіп күйзелуі болды. 1836 жылы 2-қараша күнгі көтерілісте Исатай мен Махамбет бастаған 3 мыңдай адам хан ордасына шабуыл жасайды. 1837 жылдың шілдесінде Гекке бастаған орыс армиясымен соғысады.
5-слайд
Көтерілістің жеңілу себебі: 1) барлық көтерілісшілер жаппай, біртұтас біріге алмады; 2) өздерінен жақсы қаруланған, арнайы әскери дайындықтан өткен патша жазалаушы күштерімен арпалысу қиын еді.
Көтеріліс жеңіліс тауып, оның басшылары жазаланса да, бұл еліміздің болашағы үшін жасалған маңызды қадам болды. Ұлт-азаттық қозғалысының көсемдері батыр Исатай мен ақын Махамбет халықтың ыстық ықыласына бөленді. Олар халық жүрегінде мәңгі сақталар тұлға болып қала бермек.
Кітаппен жұмыс
«Ереуіл атқа ер салмай» өлеңін талдау
6-слайд
Сөздікпен жұмыс, дәптерге жазу
Қу толағай жастанбай-тақыр бас, жалаңаш бас
7-слайд
Махамбеттің өміріндегі жылдар үн қатады тізбегін шешу.
1804ж.- Махамбеттің туған жылы.
1836ж.-1838ж. Шаруалар көтерілісі.
1842ж.-Махамбет Жәңгір ханның баласымен Орынборға барды.
1846ж.- қайтыс болған.
1837ж.- подполковник Гекке отрядымен шайқас.
8-слайд
Бүгін мен не білдім? Не білгім келеді?
Сабақтың қорытындысы
-Қорыта келгенде, Махамбет жырларының асыл арқауы-туған жердің туын көтеру, оны талауға түсірмеу, туған жер үшін бас тігіп, найзалы күреске шығу, келешек ұрпақты осыған шақыру.
Махамбет поэзиясы-қаһарлы да айбарлы, өзіне тән бедері, айшығы, өр рухы бар жауынгер поэзия. Оның өлеңдерінің бүгінгі ұрпаққа да, келер ұрпаққа да берер тағлымы мол, ерлік пен елдіктің үлгісі.
-Балалар, көрнекті ақынымыз, мемлекеттік сыйлықтың иегері Ф. Оңғарсынова жырлағандай:
«Бостандықты аңсаған,
Тәуелсіздікке жол салған,
Батыр ақын Махамбет,
Ұмытпас сені ұрпағыңІ»-деп аяқтағым келеді
- Сонымен, балалар, Исатай мен Махамбеттің арманы орындалды ма?
-Бүгінгі Исатай мен Махамбет арманы мүлтіксіз орындалып келеді, өйткені «Еліміз егеменді, тәуелсіз ел болды»-деп жауап қайтарсақ орынды.
Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады
Үйге тапсырма : Махамбет өлеңдерін жаттап келу. «Махамбет өлеңдеріндегі Исатай бейнесі» тақырыбында шағын шығарма жазып келу.
№267 орта мектеп



Ашық сабақ
Тақырыбы: Махамбет Өтемісұлы. Ақынның өмір сүрген дәуірі.
Өткізген:Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Ташимова. Г.Н.