География п?ні бойынша М?хит суын зерттеу, ?ор?ау та?ырбы бойынша саба? жоспары 6 сынып


Күні: Пәні: география Сынып: 6 «Ә» № 33 сабақ
Тақырыбы: Мұхит суын зерттеу қорғау
Басты мақсаты: Оқушыларға мұхиттар мен теңіздердің адам өміріндегі маңызы мен оны қорғаудың жолдары туралы түсінік беру, қорғаудың жолдарын іздестіру.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар Омұхиттар мен теңіздердің адам өмірі үшін қаншалықты маңызды екенін айғақтар бойынша өз ойларын жеткізе алады, дәлелдеп тірек –сызба сыза алады, оны қорғаудың жолдарын және олдардың мәселелерін талқылай алады.
Негізгі идеялары: Мұхит суын қорғау, ЮНЕСКО
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау, постерлік жұмыс
Сабақтың формасы: Топтық жұмыс, жұптық жұмыс
Өткізу формасы: Фронтальді,
Сабақтың технологиялары: СТО элементтері: ББҮ кестесі, Бес жолды өлең, Кубизм, Автор орнындығы, АКТ: интербелсенді тақта, презентация, мультимедиялық оқулық.
Көрнекі құралдары: Дүние жүзінің жарты шарлар артасы, атлас, Мұхит суын қорғау жайлы бейнефильм, үлестірме парақшалары, постер, түрлі-түсті қарандаштар мен сызу құралдары.
Сабақтың барысы:
Кезеңдер Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
1.Ұйымдастыру
(1 мин) Оқушылармен амандасу, сыныпты түгендеу, сабаққа дайындық барысын қадағалау.Оқушыларды үш топқа бөлу. Мұғаліммен амандасу, сабаққа дайындалу, оқу құралдарын түгендеу.Үш топқа бөліну.
2. Үй жұмысын сұрастыру (10 мин) Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қою.
Географиялық номенклатура табу Сұрақтарға ауызша жауап беру.
Картадан мұғалімнің айтқан номенклатураларын тауып көрсету.
3.Жаңа сабаққа көшу ( 2 мин) Оқушылар қалай ойлайсыңдар, неге мұхит суының адам өмірі үшін маңызы айтарлықта бар?
Ал сендер білесіңдер порттар не үшін керектігін?
Мына суретте не салынған (86 сурет: Мұхит жануарлары мен өсімдіктері)
Келесі кестені толтырады:
Білемін Білгім келеді Үйрендім
Оқушылар сұрақтарға жауап беруге тырысады, суретке қарап оның неге қатысы бар екенін анықтайды.
Суретке қарап мұхит түбіндегі жануарлар мен өсімдіктердің алуан түрлі екендерін айтады.
Оқушыларға келесі кестені толтыруға ұсынылады:
Білемін Білгім келеді Үйрендім
4. Жаңа сабақты меңгеру: (15 мин) Әр топқа Мұхиттар мен теңіздердің адам өмірі мен оны қорғау туралы мағғлұматпен жақынырақ танысу үшін оларға рөлдер бойынша жоспарға сәйкес тапсырмалар беру:
1-топ: «Америкалық үндістер»
2-топ: «Кариб теңіз қарақшылары»
3-топ: «Христофор колумб»
Материалды зерттеуге 3 минут, қорғауға 2 минуттан. Жаңа сабақты зерттеуге арналған жоспар:
Әр тақырыпшалар бойынша талдау жасау, мазмұнын айту, оған постер мен тірек-сызба сызу, картамен жұмыс істеу, өз түсініктері бойынша.
1-топ: Мұхиттар мен теңіздердің жол қатынасы үшін маңызы
2-топ: Мұхит жануарлары мен өсімдіктері
3-топ: Мұхитты қорғау
5. Жаңа сабақты бекіту ( 10 мин) Оқулықтың 127 бетіндегі «Мұхиттар мен теңіздерді шаруашылыққа пайдалану» тақырыбындағы сызбаны сызып оған талдау жасау. Сызбаны сызып алады, ауызша талдау жасайды.
6. Сергіту сәті (2 мин) Көңілді би Орындарынан тұрып биді билейді, денелерін бір сергітіп алады.
7. Қорытынды:
(3 мин) Бүгінгі сабақты қорытындылау үшін әр топтың оқушылары келесі қорытындылау формаларын таңдап ала алады:
Бес жолды өлең,
ББҮ кестесі.
Стикерлерге бүгінгі сабақ туарлы өз ойларын жазу
Мысалы: ББҮ кестесі:
Білемін Білгім келеді Үйрендім
8. Бағалау
(1 мин) Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау 9. Үй жұмысы:
(1 мин) § 42 125-128 Үй жұмысын күнделіктеріне жазып алады, түсінбегендерін сұрайды.