Wysiwyg Web Builder ж?йесінде «Флеш — анимация» п?нінен электронды? о?у ??ралын жаса?тау


Wysiwyg Web Builder жүйесінде «Флеш - анимация» пәнінен электрондық оқу құралын жасақтау
Өмірбаева А. -Ж.Досмұхамедов атындағы
педагогикалық колледждің
1305000 «Ақпараттық жүйелер» мамандығының
3 курс студенті
WYSIWYG Web Builder - бұл атауы бойынша пікір айтуға болатын бағдарламалардың бірі. Бұл веб-редактор толыққанды беттерді, сондай-ақ үлкен сайттарды да HTML, PHP кодтарын білмей-ақ жасауға мүмкіндік береді. Бағдарлама қолдануда өте қарапайым: сайтқа қатысты әр түрлі элементтер қоюға арналған жұмыс аумағы бар.
Кез келген жұмыс этапында проектыны тез көруге болады. Проект броузер бетінде ашылады, «F5» батырмасын басу арқылы броузермен аша аламыз. Ыңғайлы болуы үшін компьютерде орнатылған кез келген броузермен ашуға болады. Ол үшін қажетті броузерді таңдап аламыз.
Тіпті көзбен редакторлеу кезінде де веб-беттерді басынан құру айтарлықтай қиын, әсіресе бұл сіздің алғашқы сайт құруыңыз болса. WYSIWYG Web Builder бағдарламасында әр түрлі тараптарға арналған көптеген дайын шаблондар бар. Шаблондарды үш негізде пайдалануға болады: бірігей дизайндар үшін, редактірлеу үшін, және өз қалауыңыз бойынша. Сонымен қатар сайтқа кірістіруге болатын дайын кодтар да бар. Мысалы javascript, ағымдағы уақыт пен күні, сілтемелер енгізуге арналған бет белгілер, секірмелі әріптер, контекстік менюді алып тастап, оның орнына тышқанның оң жағын басқанда жанып - сөнетін текст және тағы да басқа көптеген кодтар.
Осы бағдарламаның көмегімен сайт құруды жоспарлап жүргендер үшін веб – беттерді басқаратын ыңғайлы сайт бар. Жылдам қосу, жаңа жұмыс орындарын құруға, олардың негізінде сайтты басқаруға болады. Жаңа қойылған ресурс іздеу жүйелерімен жақсы байланысу үшін, карта сайтын құратын автоматты құралдарды пайдалану керек, Және ол XML файл түрінде сақталады.
WYSIWYG Web Builder бағдарламасы сонымен қатар таблицаларды да оңай құра алады, бұл HTML тілін білетіндердің өзіне де қиынға түседі. Сіз жариялауға жібермей тұрып өзіңіз жасап жатырған жұмысыңызды броузерлердің көмегімен көре аласыз. Бағдарлама javascript – ті оңай қабылдайды, дайын саймандар қатарымен қалқымалы хабалар жасайды, сонымен қатар түрлі плеердегі видеоны қабылдайды, жалпы айтқанда мүмкіндіктері өте көп.

Сурет - 1. Wysiwyg Web Builder бағдарламасының ортасы
Менің жасаған жобам «Флеш – анимация» пәнінен сандық қор жасақтау. Мен электронды көмекші құралымды WYSIWYG Web Builder бағдарламасында жасадым. Бұл флеш – анимация пәні бойынша қазақ топтарына арналған электронды көмекші құралы.
Электронды көмекші құрал қазақ тобында оқитын студенттерге Macromedia Flash бағдарламасымен танысып, онымен жұмыс жасауды үйренуге мүмкіндік береді. Оның ішінде: Macromedia Flash бағдарламасы туралы, оның технологиясы, мәтіндермен, анимациялармен жұмыс туралы мағұлматтар берілген.
Теориялық мағұлматтар анимациялық формада берілген. Материалдарды мұндай жолмен ұсыну пайдаланушы интерфейсі бағдарламаларымен жұмыс істеуді толық түрде меңгертеді. Бұл әдіс пайдаланушының қызығушылығын тудырып, материалдарды жақсы игеруге мүмкіндік береді.
Электронды көмекші құрал сонымен қатар, пайдаланушыға практикалық жағынан да нұсқау береді. Берілген тақырыптарға байланысты практикалық жұмыстар қарастырылған.
Флеш – анимация пәнінен электронды көмекші құралы 8 модульден тұрады. Әр модуль өз ішінен тақырыпшаларға бөлінген. Және глоссарий батырмасында тақырыптарға байланысты сөздіктер қамтылған. Пайдаланушының білімін дамыту үшін практикалық тапсырмаларымен тест тапсырмалары да бар.
Жоба броузер бетінде ашылады. Бұл менің жобамның алғашқы беті. Бұл бетте Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледждің атауы мен эмблемасы орналасқан. Және де аңдатпа, пайдаланушыға нұсқау, авторлар, әдебиеттер батырмалары орналасқан.
Жобаның басты модульінде ең алдымен Ж.Досмұхамедов атындағы колледж атауы мен эмблемасы орналасқан. «Флеш – анимация» сөзі колледж атауының астыңғы бөлігінде орналасып, оған негізгі модульге өтетін сілтеме берілген. Сонымен қатар, аңдатпа, пайдаланушыға нұсқау, авторлар мен әдебиеттер бөлімі орналасқан. Әр сөзге атауына байланысты мәлімет беретін сілтеме берілген.

33845578105
Сурет - 5. Флеш-анимация пәнінен электронды оқу құралының бастапқы модульі