Та?ырыбы: Белгілерді? Г.И Мендель аш?ан т??ым ?уалау за?дылы?тары (10 класс)


Сабақтың тақырыбы:Генетиканың даму тарихы.
Сабақтың мақсаты:
БІЛІМДІЛІК: Оқушыларды генетика ғылымының даму тарихымен түсіндіре отырып,
Г. Мендельдің еңбектерімен таныстыру.
ДАМЫТУШЫЛЫҚ: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізуге қабілеттерін арттыру.
ТӘРБИЕЛІК: Жан-жақтылыққа,ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Сабақтың әдісі: Топқа бөлу.Кубизм әдісі.Топтастыру.Сәйкестендіру тесті.
Сабақтың түрі: Семинар сабақ
Уақыты Сабақты ұйымдастыру Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс әрекеті
3-4мин Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу,оқушыларды түгендеу.Оқушыларды топқа бөлу.I II III топтар бойынша.
Оқушылар сандар бойынша топқа бөлініп,орындарына барып отырады.
5мин Үй тапсырмасын сұрау. Ұяшықтар бойынша
1 ұяшық.Онтогенез.
2 ұяшық.Органогенез.
3ұяшық.Эмбриондық даму.
4ұяшық.Постэмбриондық даму.
5ұяшық.Бейімделушілік.
6ұяшық.Қартаю және өлу.
Әрбір топ ұяшықтарды таңдайды да шыққан сұрақтарға жауап береді.
7 мин Жаңа тақырыпты ашу. Қанеки оқушылар тұқым қуалаушылықты зерттейтін қандай ғылым?Олай болса бүгінгі сабақтың тақырыбы:Генетиканың даму тарихы.Интербелсенді тақтадан бейне жазба көрсете отырып,жаңа тақырыпты ашу.
Оқушылар тақтадан генетиканың даму тарихы туралы жазбаны көре отырып,түсініктерін айтады.
6 мин Ой толғау Оқушыларға сұрақ беру.5 мин эссе.
1.Генетиканың пайда болуы.
2.Асбұршақ ерекшеліктері.
3.Г Мендельдің тәжірибелері.
Оқушылар тақырыпты қорғайды,өз түсініктерін айтады.Бірін-бірі толықтырады.
3 мин Сергіту сәті. Тақтадан сергіту сәтіне музыка жіберіледі.
Оқушылар бойларын сергітеді.Қимыл қозғалысқа келеді.
4 мин Топтастыру Генетикаға үлесін қосқан ғалымдар.

Оқушылар интер белсенді тақтадан ғалымдардың атын жазып шығады.
5 мин Сәйкестендіру. Оқушыларға сәйкестігін табу
үшін сұрақтар жазылған парақшалар таратылады.

1 Сыртқы және ішкі белгілердің жиынтығы Асбұршақ
2 Генетиканың негізін салушы Генетика
3 Белгілердің тұқым қуалау заңдылығын зерттейтін ғылым Г Мендель
4 Өздігінен тқзаңдалатын өсімдік Фенотип
5 Ата-аналардан алынатын гендердің толық жиынтығы Асбұршақ
6 Қарама-қарсы белгілерді анықтайтын гендердің атауы 3
7 Мендельдің неше заңы бар Аллельді
Оқушылар парақшадағы сұрақтарға сәйкестігінше жауаптарын тауып,жазады да түсіндіріп айтады.
4 мин Ойлан тап Генетиканың даму тарихы неше кезеңге бөлінеді ?
Генетика ғылымының дамуы 3 кезеңнен тұрады:І кезең – пайда болуы: 1900 – 1910 жылға дейінІІ кезең – қалыптасу: 1911 – 1953 жылға дейінІІІ кезең – молекулалық генетиканың пайда болуы: 1953 жылдан қазірге дейін
Оқушылар қойылған сұрақтар бойынша жауап іздейді.Түсіндіреді.
Оқушылар сұрақтың жауаптарын тауып ауызша айтады.
2 мин Бағалау Таратылып берілген бағалау бетшелері жиналып алынады.
Әділ баға
Талай шәкірт әділдіктің ақ туын,
Аңсағаны бүгінгі күн белгілі.
Әділ баға арманына жеткізіп
Шексіз күліп шәкірттерім жүр бүгін.
Әділдікті ата-бабам аңсаған,
Мен де осы туралыққа жол салам.
Шын қойылса баға,шығар атымыз
Өз ісінің шебері боп әр маман.
Әділ баға шәкірттердің сенімі,
Болашағы шындықтың дәл негізі.
Әділдіктен,тазалықтан нәр алса
Сонда болмақ тамырдың да берігі.
Білім болса елімнің зор ертеңі,
Нағыз білім,осы болар көркемі.
Әжем айтқан қиялменен ұштасқан
Шындыққа әлі айналады ертегі.
Әрбір топ өздерінің бір-бірін қалай бағалағандарын айтып түсіндіреді.
4 мин Бекіту. Ақылдың 6 қалпағы әдісі бойынша жаңа сабақты бекіту. «Алты ойшыл қалпақ» әдісі
Балалардың ойлау қабілетін дамытуда алты ойшыл қалпақ әдісін кең пайдаланады. Оның авторы американдық профессор Эдвард де Боно. Осы әдісті пайдалану кезінде мына жайттар болуы тиіс. Әркім ойлану керек және ойларын айтады;ойлау дағдысының дамуының бірі;
Тым күрделі жағдайларды қарапайым жағдайлармен алмастыру керек;
Жоспарлы және сатылы әрекет болу керек;
Затты зерттеу қажет және сөз таластырмау керек;
Менің пікірім әрқашан дұрыс демей, керісінше пайдалы ұсыныстар жасау керек. Басты міндет оны көре білу;
Біз көрмей тұрған, бірақ көруге міндетті ететін шешімдер мен идеялар болуы керек. 6 оқушыны ортаға шығарып жаңа сабақтың мазмұнын қорытындылайды.
Екі жұлдыз,бір тілек әдісі .
6 оқушыны ортаға шығарып жаңа сабақтың мазмұнын қорытындылайды.
Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін бетшеге жазып береді.
1мин Үй жұмысы. Генетиканың даму тарихы.
Оқушылар ізденіс жұмыстарын жүргізеді.

Критериалды бағалау
Топ атауы------------------------------------------------------------------------------------------------------
№ Оқушының аты-жөні Үй тапсырмасы Жаңа сабақ Ой толғау Топтастыру Сәйкестендіру Ойлан тап
6 тапсырмаға – «5»
5 тапсырмаға- «4»
1-4 тапсырмаға – «3»
мүлдем қатыспаған оқушыға – «2»
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Критериалды бағалау
Топ атауы------------------------------------------------------------------------------------------------------
№ Оқушының аты-жөні Үй тапсырмасы Жаңа сабақ Ой толғау Топтастыру Сәйкестендіру Ойлан тап
6 тапсырмаға – «5»
5 тапсырмаға- «4»
1-4 тапсырмаға – «3»
мүлдем қатыспаған оқушыға – «2»
Өзін-өзі бағалау парағы
Оқушының аты-жөні:_________________________________________________________
Сабақта мен ____________жұмыс жасадым
Белсенді ____ Белсенді емес _____
Мен сабақта өз жұмысыма _____________
Қанағаттанамын___ Қанағаттанбаймын___
Сабақ барысында мен__________________ Шаршадым____ Шаршамадым_____
Сабақта менің көңіл күйім______________ Көтеріңкі болды____ Түсіңкі болды____
Сабақ мен үшін_______________________ Ұзақ болды____ Қысқа болды____
Сабақтағы есептер мен үшін____________ Ауыр болды____ Жеңіл болды____
Түсінікті болды____ Түсініксіз болды____
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Өзін-өзі бағалау парағы
Оқушының аты-жөні:_________________________________________________________
Сабақта мен ____________жұмыс жасадым
Белсенді ____ Белсенді емес _____
Мен сабақта өз жұмысыма _____________
Қанағаттанамын___ Қанағаттанбаймын___
Сабақ барысында мен__________________ Шаршадым____ Шаршамадым_____
Сабақта менің көңіл күйім______________ Көтеріңкі болды____ Түсіңкі болды____
Сабақ мен үшін_______________________ Ұзақ болды____ Қысқа болды____
Сабақтағы есептер мен үшін____________ Ауыр болды____ Жеңіл болды____
Түсінікті болды____ Түсініксіз болды____
1 .Тектіден текті туар .........            (сараланып.)
Теріңді өзгерте алсаң да ......      (тегіңді өзгерте алмайсың.)
Аяғын көріп, асын іш ............     ( Анасын көріп, қызын ал)
Жеті атасын білген ер...........       ( Жеті жұрттың қамын жер)
     Жеті атасын білмеген .........         (құлағы мен жағын жер)
     5.Жұртыңды ауыстыра алсаң да ......   (ұлтыңды ауыстыра алмайсың)
         Салтыңды ауыстыра алсаң да .......    (халқыңды ауыстыра алмайсың)
   6.Алып анадан туады .........                    (арғымақ биеден туады)
   7.Аурудың емін іздегенше, ........            (ауырмаудың жолын ізде)
   8.Жақсы перзент сүйеніш .........             (жаман перзент күйініш)    
1 ұяшық.Онтогенез.
2 ұяшық.Органогенез.
3 ұяшық.Эмбриондық даму.
4 ұяшық.Постэмбриондық даму.
5 ұяшық.Бейімделушілік.
6 ұяшық.Қартаю және өлу
Сәйкестендіру .

1 Сыртқы және ішкі белгілердің жиынтығы
Асбұршақ
2 Генетиканың негізін салушы
Генетика
3 Белгілердің тұқым қуалау заңдылығын зерттейтін ғылым Г Мендель
4 Өздігінен тқзаңдалатын өсімдік
Фенотип
5 Ата-аналардан алынатын гендердің толық жиынтығы
Асбұршақ
6 Қарама-қарсы белгілерді анықтайтын гендердің атауы
3
7 Мендельдің неше заңы бар
Аллельді

Сәйкестендіру .

1 Сыртқы және ішкі белгілердің жиынтығы
Асбұршақ
2 Генетиканың негізін салушы
Генетика
3 Белгілердің тұқым қуалау заңдылығын зерттейтін ғылым Г Мендель
4 Өздігінен тқзаңдалатын өсімдік
Фенотип
5 Ата-аналардан алынатын гендердің толық жиынтығы
Асбұршақ
6 Қарама-қарсы белгілерді анықтайтын гендердің атауы
3
7 Мендельдің неше заңы бар
Аллельді