К?ктем г?лдері атты мерекелік іс -шара


Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы №19 орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі: Чадаева Гульнур Мухтаркановна
3 «Е» сыныбы
Мерекелік іс-шара тақырыбы:«Көктем гүлдері»1 - жүргізуші: Армысыздар, абзал аналар, ақ жаулықты әжелер, көктем гүліндей жайнаған апайлар, аяулы қарындастар.
2 - жүргізуші: Сіздерді көгілдір көктемнің шуақты күндерімен бірге келетін
8 - наурыз мерекесі халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз.
1 - жүргізуші: Бүгінгі күн сіздерге мерекелік көңіл - күй тілей отырып, халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналып өткелі отырған «Көктем гүлдері» атты байқауын тамашалауға шақырамыз.
2 - жүргізуші:Қос бұрымы шаш беліне төгілген,Келбеті бар кермаралдай керілген.Қазақ қызы – инабатты ару қызАқ жүзінен аппақ сәуле төгілген.
1 - жүргізуші: Тіл байланып қалатындай көргенде, Сұлулықты соған ғана берген бе!Кімде болса бас иеді мойындап, Қарсы алдына қазақ қызы келгенде - дей келе
2 - жүргізуші: Бүгінгі «Көктем гүлдері» атты байқауға қатысқалы отырған «Қызғалдақ», «Бәйшешек» топтарының қатысушыларына сәттілік тілей отырып қошеметпен ортамызға шақырайық.
1- жүргізуші
Бүгінгі байқауда аруларымыз мына бөлім шарттары бойынша сынға түседі:І - бөлім: «Сәлемдесу»- деп аталады. Байқауымыздың бұл бөлімінде әр топ өзін - өзі таныстырады. Бұнда аруларымыздың тіл көркемдігі және сырт сымбаты, жүріс тұрысы сынға түседі.
2 - жүргізуші:
ІІ - бөлім «Өз өнері» - деп аталады. Бұл бөлімде аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді. (Ән айту, би билеу, тақпақ айту т. б өнерлерін көрсетуге рұқсат етіледі)
1- жүргізуші
ІІІ бөлім: «Сұрақ - жауап» Бұл бөлімде аруларымыз билет алу арқылы сұрақтарға жауап береді.
2- жүргізуші
ІV - бөлім: «Үй тапсырмасы» - деп аталады. Бұл бөлімде аруларымыз үй тапсырмасын орындап,өз қолдарымен жасалған бұйым немесе заттарымен таныстырады.
1 - жүргізуші:
V-бөлім: «Жағдаят шешу» әр топқа жағдаят беріледі ,соны шешіп өз ойларыңды айтасыңдар.
2- жүргізуші
VI «Шәш үлгісі»- деп аталады. Бұл бөлімде арулардың бүгінгі заманға сай шаш үлгісін жасап көрсетеді.
САЙЫСТЫ БАСТАУ
1 - жүргізуші:Баурап алар бір ақ ауыз сәлеміҚазақ қызы - әдепті де әдеміҚазақ қызы - ақылына көркі сайТұнып тұрған сұлулықтың әлемі.- дей отырып байқауымыздың бірінші бөлімі «Сәлемдесуі» бойынша әр топ өздерін таныстыруына рұқсат етейік. 2 - жүргізушіІІ бөлім: «Өз өнері»Әр топ өз өнерлерін көрсетедіӨнері өрге жүзер талаптыныңТаланты талмай ұшар қанаттыныңӘлди әуен әлемі өнер атыШарпып өтсін лебімен қанатының*- деп сайыскерлердің өнерін тамашалауға шақырамыз.
1 – жүргізуші
Білім құйған бойынаҚанын өмір жайынаСалт дәстүрдің әр сөзінСақтап жүрген ойына - деп сайыскерлерді ортаға шақырамыз.
IІІ бөлім «Сұрақ - жауап» Бұл бөлімде аруларымыз билет алу арқылы сұрақтарға жауап береді
1.Шілдехана той қандай дәстүр?
2. Сәндік бұйым жасайтын адам?
3.Ұлыс күні жасалатын тағам?
4. Түйенің сүті?
5. Қыста жейтін малдың етін не деп атайды?
6. Қазақ қыздарының бас киімі ?
7. Ең құрметті, қасиетті, жанашыр адам?
8. Теріден тігілген киім?
2- жүргізушіМен қазақ қыздарына қайран қалам,Жанары жаны жаздай жайраңдаған.«Қыз өссе,елдің көркі» деген сөзді,Қапысыз қалай айтқан қайран бабам
ІV бөлім « Үй тапсырмасы»Бұл бөлімде аруларымыздың үйден дайындап әкелген бұйымдарымен таныстырып әділқазылар алқасына тапсырады. Қол соғып аруларымызды ортаға шақырамыз. 1 – жүргізуші
Қос бұрымы аш беліне төгілген,Келбеті бар кермаралдай керілген.Қазақ қызы – инабатты ару қызАқ жүзінен аппақ сәуле төгілген.
V-бөлім: «Жағдаят шешу» әр топқа жағдаят беріледі ,соны шешіп өз ойларыңды айтасыңдар 5 минут уақыт беріледі.
жағдаят:
Асем мен Сауле кеше сабақтан кейін «Денсаулық» жайлы ой бөлісті. Асем анасынан естіген әңгімесі бойынша «Денсаулықты сатып алуға болады» деді. Ал Сауле  бұл  ойға  келіспеді. Ол «Денсаулықты ақшаға сатып ала алмаймыз» деді. Сендер не деп айтқан болар едіңдердер
2-жағдаят:
     Әлия таңертең сабаққа асығыс тамақтанып шықты. Анасы баласының бұл ісіне, «Денсаулығыңды бұзасың ғой» отырып, дұрыс тамақ ішсең  қайтер еді?» деп айтты. Әлия анасына «Тамақтанбаудың денсаулыққа еш зияны» жоқ деп жүре тыңдады.
Сендер не деп айтқан болар едіңдердер
2 - жүргізушіШашты кеспей күтіп оны қараңдар.Қыздың көркі шаш екенін түсініп,Өріп қойып шаш үлгісін жасаңдар,дегендей келесі сайысымыз
VI «Шәш үлгісі»- деп аталады.Бұл бөлімде арулардың бүгінгі заманға сай шаш үлгісін жасап көрсетеді.
1 – жүргізуші
Халқымыздың ежелгі үрдісі барАдастырмас оң жолдан үлгісі барҮлкен сыйлау ұққанға соның бәрінЗердерлі ол, зейінді келіп сынар - дей келе қазылар алқасының қорытындысын тыңдайық.
2 - жүргізушіҚұрметті көрермендер! Бүгінгі «Көктем гүлдері» байқауы өз мәресіне жетті. Әрқашанда құшақтарыңыз гүлге, көңілдеріңіз шаттыққа толы болсын - дей отырып бүгінгі кешімізді әнмен аяқтайық.