Ашы? саба? Математика Саба?ты? та?ырыбы: К?п та?балы санды бір та?балы сан?а, ауызша к?бейту ж?не б?лу т?сілдері (4 cынып)


Әбіл Нүсіпбаев атындағы № 14 орта мектеп
Ашық сабақ
Математика
Сабақтың тақырыбы: Көп таңбалы санды бір таңбалы санға, ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
4 А сынып жетекшісі: Г.О. Аришева
2015 – 2016 оқу жылы
Математика
Тақырыбы: Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Мақсаты: Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдерін жаңа технологияның элементтерін тиімді пайдалана отырып деңгейлік тапсырма беру барысында оқушыларға тақырыпты ұғындыру; логикалық ойлау қабілеттерін дамыту; жылдамдыққа,тапқырлыққа тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, бейнелеу, өзін – өзі тану, дене тәрбиесі.
Көрнекілігі: қосымша тапсырмалар жазылған үлестірме кестелер, интерактивті тақта.
Сабақтың типі: саяхат
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өздік, есептеу, ойын.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) сәлемдесу ә) оқушы зей.сабаққа аудару
Мұғалім: сабағымызды бастамас бұрын топқа бөлінейік
І топ «Ойшылдар» тапсырма: Сергіту сәтіне 1шумақ өлең құрастыру
ІІ топ «Тапқырлар» тапсырма: «Дүкенші мен сатушы» ойын құрастыру
ІІІ топ «Алғырлар» тапсырма: «Көңілді қорыту,қоштасу» өлең құрастыру
ІІ. Қайталау сұрақтары:
1.Ұзындық бірліктерін ата.
2.Масса бірліктеріне нелер жатады?
Уақыт бірліктеріне ше?
Аудан бірліктері ?
Көлем бірліктері ?
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 9.
І топ а), ІІ топ ә), ІІІ топ б). дәптерлерінен оқыту.
ІҮ. Сергіту сәті. І топ «Ойшылдар »
Сабақ та басталды,
Басылды дабырлық.
Қосамын да азайтам,
Бөлемін де көбейтем.
Математиканы білем,
Сондықтан оны сүйем.
Ү. Жаңа сабақ: а) Кіріспе: мұғалім сабақ тақырыбы мен мақсатын х-у.
Ғажайып құпиясы
Білімнің патшасы
Ма –те –ма –ти –ка –ға
Бас иеміз!
Көп таңбалы санды, бір таңбалы санға
Көбейтеміз, бөлеміз.
ә) Оқулықпен жұмыс. № 1 тапсырма ауызша орындау оқушылар әр бағанны және әр қатардың мысалдарын бір – бірімен салыстырады,байқағандарын ай- тады.
І – топ «Ойшылдар» № 1
ІІ – топ «Тапқырлар» № 2
ІІІ – топ «Алғырлар» № 3
б) Тақтамен жұмыс.
1. № 4 тура теңдік шығатындай етіп, тиісті санды таңдап қой:
І – топ Ойшылдар ІІ – топ Тапқырлар ІІІ – топ Алғырлар
а) 460 ∙10 = 4 600 ә) 49∙1000 = 49 000 б) 49 м = 49 000 мм
9080:10 = 908 1т = 49 000 кг 49 км = 49 000 м
460 м = 4 600 дм 49 000 :1 000 = 49 49 000 мм = 49 м
ц = 908 т 49 000 кг = 49 т 49 000 м = 49 км
2.№ 5. Есепті шығар.
Мотоцикл 20 км жолға 1 л бензин жұмсаса, 80 км жолға қанша бензин жұмсайды?
№ 6. Есепті шығар.
Жеңіл машина 100 км жолға 8 л бензин жұмсаса, 800 км жолға қанша бензин жұмсайды?
в) Үлестірме қағаз үлгілері.
7800 . 2 =15600 5000 . 3 = 15000 60 000 . 4 = 240 000
8400 . 5 = 42000 17 000 . 2 = 34 000 25 000 . 3 = 75 000
106 000 . 4 = 424 000  184 000 . 5 = 920 000
ҮІ . Ойын: « Дүкенші мен сатушы » ІІ топ «Тапқырлар»
г) Тақтамен жұмыс. Теңдеулерді шеш:
х = 2 731 х = 880 х = 10 780
х = 3 х = 400 х = 20
ҮІІ. Қорыту. Тест тапсырмаларын беру арқылы ой қорытамыз.

ІІІ топ «Алғырлар» тобы қорытындыға қандай өлең шумақ шығарғанын тамашалау
Көбейту мен бөлудің,
Тәсілін біз үйрендік !
Математика әлемінен,
Көп ғажайып, таң тамаша
Амалдарды біз білдік !
ҮІІІ. Бағалау . Үйге тапсырма 73 бет, №9 Амалдарды орындау тәртібін түсіндіру
Назарларыңызға рахмет !