Ашы? саба? «Неке ж?не отбасы ??ымы. Некені б?зу ж?не оны? себептері»


Сабақтың тақырыбы: «Неке және отбасы ұғымы. Некені бұзу және оның себептері»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға отбасы неке ұғымы, некенің түрлері, некенің тоқтауы мен бұзылуы және оның себептері туралы мағұлматтар беру.
Дамытушылық : оқушыларды неке, отбасы, «неке және отбасы туралы» заң, некенің жарамсыздығы туралы ұғымдармен таныстыру.
Тәрбиелік: оқушыларды отбасының бірлігін сақтауға, некеге тұрғаннан кейін келеңсіз әрекеттерге бой алдырмауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Білімді меңгерту сабағы
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі:Сызба, кесте, карта, презентация
Пән аралық байланыс: География, тарих
Сабақтың жүрісі:
Оқушылармен амандасу,сабаққа қатысын тексеру
Үй тапсырмасын сұрау
Жаңа сабақ
Сабақты бекіту, қорытындылау
Бағалау
Үй тапсырмасын сұрау:
Миға шабуыл «Заңсыз арал»
Біз ешқандай заңы жоқ аралда өмір сүрсек,не болар еді?
Ойға жүгінсек «Тарихи шолу»
Қазақ жерінде қалыптасқан қандай заңдарды білеміз?

3. «Балам бол, басқа бол-бәріңе заң біреу-ақ» жағдаяттарды шешу
Қарақщылық қылмысы 179 бап бірден үш түрлі объектіге қол сұғады,қарақшылықтың негізгі объектісі қандай?
Жауабы: өмір,денсаулық, меншік
Кәмелетке толмағандарға жазаның қандай түрлері қолданылады?
Жауабы : айыппұл, қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары,қамау.

39966902540
4. «Адам құқығы туралы мәлімет»
Адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясы.
Бала құқықтары туралы Конвенция.
Әйелдерге қатысты кемісітушіліктің барлық түрлерін жою туралы Конвенция.
Қазақстан Республикасының Конститутциясы.
“ҚР-дағы бала құқықтары туралы” ҚР Заңы
“Неке және отбасы туралы” ҚР Заңы.
5. «Ойлан тап» ойыны
№ 10 20 30
Терминдер Бандитизм Гипотеза Дизпозиция
Анықтама-лар Қылмыстық құқық Қылмыстық заң Қылмыстық зат
Атаулар ҚР ОСК БАҚ
Жаңа сабақ жоспары:
Отбасы және неке ұғымы
Некенің түрлері, некеге тұру тәртібі
Некенің бұзылу себептері, некені сот тәртібімен бұзу
4168140-491490Отбасы - бірлесіп күн көретін туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді кажеттіліқтерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы.
Отбасының тәрбиелік қызметі ана және әке болуда, балалармен қатым-қатынаста, оларды тәрбиелеуде, балалардың өз бетімен өсуі кезіндегі жеке қажеттіліктің қанағаттанарлығынан тұрады. Отбасы қоғаммен байланысы бойынша өсіп келе жатқан ұрпақтардың әлеуметтенуін, қоғамның жаңа мүшелерін дайындауды қамтамасыз етеді.
Отбасынның қоғамдағы қызметі екіге бөлінеді.
1. отбасы мүшелерінің өзара көмек көрсету қызметі;
2.өмірге ұрапқ әкелу және тәрбие беру;

Швецияның балалары. Швед отбасылары балаға сәби кезінен жеке тұлға ретінде қарап,еркін тәрбиелеуге тырысады.Қатаң жазалауларға тыйым салынған,тіпті мұны бұл елде қылмыс деп есептейді. Сондықтан ,әрбір шведтік бала әке-шешесі өзіне қол жұмсаса,полицияға хабарлауға құқылы. Мұндай кезде ата-аналарға әкімшілік тарапынан жаза қолданылады.
Жапонияның балалары.Жапонияның көптеген мектептерінде асхана жоқ.Балалар түскі астарын үйден арнайы ыдысқа салып әкеледі.Ал,мұғалімдер болса,балалардың үйден әкелген тамақтары денсаулыққа зиян емес пе,соны мұқият қадағалайды.Сол себепті ,жапон аналар арнайы сабақтарға қатысады.Ол жерде баланың ағзасына қажетті дәрумендер тамақпен сіңу үшін,қандай ас әзірлеу керек және қалай даярлау керектігін түсіндіріп,үйретеді.

Неке – отбасын құрудың негізі болып табылады. Ерлі – зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын отбасын құру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты – неке деп түсінуіміз қажет. 
Неке
Азаматтық неке Заңды неке
Ерлі – зайыптылардың көзі тірі кезінде неке, олар ажырасса ғана тоқтатылады. Ажырасу арқылы некенің тоқтатылуы, АХАТ органдары немесе сотта заңда белгіленген тәртіп бойынша іске асырылуы мүмкін. Некені бұзу АХАТ органдарында ерлі – зайыптылардың біріккен және жекелеген ерекше жағдайларда – жұбайлардың біреуінің өтініші бойынша жүргізіледі. Ал сотта некені бұзу ерлі – зайыптылардың екеуінің бірлескен, сондай – ақ жұбайлардың біреуінің өтініші бойынша жүргізіле береді. Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы» заңы неке бұзудың 2 түрін белгілейді.

Неке бұзудың түрлері

Азаматтық хал актілерін Некені сот тәртібімен бұзу.
тіркеу органдарында некені бұзу

кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ 1кәмелеттік жасқа толмаған ортақ балалары болса

бір-бріне мүліктік және өзге де жұбайлардың біреуі некені бұзуға келісім бермесе талаптар қоймайтын

ерлі-зайыптылардың өзара келісімі ерлі-зайыптылардың біреуі некені бұзуға қарсы болмаса
Мен 205740159385қаншалықты жақсы білемін (сұраққа жауап.)
1 Азамат А.Айдаров азаматша М.Махмудудова екеуінің арасындағы некесінің бұзылғанын,отбасын өзара түсіністік жоқтығын көрсете отрып, некені бұзу туралы сот органдарына шағымданады. Махмудова осы мерзім аралығында ұл туған, ол 4 ай мерзім өткен соң шетінеген.
Судья Махмудованың некені бұзуға келісімі жоқ екенін сылтауратып талап-арызды қабылдаудан бас тартады. Осыған қосымша оған 10 ай мерзім өткен соң ғана сотқа қайта шағымдануын ұсынады.
Судьяныңәрекетінде заңсыздық белгілері бар ма? Жауаптарыңды заңның тиісті баптарына сүйене отырып дәлелдеңдер.
2 А.Садырова Алмалы аудандық сотына С.Алдековпен арасындағы некені бұзу туралы талап қояды.С.Алдеков қылмыс жасағаны үшін 4 жыл бас бостандығынан айырылған.Сот Алдековтің Садыроваға мүліктік талаптары болуы мүмкіндігін ескерте отрып,некені бұзудан бас тартады.
Егер саған осы істі қарау мүмкіндігі берілсе,сен қандай шешім шығарар едің?Заңның баптарына сүйене отрып, жауаптарыңды негіздеп дәптерге жаз.
4034790184785« Сандық» стратегиясы туралы тапсырмасын орындайық
1. Не тәтті? 2. Не жұмсақ? 3. Не қатты? 4. Кім жақын? 5. Не қымбат?
«Кім шапшаң?» ойыны
1. Отбасын кімдер құрайды? 2. Ұл мен қызды жасына қарай қалай атайды3. Отбасының әдет - ғұрпы туралы түсініктеме беру 4. Неке дегенді қалай түсінесің? 5. Отбасының бүкіл міндеті кімдерге негізделген?6. « Үлкенге көмек» дегенді қалай түсінесің7. Конституцияда отбасына қамқорлық туралы не айтылған8. Отбасының ұйтқысы кім? 9. Отбасының басшысы кім?
4253865381635 Шығармашылық жұмыса) Құндылық құнын ұғындар. (карточкамен жұмыс)Отбасымда ең сыйлы ______________________________________Ең қымбатты _____________________________________________Ең ақылды _______________________________________________Ең сүйкімді ______________________________________________Ең құрметті ______________________________________________Ең құнды ________________________________________________Ең бағалы ________________________________________________Ең қажетті _______________________________________________
Сабақты бекіту, қорытындылау. «Екі жақты күнделік »ойыны
Негізгі ұғым Түсініктеме Лайық мақал
Отбасы Бала Ата-ана Бағалау
Үйге тапсырма: «Неке және отбасы ұғымы. Некені бұзу және оның себептері» презентация жазап келу.