1-мамыр — ?аза?стан халы?тарыны? досты?ы к?ні атты мерекелік іс-шара


Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының
«Шымкент №1 саңырау балалардың мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тәрбиешісі Токбергенов Иса Асанбиулы
Тақырыбы: «1-мамыр Қазақстан халықтарының достығы күні»
Мақсаты:
Білімділік: 1-мамыр Қазақстан халықтары достығы күнін атап өту. Көп ұлтты Қазақстан халқының татулықпен, бірлікпен өмір сүріп жатқаны жайлы танымдық ойларын дамыту.
Түзетушілік: Оқушылардың дыбыстарын қадағалап отыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
1-мамыр мерекесі тақырыбында өлеңдер, тақпақтар айту арқылы оқушылардың сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: Оқушыларға еліміздің көп ұлттылығын, достығын, мәдениетін насихаттай отыра, достық пен бауырмашылдыққа, бейбітшілікке, өзге ұлт өкілдерін құрметтей білуге тәбиелеу.
Іс-шараның көрнекіліктері: Тақырып жазылған баннер, тақырыпқа сай суреттер, шарлар, гүлдер.
Жүргізуші:- 1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні.
Осынау кең байтақ Отанымызда ынтымағы жарасқан
жүзден астам ұлт пен ұлыс өкілдері тұрады. Міне, мерекелі
мамыр айы да келіп қалды. Мамыр айы ерекше ай. Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата-аналар, балалар!
Бүгінгі 1-мамыр Қазақстан халықтарының ынтымақ күні
құтты болсын! – дей отырып, мерекелік шашуымызды
бастаймыз.
Жүргізуші:- Әдемі де, әсерлі мерекеміздің шымылдығын
«Ақ көгершін» әнімен бастайық.
«Ақ көгершін» әні. Орындайтын: 5 «А» сынып оқушысы Әлімхан Аружан.
Жүргізуші:- Әр халықтың бай мәдениеті бар, әр халықтың салт-
дәстүрі, өз тарихы мен әдебиеті бар. Дегенмен, бақыт,
әділдік, бейбітшілік, тәуелсіздік үшін күрес, ал ынтымақ –
соның барлығының басын біріктіреді. Осы мерекеге
байланысты балалардың өлеңдерін тыңдайық.
1-оқушы:Уа, қош келдің,
Ынтымақ күн, бірлік күн,
Берекесі замананың, тірліктің.
Ұлттар менен Ұлыстарды ұйытқан
Ұлы елімнің келбетінен нұрды ұқтым.
2-оқушы:Тәуелсіздік кіндігін,
Кескен халық бірлігі,
Ынтымағы барша ұлттың
Нұрын шашқан күн бүгін.
3-оқушы:Единной семьей живут с давних пор,
Скрепили объятия над кручами гор.
Казах и армянка, киргиз и таджик,
Для дружбы нашли самый верный язык.
Жүргізуші:- Оқушылардың орындауындағы «Бірлігіміз жарасқан»
композициясын қабыл алыңыздар!
Жүргізуші:Ұлы Достық!
Жазира – өлке, гүл – маусым,
Жасыл әлем, саған мәңгі нұр жаусын!
Қарсы алдыңнан тарқамасын тыңдаушың.
Мың құбылтқан
Бұлбұл болсын жырлаушың!
Хор: «Атамекен». Орындайтын: 7 «В» сынып оқушылары.
Жүргізуші:- Қазақстан – достықтың Отаны. Бүгінгі таңда аталған
мереке халқымыздың бейбітшілік пен келісімінің
қазақстандық үлгісін әлемге танытушы айрықша дәстүр.
Төрлете бер,
Көктем – келбет, Ұлы күн,
Бойға дарыт ынтымақтың жылуын.
Достық деген ұялаған жүрекке,
Қасиетті-ау, қасиетті бұл ұғым.
Ән: «Отаным менің». Орындайтындар: Сақбай Төребек, Жорахан Камшат, Ұлық Ерсұлтан.
Жүргізуші:Кең пейіл мамыр келсе – көңіл кенен,
Шаттанам, қуанамын, көңілденем.
Көк – жасыл әлем сынды кіршігі жоқ,
Тамаша-ау, тату-тәтті өмір деген!
Қазақша би: «Шаттық».
Жүргізуші:Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
Достық тату өмірге,
Дүние жүзі сенеді.
Бүлдіршіндердің орындауында ән.
Жүргізуші:- Бейбітшілік пен келісім – Елбасының саясаттағы негізгі
ұстанымы.
Күндік емес,
Бұл ынтымақ – ғұмырлық,
Көтереміз ауыры мен жүгін нық.
Ұлы достық қасиетін ұғындық,
Отан үшін жұдырықтай жұмылдық!
Би: «Попури».
Жүргізуші:- Қазақстан бірлігі арқасында біз көптеген қиындықтардан
өтіп, тәуелсіздігімізді нығайттық, бірлігіміздің арқасында
барлық қиындықтарды жеңіп шығамыз.
Қарыштап қадамымыз бұдан да алға,
Еліме ырыс пенен дарысын құт.
Болсыншы бейбітшілік жаныңа тән,
Атыңнан айналайын, алып Отан!
Әлемде, Қазақ елім, өзің барда
Мен-дағы мәңгілік боп жалын атам!
Хор: «Родина моя».
Жүргізуші: Достық барда, аспан да ашық, тау да асқақ!
Саған барып жарасамыз даулассақ.
Қасиетіңе құдай қызыр дарытып,
Мерейіңді үстем еткен әу-баста-ақ!
Орыс биі: «Светлячок».
Жүргізуші:Бірлігі мен ынтымағы халықтың,
Көгімізде жарқырайды жарық күн,
Ырыс, дәулет, бақыт үшін халықтың,
Жайнай берсін жарық күн!
Жүргізуші:- 1-мамыр Халықтар достығы күні. Бүгінгі таңда елімізде
көптеген ұлттар мен ұлыстардың өкілдері тату-тәтті,
бірігіп, ынтымақтасып бір шаңырақ астында өмір сүруде.
Лайым солай болғай! Мерекелік іс-шарамызды Ұлық
Ерсұлттанның орындауында «Тәуелсіз Қазақстан» әнімен
аяқтаймыз.