Урок по математике на тему Разрядты? ?осыл?аштар?а жіктеу ар?ылы екі та?балы санды бір та?балы сан?а к?бейту. (3 класс)


Сабақтың тақырыбы: Разрядтық қосылғаштарға жіктеу арқылы екі
таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту.
Сабақтың мақсаты: Екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту
біліктілігін қалыптастыру.Оқушылардың ауызша
есептеу дағдыларын жетілдіру. Зейінін, ақыл –ой
белсенділігін, логикалық білім дағдыларын,
танымдық қабілеттерін дамыту.
Оқушыларды сабаққа белсенділікке, тапқырлыққа,
өз бетінше жұмыс істеуге, өзін – өзі бағалай
білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: бауырсақ ертегісі нің желісі бойынша саяхат сабақ
Әдіс- тәсілдері: сұрақ жауап, ойын, талдау.
Көрнекілігі: «Бауырсақ» ертегісіндегі кейіпкерлер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
-Сәлеметсіздер ме,оқушылар?
-Сәлеметсіз бе!
-Ал, балалар ,орнымызға отырайық.Сабағымызды бастайық.
-Бүгінгі біздің сабағымыз саяхат сабақ ретінде өткелі отыр.-бәріміз бауырсақ ертегісінің білеміз бе?

-Иә.-Жақсы, олай болса, біз бауырсаққа көмектесейік.Ол үшін бізге кездескен жануарлардың тапсырмаларын орындаумыз қажет.
-Саяхатқа аттануға дайынбыз ба?
-Иә,иә....
-Қане ,онда ең бірінші қай аң кездеседі ?
-Қоян
-Жарайсындар , ендеше қоянның тапсырмасын орындайық.
ІІ. Үй тапсырмасы
Қоянның тапсырмасы.
-3810-127000
№6. Бүркітші күніне 36минуттан 4 күн бойы қоянды аңдыды. Ал 5 күн бойы жарты сағаттан қасқырдың ізімен жүріп отырды. Бүркітші қанша уақытын аңдумен өткізді?
№7. Аңшылар бірінші тобы 3 күнде 27 аңды аулады .Ал екінші тобы бірінші күнге қарағанда осынша күн ішінде күн сайын екі есе артық аң аулады. Аңшылардың екінші тобы үш күнде қанша аң аулады?
Шешуі:27:3=9 9•2=18 18•3=64
Жауабы :64 аң ауладыІІІ.Жаңа сабақ
Түлкінің тапсырмасы.
№1.
Әрбір санды 4есе арттыр:7, 9, 8, 12, 16, 11.
7•4=28
9•4=36
8•4=32
16•4=64
11•4=44
Әрбір санды 3есе кеміт;12, 9, 27, 90, 300, 150.
12:3=4
9:3=3
27:3=9
300:3=100
90:3=30
150:3=50
Түлкінің екінші тапсырмасы «Балық аулау» ойыны
№2.есепте
14•8=112
13•6=78
12•8=96
17•5=138
15•6=90
16•4=64
18•4=72
19•9=171
Аюдың тапсырмасы.

№3. Бос орындарға тиісті амал таңбаларын қой:
15-5•2=6
15:15•15=15
20:2•10=100
24:4•3=18
16:2:2=4
№4. Өрнектердің мәнін тап :
60•5+420:7=360
7•70+4•70=770
(46+54):(72-22)=2
(0+8)•(56:7)=64
60:10+9•6=60
(56-46)•(20•3)=600
ІҮ. Сергіту сәті

Қасқырдың тапсырмасы.
№5. Жүгіруден жарысқа 63 адам қатысты, ұзындыққа секірушілер олардан 7 есе кем ал диск лақтырушылар ұзындыққа секірушілерге қарағанда 12 есе көп.Жарысқа барлығы неше адам қатысты?
Шешуі: 63:7=9 ,9•12=108, 108+9+63=180
Жауабы :180 адам қатысты
Ү. Сабақты бекіту

Бауырсақтың тапсырмасы
№6. Жастар волейбол тобының жан күйерлері 18 адамнан 6 қатарда , ал Тұлпар тобының жанкүйерлері 16 адамнан 7қатарда отырды. Қай топтың жанкүйерлері артық және қанша артық?
Шешуі: 18•6=108, 16•7=112, 112-108=4
Жауабы: 4 адам артық Тұлпар тобында
№7.
Спорт құралдары
Бағасы Саны Құны
Доп таяқ 450тг 2 ? Бірдей
Футбол добы ? 3 ? Спорт құралдары
Бағасы Саны Құны
Доп таяқ 450тг 2 900 Бірдей
Футбол добы 300тг 3 900 ҮІ.Сабақты қорытындылау-Балалар бүгінгі сабақ қызық болды ма ?-Иә….-Бауырсақ сендерге алғысын айтып жатыр .
(Оқушыларға бауырсақтың суретін таратып беру).
ҮІІ. Үйге тапсырма .№8
1.Суға секіру мұнарасының биіктігі 8 м. Ол хауыз ғимараты биіктігінің он бестен бір бөлігіндей болады. Хауыз ғимаратының биіктігі неше метр?
Шешуі : 15•8=120м
Жауабы :120 м
2. Тік төртбұрышты хауыздың ұзындығы 16м, ені одан 4 есе кем. Хауыздың периметрін тап.
Шешуі : 16:4=4
Р=16+4+16+4=40см
№9
8дм 3см-4дм 9см=3дм 4см
5дм 5см+1дм 8см=7дм 3см
6м 5дм+3м 6дм=10м 1дм
7м 4дм-4м 7дм=2м 7 дм
ҮІІІ.Бағалау