Borland Delphi программасында «Саясаттану ж?не ?леуметтану негіздері» п?нінен электронды? о?у ??ралын жаса?тау.


2 DELPHI БАҒДАРЛАМАСЫНДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУ ҚҰРАЛЫН ЖАСАУ
2.1 Delphi бағдарламалау ортасы
Delphi-де дайындалатын программа проект (жоба) деп аталады. Форма - программаны дайындау алдында ашылатын, программаның сұхбаттық терезесi. Delphi алғашқы рет iске қосылған кезде форма Form1 атауымен (тақырыбымен) көрiнедi (1.1-сурет). Оның жиектерiне тышқан көрсеткiшiн орналастырып, ол екi жақты нұсқама түрiне айналған кезде жылжыту және қалдыру тәсiлi бойынша форманы кеңейту не қысу қиын емес.
Құрылатын программада пайдалану үшiн формада түрлi компоненттер (форма компоненттерi) орнатылады. Негiзгi компоненттердiң кейбiрi Access берiлгендер қоры жүйесiнде пайдаланылатын элементтер панелiне енгiзiлген түймелер сияқты. Олар Delphi терезесiнiң компоненттер палитрасына орналастырылған.
Кей жағдайларда экранда форма көрiнбеуi мүмкiн. Оны экранға шығару үшiн View-Forms командасын беру жеткiлiктi.
Форманың және формаға енгiзiлетiн компоненттердің түрлi қасиеттерi бар. Қасиет (Сипаттама, параметр) - айнымалылардың ерекше түрi. Олар объектiнiң түрлi мүмкiндiктерiн сипаттап, ағымдық күйiн анықтайды. Мысалы, форма қасиеттерiнiң мәндерi - форма тақырыбының мәтiнi, өлшемi, экранда орналасуы, түсi т.б. Delphi iске қосылған кезде форма қасиеттерiне алғашқы сәйкес мәндер меншiктелiп қойылады.
Форманы не онда орнатылған компоненттi программа құру үшiн дайындау оның кейбiр қасиеттерiнiң мәндерiн өзгертуден басталады. Қасиеттер тiзiмi Объект инспекторы (Object Inspector) терезесiне енгiзiлген. Тiзiмдi инспектор терезесiне шығару үшiн сәйкес объектiнi (форманы не формада орнатылған форма компонентiн) бiр шерту арқылы таңдау керек. Инспектор терезесiнiң жоғарғы қатарына таңдалған объект атауы да жазылып қойылады. Мысалы, Delphi iске қосылған кезде форманың ашылған қасиеттер терезесi 1.суретте көрсетiлген. Терезенiң екi қосымша бетi бар: Properties (Қасиеттер) және Events (Оқиғалар). Терезе ашылғанда екi бағанға енгiзiлген жазулардан тұратын оның Properties бөлiмi ашылулы тұрады (1.1-сурет). Бiрiншi бағанда көрiнетiндер – қасиет атаулары, екiншi бағанға сәйкес жазылғандар – олардың мәндерi.
Форма қасиеттерi:
Name (Атау) – формаға берiлген атау. Ол Delphi объектiлерiнiң (компоненттердiң) негiзгi қасиеттерiнiң бiрi. Delphi-дiң жұмыс iстеуi кезiнде ол объектiнi осы атау бойынша ажыратып таниды. Delphi-дiң формаға автоматты түрде алғашқы рет меншiктеген атауын (Form1) өзгертiп, басқа атау беруге болады. Форманың iс-әрекетi атауынан белгiлi болуы үшiн атауды мазмұнға жақын етiп енгiзген жөн. Мысалы, форма квадрат теңдеудi шешуге пайдаланылатын болса, Form1 орнына KvTend атауын енгiзу. Ол үшiн қасиеттер терезесiнен Name атауын таңдап, жаңа атауды клавиатура арқылы терiп алса болғаны. Терiлген атау Name жолының оң қатарына жазылып қойылады.
Font (Шрифт) – формаға енгiзiлетiн мәтiн шрифтiн орнату қасиетi. Оны таңдап, оң жағында көрiнген көп нүкте ) түймесiн шерткен кезде сұхбаттық шрифт таңдау терезесi кө\рiнедi (1-сурет). Терезеден, әдеттегiдей, қажеттi шрифт типiн, өлшемiн таңдап (мысалы, Times Kaz, 10), ОК түймесiн шерту керек.

Сурет 1. Шрифт таңдау терезесi
Caption (Тақырып, бетiне жазу) – форма терезесiнiң тақырыбына енгiзiлетiн мәтiн. Алғашқы кезде қасиеттер терезесiнiң Caption қасиетiне тақырып үшiн Form1 сөзi енгiзiлiп қойылған.
Оны “Redactor” не басқа тақырыпқа алмастыру Name қасиетiне мән меншiктеу тәсiлi сияқты.
Color (Т?с) – форманың түсiн орнату қасиетi. Ол таңдалған кезде оң жағында тiлсызық түймесi көрiнедi. Тiлсызық түймесi – қасиет мәнiнiң бiрнеше екенiнiң белгiсi. Тiлсызық белгiсiн шерткен кезде мәндер (түстер) терезесi ашылады. Тiзiмде көрiнген қалаған түстi шерткен соң форма сәйкес түске боялып қойылады.
Width (Ен), Height (Биiктiк) – пиксель өлшем бiрлiгiмен берiлген форманың енi мен биiктiгiн орнату қасиеттерi (бұл мәндер форманы қолдан кеңейту не сығу кезiнде де автоматты түрде орнатылып қойылады).
Объект қасиетiн программа (программалық код) iшiнде орнату да мүмкiн. Мысалы, форма тақырыбы шрифтiнiң өлшемiн 14 ету үшiн программаға Form1.FontSize := 14 меншiктеу операторын енгiзуге болады.
Жалпы, бiр қасиет мәнiмен танысу үшiн оны қасиеттер терезесiнде таңдап, F1 клавишiн басу арқылы сәйкес анықтаманы шақыру керек.
Оқиғалар. Программалық код терезесi.
Windows-тағы сияқты Delphi-де программалар оқиғалар арқылы басқарылады. Мысалы, пайдаланушы программаны көру үшiн алдымен форматқа компонент орнатуы, форманы не формада орналастырылған компоненттi тышқан арқылы шертуi мүмкiн. Оның әр iс-әрекетi оқиға шақырады. Яғни, оқиға -программаның жұмыс iстеуi кезiнде объект жағдайының өзгеруi.
Delphi-де әр оқиғаға атау берiлiп қойылған. Мысалы, компоненттер палитрасының Button түймесi арқылы формада орнатылған Button1 компонентiн шерту Click (Шерту) оқиғасын шақырады.
Әр объектiге байланысты оқиғалар жеткiлiктi Мысалы, формаға байланысты оқиғалар саны – 35 (2-сурет). Олар қасиеттер терезесiнiң Events қосымша бетiне енгiзiлген. Терезеде оқиға атауларының алдына On префиксi (қосымшасы) тiркестiрiлiп жазылған. Ол - атаудың оқиға екендiгiн бiлдiретiн белгi.
1773555-23431500
Сурет 2. Форма оқиғалары
Delphi ортасында жиi кездесетiн оқиғалар:
OnClick – тышқан түймесiн бiр рет басу;
OnDblClick – тышқан тұймесiн екi рет басу;
OnKeyDown – клавиштi басу;
OnKeyUp – басылған клавиштi босату;
OnMouseDown – тышқан түймесiн басу;
OnMouseUp – тышқан түймесiн босату;
OnMouseMove – тышқан көрсеткiшiн жылжыту;
OnCreate – форманы екi рет шерту, т.б.
Delphi-де программа (проект) екi бөлiмнен тұрады: алғашқыда автоматты түрде project1 атауы берiлетiн проект файлы (негiзгi модуль) және unit1.pas атауы берiлетiн модуль. Олар жеке терезелерде орналастырылған. Модульге оқиғаларға сәйкес iс-әрекеттердi орындайтын программа мәтiнi (процедуралар) енгiзiледi. Программа мәтiнiн программалық код деп, терезенi программалық код терезесi не қысқаша редактор терезесi деп те атайды. Терезе белсендiрулi түрде ашылады да, онда процедура дайындамасы (үлгiсi) көрiнедi. Оның тақырыбы нүкте арқылы бөлiнген класс және процедура атауларынан тұрады (1.5-сурет), т.б.
Жалпы, формадан код терезесiне өту және код терезесiнен формаға өту үшiн F12 клавишiн басу жеткiлiктi. 1.5-суретте көрiнiп тұрғаны – код терезесiне енгiзiлген процедура дайындамасы. Оқиғаға байланысты құрылатын процедура оқиғаны өңдеуiш не оқиғаны өңдеу процедурасы делiнедi. Процедура дайындамасының жазылу түрi:
Procedure <атау> (Sender : TObject);
сипаттау бөлiмi
begin
процедура денесi
end;
мұндағы Sender параметрi құрылатын процедураның қай класқа тиiстiлiгiн анықтайды.
Терезенiң сол бөлiгiндегi - браузер терезесi. Онда код терезесiнде барлық жарияланулардың құрылымын көрiп шығуға болады.
130302013843000
Сурет 3.Редактор терезесi. Онда көрiнген процедура дайындамасы
Кез келген программа program сөзiнен басталатын проект файлы мен бiр не бiрнеше модульдерден тұрады да, қолдан құрылатын программа модуль iшiне енгiзiледi. Проект файлы dpr, модуль pas кеңейтiлуi бойынша сақталады. Проект файлын негiзгi модуль деп атайды. Негiзгi модульдiң мазмұны проектiнiң жалпы сипаттамасынан тұрады. Delphi iске қосылған кезде оны ол автоматты түрде дайындап шығады. Негiзгi модульге ерекше жағдайлардан басқа кездерде қосымша нұсқаулар енгiзудiң қажетi жоқ